Ғаламтордың денсаулыққа зияны
Әрине, ғаламтордың пайдасы мол екендігі даусыз. Алайда оның зияны да аз емес. Ғаламтордың зиян жайлы сөз болғанды ең бірінші қозғалатын тақырып - ғаламторға тәуелділік. Ал бұл аңыздан алнған термин емес.
Ғаламтор қолданушыларының 10%-ы ғаламторға тәуелді екендігі ғылыммен дәлелденген. Тіпті, олардың бірқатары ғаламторды үй, тағам, су іспетті өмірлік маңызды дүние деп есептейді. Оңтүстік Корея, Қытай, және Тайваньда ғаламторға тәуелділікті ұлттық деңгейдегі мәселе ретінде қарастырады.
Десе де ғаламтордың зияны тек мұнымен шектелмейді. Компьютер мониторының алдында ұзақ уақыт отырудың өзі көзіміздің көруіне теріс ісер етсе, компьютер алдында дұрыс қалыпта отырмағанның салдарынан қимыл-тірек аппаратымызға зиян келеді.
Адам психикасына кері әсер ететін ақапараттарды да ғаламтордың зиянды жағына қоса аламыз. Ғаламтор арқылы алаяқтар жеке тұлға жайлы мәлімет алып, оны өз мақсатына қолдануы мүмкін. Сонымен қатар, әлемдік тор арқылы компьютер жүйесіне зақым келтіріп, зиянын тигізетін вирустар тарайды.
Әрине, ғаламтордың пайдасы мен зияны да жетерлік. Алайда оның пайдасы басымырақ. Ал егер әр әрекетіңізді ақылға сала отырып жасасаңыз, ғаламтордың зиянын көрмессіз деген пікірдеміз.
– Балаларды ғаламтордан қорғаудың түрлі жолдары бар.
Біріншіден, әр ата-ана баласына ғаламтор туралы толық мәлімет беруі тиіс. Оның пайдасымен қоса зияны туралы да айтуы керек. Балаларды ғаламтордан қорғайтын жалғыз періште – ата-ана. Қазір неше түрлі ақша табуға құралған сайттар бар.
Бірақ ата-аналар да, ұстаздар да, тіпті балалардың өздері де көп ескере бермейтін бір мәселе бар, ол – ғаламтордың қауіптілігі, ондағы кейбір дүниелердің адам психологиясына кері әсер етуі. Мәселен, қазіргі күні ата-аналардың көбі ғаламторда балаларды кішкене күнінен терроризм мен экстремизмге, зорлық-зомбылыққа тәрбиелейтін қара ниетті сайттардың бар екенін білмейді.
Балалар интернетті ақтарып отырып, оларға кіріп кетеді. Егер ата-аналары қадағаламаса, бұл оларға үлкен шығын алып келуі ғажап емес. Бұдан басқа интернеттегі бұзақылар, мәселен, хакерлер балаға шабуыл жасауы мүмкін.
Негізінен, қазір балалардың көбі кітаптан алшақтап барады. Менің оларға берер кеңесім: компьютермен қатар бір мезгіл кітап оқу да – пайдалы дүние.
Екіншісі – білім беру компанияларын дамыту. Яғни әрбір ата-ана, ұстаздар қауымы балаларға ғаламтордағы кейбір сайттардың зияндылығы туралы айтып отыруы керек.
Үшіншісі – жаңа технологияларды пайдалану. Қазір ғаламтордағы сайттарды реттеп, бақылап отыратын арнайы бағдарламалар бар. Сіз бағдарлама арқылы балаңыздың қандай сайттарға кіріп жүргенін біле аласыз.
Жалпы, ақпарат жүйелерінің дамуынан гөрі, оны қолданушылар санының жылдам артатыны белгілі. Мамандар соңғы жылдары Қазақстанда да ғаламторды серігіне айналдырып алғандар қатарының екі есеге көбейгенін айтады. Оның дені мектеп жасындағы балалар екен.
Ал, серігіп алсаңдар, тәрбие сағатымызды жалғастырайық. Екі топқа постер жасау тапсырмасы беріледі, жасап болғаннан кейін оны қорғаймыз.Қосымша суреттерде беремін соны постерлеріңізге қолдансаңыздар болады.
3. Постер қорғау
І топ. Ғаламтордың пайдасы.
ІІ топ. Ғаламтордың зияны.
Жарайсыңдар, ғаламтордың пайдасы мен зияны туралы көп мәлімет жинақтадыңдар деп ойлаймын. Енді сіздерге сұрақ:
1. Өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқай аласың ба?
2. Қандай белгілер арқылы байқар едің?
Компьютерге тәуелді болу белгілері:
1. Тамақты, шайды компьютер алдында ішесің.
2. Сабақты компьютердің алдында орындайсың.
3. Компьютердің алдында түнімен отырасың.
4. Сабаққа бармай компьютермен ойнағың кеп тұрады.
5. Үйге келген бойдан компьютердің алдына отырасың.
6. Бір сәтке компьютерің бұзылып қалса көңілің түсіп, не іспен айналысарыңды білмей ашуланасың.
7. Компьютермен жұмыс істеуге тиым салған адамға қарсы шығып, ренжіп ашуланасың.
Міне осындай белгілерді өз бойларыңнан байқасаңдар өзіңнің компьютерге тәуелді болғаныңды байқауға болады?
Топпен жұмыс
І топ. “Интернет”сөзіне бес жолды өлең.
ІІ топ. “Компьютер”сөзіне бес жолды өлең.
ІІІ. Қорытындылау.
Бүгінгі тәрбие сабағымызда «Ғаламтордың пайдасы мен зияны»туралы көп мәлімет алдыңыздар деп ойлаймын. Күнделікті тұрмыста ғаламторды дұрыс мақсатта қолдана білейік. Денсаулығымызға зиян келмейтіндей ақыл кеңестерді тиімді пайдала біліңдер.
Интернет әлемі Қызығы мол әдемі. Компьютердей құралды Меңгердік ау біз енді. Интернет құралғы Үйретеді жаңаны. Өркениетті ел болып Жаңалықта табады.-деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Рефлексия «Алақан». – Мына алақанның әрбір саусағына өздеріңіздің бүгінге тәрбие сағатында көңіл күйлеріңізді, алған әсерлеріңізді жазыңыздарда кілеймен жапсырыңыздар.
Достарыңызбен бөлісу: |