9. Қақпашының тәсілдері. Допты беру.
1. Футбол ойынындағы қақпашы тәсілі.
2. Командадағы қақпашының рольі және орны.
3. Қақпашының физикалық дайындығы.
Қазіргі футболда допты алу техникасын менгеру өте қажетті. Бастауыш футболшылар допты алудың барлық түрлерін менгерулері тиіс.
Допты таласпен алу – қарсылас жақындап қалған кезде, доп алысқа кеткен жағдайда болады.
Екі әріптес жаттығады. Олар бір-бірінен 15 қадам қашықтықта жаттығады. Біреуі допты аяқ өрінің ішкі жағымен әріптесіне бағыттайды. Ол допты алуға ұмтылады. Период бойынша орын алмасады.
Орнында тұрып. Алушы орнында тұр. Оған бірінен соң бірі үш қарсылас доп әкеледі. Ол аяғын созып допты алады.
Ойындағыдай. Бір мезгілде екі ойыншы жаттығады
Амалдық ұғымы футболда жеке, топтық командалардың ойыншылардың қимылы қандай да бір мақсатқа жетудегі іс-әрекетті білдіреді. Амал – спорт ойындарының негізгі компоненттерінің бірі болып табылады. Ол тәсілдік дене, психологиялық дайындықты қажет етеді. Жоғары класты командалар үшін аиал ұғымының маңызы зор. Аиал жеке, топтық, командалық қимылдардан, әрекеттерден тұрады.
Бұл шабуылда және қорғаныста ойыншының мүмкіндігінше ептілікті жасауы. Ол допсыз және доппен жасалады.
Ашылу ұғымы. Футболшының еркін позицияға шығуы, қарсылас шабуылынан құтылуы. Ашылған ойыншы қарсыласын өз соңынан түсіріп, қақпаға доп алу мүмкіндігі бар. Бос орынға шығу, жылдамдықты арттыруарқылы орындалады. Бағыты алға , артқа, жан-жаққа.
Ойында футболшылар қарсыласты бағындыруға жалған қимыл т.б. жиі қолданады.
Шабуыл жасаушы ойыншы шабуылды қарсыласына шамасы жетпейді. Осы уақытта сандық басымдылық керек болады. Мұндай кездің көптен кездесуі маневр деп аталады және жоғары класты командалар ойын негізінде өте қажетті атрибут болып табылады.
1.Жүгіріп өту. Ойыншылардың екі тобы жиналады. Олар кездеспелі колонна түзеді. Қашықтық 8-10м. Басты ойыншы қарсы допқа допты аяқпен соғып бағыттайды даөзі колонна соңына барып тұрады. Бұл жаттығуды эстафета түрінде жүргізе беруге болады. Әр ойыншы үш реттен орындайды.
2.Үшбұрыш. үш ойыншы жаттығады. Олар 8м үшбұрыш түзе орналасады. Әріптестер допты бір-біріне кезекпен бағыттайды. Бағыты сағат тіліне қарама-қарсы.
3.Зонадан шығу. Алаңда үшбұрыш тәрізді зона сызылады. Жоғары бұрышта жүргізуші ойыншы Б орналасады. Ол допты А ойыншыдан өткізіп В ойыншыға бағыттап отырады. Бірақ ол сызылған аумақтаншықпау керек. Период бойынша орын алмасады.
4.Номер ретімен. Шектелген бөлімшеде жаттығушылар жаттығады. Әрқайсысына реттік номері беріледі. Ойыншылар оны естеріне сақтайды. Олар реттері бойынша бір-біріне допты беру керек. Соңғысы қайтадан біріншіге береді. Қате жіберген ойыншыға айып салынады.
5.Допқа таласу. Алаңда 15х15м алаңша сызылады. Мұнда 6 ойыншы орналасады. Оның екеуі жүргізуші болып табылады. Қалғандары допты сырқа шығармай, жүргізушіге кездестірмей бір-біріне бағыттайды. Қате жіберген ойыншы жүргізушінің бірі болады.
6.Ашыл. алаңда 20х15 алаңша сызылады. Жалаушадан сызық бойына 4 қақпа орналастырады.
Әр командада 4 ойыншыдан. Олардың екеуі қақпашы ойынды бастаған топ қарсыластарына доп соғуға ұмтылады. Бұл тек қана ашылу шартында орындалады.
