Әбіш Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
«Өткен күндердің ащы шындығын көрсету арқылы келешекке де жарық сәуле түсіруге болады. Оның тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының өзекті ойы, біздіңше, осындай» Герольд Бельгер.
Әбіш Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қарауға болады [7].
Бірінші, әдеби-көркем шығармаларындағы тарихи тұлғалар (Сүйінғара, Бекет Ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан т.б).
Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан..
Ә.Кекілбаев шығармаларын мұқият оқыған зерделі оқушы осы айтылған тарихи жайттар турасында толғанбай қалмайды.
Ұлы тұлғалар ішінде А.Македонский, Ю.Цезарь, берідегі Наполеон мен Гитлерді мысалға алсақ, олардың да туған халқын аспанға шығарған ештеңесі жоқ, керісінше: дүние жүзін бағындырамын деген Македонский Грекияны әлсіретті.
Соңынан бұл ел Римге бағынышты болды. Цезарьдің шектен тыс билік құмарлығынан Римде бес ғасыр өмір сүрген республикалық басқару жүйесі жойылып, императорлық, яғни бір адам билеп-төстейтін басқару жүйесі дүниеге келді. Осыны пайдаланып, Израильден шыққан ағайындар христиан дінін дүниеге әкеліп, сол арқылы Римді құлатып қана қойған жоқ, бүкіл Еуропа халқын құлдыққа салды.
Әбіш жазған Шыңғыс пен Ақсақ Темір – қанша ұлы жаулаушы, қанша асқақ билеуші болса да, өлімнен қашып құтылмайтын жұмыр басты пенде. Осы екі тарихи тұлға туралы талай ғұламалар жазды. Бірақ Әбекең олар туралы халық аңыздарына сүйеніп жазған екен.
Ұлы әміршілердің құдіреті мен дәрменсіздігін ірі суреткер Ә.Кекілбаев кең көлемде, жан-жақты көрсетеді. Дәрменсіздіктің басы жұмыр пенденің бәріне ортақ екенін жеткізеді. Дәрменсіздік, әлжуаздық латын тілінде vulnerable, орыс тілінде уязвимый, әсіресе, ұлы әміршілерге тән қасиет немесе ауру екенін автор көркем тілмен баяндаған.
Сансыз адамның қанын төккен ұлы әміршінің жан азабын суреттеумен «Аңыздың ақыры» романы аяқталады. Әбіш бейнесін сомдаған тарихи тұлғалар ішінде Әбілқайыр хан туралы жазбалардың ерекше құнды екенін айтқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |