Эхокардиография - жүректің қозғалысын, құрылымын және құрылысын
ультрадыбыстың шағылуы арқылы оқып үйрену әдісі. Тіркеу нәтижесінде алынған
кескін жүректің эхокардиография деп аталады. Ең алғаш ЭкоКГ 1954 ж швед
ғалымдары Эдлер және Херцпен тіркеген. Әдістің физикалық принципі ультрадыбысты
толқындардың ұлпаға еніп, тығыз орта шекарасында эхосигналдардың шағылуына
негізделген. Ультрадыбысты толқындардың жиіліктері пъезодатчиктер көмегімен
өңделіп,
жүректің маңайында
орналастырылады да, жүректің құрылымынан шағылған
эхосигналдар датчик көмегімен электрондық импульстерге айналып видеомонитор
экранында сарапталып, тіркеледі. Эхокардиографияда қолданылатын ультрадыбыстың
толқындарының жиілігі 2-5МГц, ұзындығы 0,7-1,4мм, 20-25 см тереңдікке дейін өтеді.
Датчик импульстік режимде: 0,1% уақытта таратушы, ал 99,9 % уақытта қабылдаушы
ретінде жұмыс істейді. Ультрадыбыс (2,25 МГц) үлкен жылдамдықпен ағзаға зиянсыз
өтеді де, әртүрлі құрылымдардан өтіп шағылады. Осы ультрадыбыстар осциллограф
экранында тіркеледі, төрт нұсқамен анықталады ( М- сканирлеу, В- сканирлеу, V-
сканирлеу, доплер кардиографиясы).
|