3.«Жас қыран» тобы, Искаковтар отбасы (Жастілек)
4«Тұлпар» тобы, Егіниязовтар отбасы (Аружан)
5.«Барыс» тобы, Жакыпбаевтар отбасы (Расул)
6.«Достық» тобы, Әміровтар отбасы (Жанайым)
7. «Барыс» тобы, Сарсенбаевтар отбасы (Амина)
A
Ал, құрметті халайық!
Жарысты енді көріңдер.
Әділ қазы алқасы,
Әділ баға беріңдер!
Сайысты бастамас бұрын, сайысымызды бағалап, төрелік айтар әділқазылар алқасымен таныстырып өтейік.
1.Мектебіміздің директоры: Нүсіпбаева Гүлайым Омарқызы
2.Директордың орынбасары, тәрбие ісінің меңгерушісі: Иісова Қарлыға Қажыкенқызы
3. Ата-аналар:
Сайысымызды бастамас бұрын денемізді қыздырып, жарысқа дайындаймыз. Барлығымыз қосылып би билеймиз. Флэш моб.
Өте жақсы!
Сайыстың бағдарламасы 6 бөлімнен тұрады:
1-бөлім: «Менің отбасым». Таныстыру
2-бөлім: «Доппен секірмек»
3-бөлім: «Эстафета»
4-бөлім: «Шығыршыққа допты тигізу»
5-бөлім: «Арба»
6-бөлім: «Айналмалы такси»
Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт — сапар!
Сайысқа қатысушыларға көтеріңкі көңіл – күй, батылдық, жеңіс тілей отырып, сайысымызды бастаймыз.
І. «Менің отбасым». Таныстыру.
Өнер қуып отбасы өтер дейміз,
Бір басына өнері жетер дейміз.
Сайысқа келген топтар кезектесіп.
Таныстырып өздерін кетер дейміз.
Әр отбасы өз тобының атын, ұранын, төсбелгісін таныстырып өту.
ІІ. «Доппен секірмек»
Шарты: Екі аяқтарының арасымен допты қысып алып кедергілерді аралап құлатпай, мәреге жетуі тиіс.
ІІІ. «Эстафета»
Шарты: Әр топ қолдарына берілген жалауды бір-біріне кезекпен беріп мәре сызығына жету.
ІҮ. «Шығыршыққа допты тигізу»
Шарты: Допты жерге тигізе отырып кедергілерді аралап құлатпай, шелекке допты тигізу, шелектен допты қайта алып мәреге жетуі тиіс.
Сәт сапар!
Жақсы! Керемет!
Достарыңызбен бөлісу: |