7.Аумақтан – аумаққа. Алаңда 15х40 алаңша белгіленеді. Ол үш аумаққа белгіленеді. Үш команда ойнайды. Әр командада Б ойыншы 1 қақпашы. Қорғаушы шабуыл аумағында екі шабуылшы. Ойыншылардың бір аумақтан екінші аумаққа өтуіне болмайды. Шабуылшы командаларды көршілес аумаққа дәл бағыттау. Бума қарасында пас беруге болмайды. Осылайша бұл жаттығу ойыншының активті түрде қимыл жасауына септігін тигізеді.
8.Петачок. Алаңда 3м кеңдікте қақпа орналасады. Қақпа алдына «петачок» тұрады. Екі команда ойнайды, ойыншылар 3-еу. Шабуылшы команда допты алып жүреді. Бұл команданың ойыншылары допты бір-біріне тез беруге ұмтылады. Моментті пайдаланып, біреуі еркін аумаққа өтеді, яғни «петачокқа». 5 минуттан кейін орын алмасады. Қорғаушылардың «петачокқа» кірулеріне болмайды.
Құлап бір аяқпен сырғып барып допты алу – бұл өте қиын әдіс. Басқа ешбір шара қалмаған кезде қолданады. Қарсыластан алыс аяқты тізеден бүгіп, сырғып барып екінші аяқты қарсыласының алдындағы допқа қарай созады, допты аяқтың табаны мен немесе ішкі жағымен қағып жіберу қажет. Құлауды жеңілдету үшін қолды тіреу керек.
Бұл әдісті толық меңгермесе ойын тәртібінің бұзылуына әкеліп соғады.
Шеткі сызықтан шыққан доп, қайта лақтырылып, ойынға енеді. Бұл техникалық қабылдауды әр футболшы меңгеруі керек. Допты лақтыруда тізені бүгу керек. Допты бас бармақпен қосып ұстау керек. Қадым жасап лақтырған кезде немесе жүгіріп келіп лақтыру үшін алаң сызығына 1 немесе 2 қадым қалғанда допты, бастан асыра көтеріп дененің арқа жағына өткізеді. Аяқты жерден көтермеуі керек.
Тек қолмен. Қабырғадан 4-5 м қашықтықтан екі қолмен допты лақтыру.
Кеудені иіп. Бірінші сияқты орындалады. Тек кеуде иіліп жасалады. Қашықтық 5-6 қадамға ұлғаяды.
Қадаммен. Тек қадам арқылы.
Коридормен. Алаңда жалаушалар арқылы 3 м кеңдікте коридор белгіленеді. Коридормен допты лақтырып, допты белгіден шығып кетпеуін қадағалау керек.
Дәл тастау. Алаңның бір шетіне 8-9 қадамда 1,5, 1, 0,5 м диаметрлі үш шеңбер сызылады. Ойыншылар доп тастайды. 10 реттен соң ұпай саны анықталады. Ең кіші шеңберге – 3 ұпай, орташасы – 2, үлкені – 1.
Жүрісте. Жаттығушылар екеуден бөлінеді. Әріптестін бірі алаң сыртына екінші бірі жақ сызықтан 10 м қашықтықта жылжып отырады. Әріптесі оған доп лақтырады. Период бойынша орын алмасады.
Бастауыш футболшылар лақтыру техникасын орындауда көбінесе дене мен аяқ қозғалысы арқылы орындайды. Қолмен қимыл жасау да типтік қателердің бірі болып саналады. Бастан асырмай лақтыру да қателік болып саналады. Қателіктерді болдырмас үшін 1,2,3 жаттығуларды қайталау керек.
Қақпашы ойынның техникасы
Қақпашы командадағы ерекше тұлға. Оның рөлі өте маңызды. Қақпашының ойын техникасы алаңдағы ойыншылармен ұқсас. Тек олардан айырмашылығы,штрафты алаңда қолмен ойнауға болады. Оның негізгі қабылдаулары;допты қағу, т.с.с. Қақпашы допты қағуда травма алуы мүмкін. Осыны болдырмас үшін қақпашыға арнайы киімдер кигізіледі.
Негізгі баған. Ойын қақпаға соғуға айналған кезде қақпашы қай бағыттан келседе дайын болуы керек. Ол үшін негізгі бағанды білуі керек, яғни өзіне ыңғайлы жағдайды таңдау керек. Ол аяқты алшақ ұстап тізені бүгіп, кеудені сәл алға иіп, қолды алға қойып, көзді доптан айырмау керек. Бұл жағдайда кез-келген қозғалысты жасау ыңғайлы.
Достарыңызбен бөлісу: |