Экономикалық теорияның жалпы әдістеріне мыналар жатады: - 1. Ғылыми абстракция – бұл зерттеліп отырған құбылыстар-дың ең маңызды жақтарына және қасиеттеріне көңіл бөлу.
- 2. Анализ – бұл зерттеліп отырған объектіні жекелеген бөлік-терге бөліп талдап көрсету.
- 3. Синтез – бұл зерттеліп отырған объектінің жекелеген элементтерін біртұтас жүйеге біріктіріп көрсету. 4
- . Индукция – бұл жекелеген құбылыстар мен деректерден жалпы қорытынды шығару.
- 5. Дедукция – бұл жалпыдан жекеге қарай өту.
- 6. Эксперимент – бұл сараптама жүргізу.
- 7. Гипотеза – бұл алдағы уақытқа ғылыми болжам жасай алу.
- 8. Аналогия – бұл экономикалық құбылыстарды басқа экономи-калық емес мысалдар арқылы түсіндіру және ұқсату.
- 9. «Әртүрлі тең жағдайларда» әдісі – бұл қандай да бір құбылысқа бір фактор әсер еткенде басқа факторларды тұрақты деп қарастыру
Қорытынды - Экономикалық ғылым адамдар қажетін өтеу жолдарының заңдылықтарын зерттейді.Осы ғылымның объективті заңдары еңбекшілердің, бүкіл халықтың мүдделеріне қызмет ететіні белгілі. Экономикалық ілім қоғамдық өндірісті , адамдар арасында әлеуметтікэкономикалық қатынастарды зерттейтіндіктен ол қоғамдағы барлық өмірге, күнделікті тұрмысқа, адамдардың еңбек ету жағдайына байланысты сан алуан мәселелерге көңіл аударуға тиіс.Ал қоғамдық қатынастардың негізіөндірістік қатынастар.Оның құрамына жалпы алғанда тікелей өндіріс,айырбас,бөлу,тұтыну қатынастары кіреді,оларды қайталап үздіксіз өндіру немесе ұдайы өндіріс қатынастарын дамытып, жетілдіру аса маңызды.Қазіргі кезеңде ерекше шешімін күтіп отырған мәселе 70 жылдан аса тарихы орын алған кеңестік экономикаға саяси экономикалық талдау жасау , сол арқылы бұрынғы және қазіргі рыноктық бағыт ұстап отырған елдердегі әлеуметтік-экономикалық қатынастарды зерттеу
Достарыңызбен бөлісу: |