3.5 Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК)
Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ) - (ағылш. The Organisation of the Petroleum Exporting Countries, OPEC) - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі.
Мұнай шығарушы елдердің мұнайды сыртқа шығару саласындағы саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 ж.
Венесуэланың бастамасымен жүзеге асты. Өзара ықпалдасу және пікір алмасу барысында 1960 ж. қыркүйекте Бағдаттағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, ол конференцияға Венесуэла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы (осы мемлекеттер ұйымның негізін қалады) елдерінің өкілдері қатысты.
МЭЕҰ штаб- пәтері
Бүгінгі таңда жоғарыда аталған елдерден өзге мына елдер МЭЕҰ-ның толыққанды мүшелері болып табылады: Алжир, Индонезия, Катар, Ливия, Нигерия және Біріккен Араб Эмираттары, Ангола мен Эквадор 1973-1992 жж. аралығында, Габон - 1975-1995 жж. аралығында МЭЕҰ-ның мүшесі болды. Ұйымға мұнай және мұнай өнімдерін экспорттаушы кез келген мемлекет, егер оның өтініші ұйымның өзге мүшелерінің төрттен үшінің қолдауына ие болып, негізін қалаушы елдер наразы болмаған жағдайда мүше бола алады. МЭЕҰ-ның штаб-пәтері бастапқыда Женевада (Швейцария), ал 1965 жылдан Венада (Австрия) орналасқан.
Қорытынды
Екінші дүние жүзілік соғыс әлемдегі халықаралық қатынастардағы қалыптасқан жағдайды түбірімен өзгертті. АҚШ пен Кеңестер Одағының жетекшілігіндегі екі, әскери-саяси блоктың НАТО мен Варшава пактсының қарама-қайшылығы халықаралық қатынастарда екі жүйені қалыптастырды. Екі блоктың арасындағы қайшылық барлық салаларды қамтып жатты. Кеңестер Одағы мен АҚШ-тың арасындағы қайшылық яғни «Қырғи қабақ соғыс» екі супер державаның идеологиялық күресі мен геосаяси қарама-қарсылығында көрініс алды.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Скопин Ю.А. Введение в экономическую географию. М.: Гуманит. изд. центр ВЛАДОС, 2001. — 272 с. — ISBN 5-691-00663-0
Смирнов Е.Н., Смагулова С.М. Введение в курс мировой экономики. Экономическая география зарубежных стран. Москва, 2015
БаймырзаевК.М., Калиаскарова З.К., НюсуповаГ.Н., ФурсинаГ.А. Введение в экономическую, социальную и политическую географию. Алматы, 2001
Достарыңызбен бөлісу: |