Ғаламтор және денсаулық.
Қазір ғаламтор желісін пайдаланбайтын бала кемде-кем шығар. Әсіресе жаз мезгілінде, демалыс уақытында балалардың дені ғаламдық торды жан серігіне айналдырып алатыны шындық. Одан балаларды қорғау жолын да дұрыс қарастырмайды.
Ал ғаламтордан қорғалмаған бала түрлі психологиялық ауруларға душар болуда.
Бұрын жаз мезгілі бола қалса балалардың барлығы азаннан қара кешке дейін үй көрмей далада ойнап жүруші еді.
Ғаламтордан түрлі ойындар ойнап, түрлі әуен тыңдап, бейнежазба көруге құмартып алған олар тіпті компьютердің жанынан шықпайтын болды. Бүлдіршіндерді компьютерсіз көзге елестету де қиын болып бара жатқан сияқты.
Күндіз үй көрмей, түнде ұйқы көрмей жұмыс істейтін ата-аналар үшін де компьютер балаларын алдарқайтын жақсы құралға айналды. Конференцияға қатысқан мамандардың сөзіне қарағанда, осы ғаламтор желісінің балалардың психологиясына қаншалықты зиянын тигізіп жатқанын көп ата-ана біле бермейді. Білсе де, одан балаларын қорғаудың жолдарын
меңгермеген. Ал мұның салдары балалардың өскенде маскүнем, зинақор, жауыз болып өсуіне әкеліп соғады.
Ең алдымен, баланың көру қабілеті төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды.
Компьютер алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. Қозғалыссыз отыру, қолмен ғана бірыңғай жұмыс істеу, содан ағзаға салмақ түсуі баланың жүйке қызметін бұзып, мойнына тұз бен суықтың жиналуына (остеохондроз) әсер етеді.
Жамбас сүйектің үнемі қозғалыссыз қалуы қабынуы (простатит) мен тоқ ішектегі тамырдың кеңеюі (геморрой) ауруына ұшыратады.
Ми қызметіне де кері әсер етеді, ойлау қабілетінің төмендейді, көңіл бөлу мен есте сақтаудың кемиді, бас ауруы мен ұйқысыздық, көңіл күйдің құлазуы жиі байқалады.
Гормональдық тепе-теңдікті бұзады, иммунитетті нашарлайды.
Әр түрлі құмар ойындары, зиянды бағдарламалардың көптігі. Алаяқтар мен хакерлер жастарды ғаламторға тәуелді етіп, бұлыңғыр қарым-қатынас, жыныстық байланыс жасауға шақырып, виртуальды әлемге қызықтырып, ақыл-ойы әлі қалыптаспаған ұл-қыздарымызды еліктіріп, есінен айырады.
Достарыңызбен бөлісу: |