Тақырыбы: фосфор тыңайтқыштары


Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану



бет4/5
Дата21.12.2023
өлшемі178.27 Kb.
#487472
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
ЛЕКЦИЯ 8

2. Калий тыңайқыштары, оларды алу жолдары, қасиеттері және қолдану
Калий тыңайтқыштарын табиғи калий тұздарынан өндіреді. Табиғи калий тұздарының негізгі қоры Қазақстан (Ақтөбе облысы), Ресей, Украина, Беларусь, Канада, АҚШ, Франция, Испания сияқты елдерде орналасқан. Калий тыңайтқыштарын өндіру үшін мына минералдарды пайдаланады: сильвинит КСI•NaCl, карналлит KCl•-MgCl2• 6H2O, каинит KCl•MgSO4•3H2O, шенит K2SO4•MgSO4•-6H2O, лангбейнит K2SO4•MgSO4, полигалит K2SO4•MgSO4•2Ca-SO4•2H2O. Калий тыңайтқыштары жартылай өңделген калий тұздары және концентрлі калий тыңайтқыштары болып екі топқа бөлінеді. Жартылай өңделген калий тұздарын, табиғи минералдарды гранулометриялық жолмен қайта өндеу (ұнтақтау) арқылы өндіреді. Концентрлі калий тыңайтқыштарын табиғи калий тұздарынан химиялық тәсілмен алады (6-сурет).
Сильвинит құрамында 12-18%, K2O және 35-40% Na2O бар, суда толық еритін, қызғылт-қоңыр түсті, ауадағы ылғалды сіңіру қабілеті жоғары тыңайтқыш. Калий элементінің аз болуына байланысты, сильвинитті өндіретін жерге жақын орналасқан шаруашылықтарда қант қызылшасы, малазықтық және асханалық тамыржемістілер сияқты дақылдарға күзде сүдігер жыртар алдында қолданады.
Каинит құрамында 10-12% K2O мен 6-7% MgO бар, суда жақсы еритін, сұрғылт түсті кристаллды тұз. Бүл тыңайтқышты күзде жеңіл топырақтарға қолданады.
Карналлит суда жақсы еритін, құрамында 12-13 % К2О болатын, ауа ылғалын көп сіңіретін, жабысқақтығы жоғары тыңайтқыш. Ауыл шаруашылығында өте сирек қолданады және магний өндіру үшін пайдаланады.
Калий хлориді негізгі калий тыңайтқышы болып саналады. Құрамында 53,7-60,0% К2О бар, суда толық еритін, қызғылт немесе ақшыл-сұр түсті кристаллды тұз. Бұл тыңайтқышты табиғатта кездесетін сильвинит минералынан флотациялық және галургиялық тәсілдермен өңдеу арқылы алады. Флотациялық әдіспен калий хлоридін өндіру үшін, алдын ала ұнтақталған сильвинит рудасын майлы амин қосылған суға салып араластыра отырып шайқайды да ауа үрлейді. Сол уақытта руда құрамындағы сильвинит ауа көбігіне жабысады. Көбікті қалқып алып, сыртқа тепкіш күш арқылы ажырататын аппаратта құрғатып, кептіргішке көшіреді. Бұл әдістің артықшылығы - бүкіл процесс төменгі температура жағдайында орындалатындықтан энергия аз жұмсалады және физикалық қасиеті жақсы тыңайтқыш алуға болады. Галургиялық әдіспен калий хлоридін өндіру сильвинит рудасының құрамындағы KСl және NaCl қосылыстарының суда түрліше ерігіштігіне негізделген. Ол үшін ұнтақ сильвинитті NaCl тұзының ерітіндісіне қосып, температураны 1100С жеткізеді. Бұл жағдайда руда құрамындағы КСI толық ериді, ал NаСI тұнбаға түседі. Тұнба бетіндегі ерітіндіні бөліп алып 20-250С салқындатады. Сонда калий хлоридінің кристаллды тұнбасы пайда болады. Осы тұнбаны құрғатып кептіреді. Калий хлоридін ауыл шаруашылық дақылдарына күзде сүдігер жыртар алдында қолданады. Ал картоп, темекі, қант қызылшасы сияқты хлор элементінен зиян шегетін өсімдіктерге қолдануға болмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет