Тақырыбы: Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері


Білімділік жетілдіруі, баяндама, жасай білу, жалпы дамыту жаттығулары мен саптық жаттығуларды көрсете білу



бет8/15
Дата29.04.2023
өлшемі383.5 Kb.
#473009
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15
Футбол оқыту процесстерінің ерекшеліктері және әдістері

8. Білімділік жетілдіруі, баяндама, жасай білу, жалпы дамыту жаттығулары мен саптық жаттығуларды көрсете білу.
1. Саптық жаттығу ларды жүргізу.
2. Ауқымды жалпы жаттығуын жүргізу.
3. Төзімділік және жылдамдық қабілеттерін тәрбиелеу.
Қазіргі футболда допты алу техникасын менгеру өте қажетті. Бастауыш футболшылар допты алудың барлық түрлерін менгерулері тиіс.
Допты таласпен алу – қарсылас жақындап қалған кезде, доп алысқа кеткен жағдайда болады.
Пассивті алу. Екі әріптес жаттығады. Олар бір-бірінен 15 қадам қашықтықта жаттығады. Біреуі допты аяқ өрінің ішкі жағымен әріптесіне бағыттайды. Ол допты алуға ұмтылады. Период бойынша орын алмасады.
Орнында тұрып. Алушы орнында тұр. Оған бірінен соң бірі үш қарсылас доп әкеледі. Ол аяғын созып допты алады.
Ойындағыдай. Бір мезгілде екі ойыншы жаттығады. Біреуі алушы, біреуі ендіруші. Бір - бірінен 15 қадам қашықтықта тұрады. Ендіруші жақындағанда алушы жақындап допты алады. 8-10 рет қайталайды.
Иықпен итере допты алу – қарапайым, бірақ тиімді қабылдау.
Тура есеп. Екеуден орындалады. Біреуі қарсы (допсыз) шабуыл, екіншісі – қорғанушы. Белгі бойынша алаңға бірге келеді. Бір – біріне қарсылық көрсетіп допты иықпен қағады. Орын алмасады.
Жүгіру кезінде. Дәл жоғарыдағыдай тек оны жай темппен жүргізу кезінде орындалады.
Доппен. Мұнда доп ендіріледі. Мазмұны бұрынғыдай. Тек иықты қарсылас иығына теңестіріп алу керек.
Құлап бір аяқпен сырғып барып допты алу – бұл өте қиын әдіс. Басқа ешбір шара қалмаған кезде қолданады. Қарсыластан алыс аяқты тізеден бүгіп, сырғып барып екінші аяқты қарсыласының алдындағы допқа қарай созады, допты аяқтың табаны мен немесе ішкі жағымен қағып жіберу қажет. Құлауды жеңілдету үшін қолды тіреу керек.
Бұл әдісті толық меңгермесе ойын тәртібінің бұзылуына әкеліп соғады.
Шеткі сызықтан шыққан доп, қайта лақтырылып, ойынға енеді. Бұл техникалық қабылдауды әр футболшы меңгеруі керек. Допты лақтыруда тізені бүгу керек. Допты бас бармақпен қосып ұстау керек. Қадым жасап лақтырған кезде немесе жүгіріп келіп лақтыру үшін алаң сызығына 1 немесе 2 қадым қалғанда допты, бастан асыра көтеріп дененің арқа жағына өткізеді. Аяқты жерден көтермеуі керек.
Тек қолмен. Қабырғадан 4-5 м қашықтықтан екі қолмен допты лақтыру.
Кеудені иіп. Бірінші сияқты орындалады. Тек кеуде иіліп жасалады. Қашықтық 5-6 қадамға ұлғаяды.
Қадаммен. Тек қадам арқылы.
Коридормен. Алаңда жалаушалар арқылы 3 м кеңдікте коридор белгіленеді. Коридормен допты лақтырып, допты белгіден шығып кетпеуін қадағалау керек.
Дәл тастау. Алаңның бір шетіне 8-9 қадамда 1,5, 1, 0,5 м диаметрлі үш шеңбер сызылады. Ойыншылар доп тастайды. 10 реттен соң ұпай саны анықталады. Ең кіші шеңберге – 3 ұпай, орташасы – 2, үлкені – 1.
Жүрісте. Жаттығушылар екеуден бөлінеді. Әріптестін бірі алаң сыртына екінші бірі жақ сызықтан 10 м қашықтықта жылжып отырады. Әріптесі оған доп лақтырады. Период бойынша орын алмасады.
Бастауыш футболшылар лақтыру техникасын орындауда көбінесе дене мен аяқ қозғалысы арқылы орындайды. Қолмен қимыл жасау да типтік қателердің бірі болып саналады. Бастан асырмай лақтыру да қателік болып саналады. Қателіктерді болдырмас үшін 1,2,3 жаттығуларды қайталау керек.
Қақпашы ойынның техникасы
Қақпашы командадағы ерекше тұлға. Оның рөлі өте маңызды. Қақпашының ойын техникасы алаңдағы ойыншылармен ұқсас. Тек олардан айырмашылығы,штрафты алаңда қолмен ойнауға болады. Оның негізгі қабылдаулары;допты қағу, т.с.с. Қақпашы допты қағуда травма алуы мүмкін. Осыны болдырмас үшін қақпашыға арнайы киімдер кигізіледі.
Негізгі баған. Ойын қақпаға соғуға айналған кезде қақпашы қай бағыттан келседе дайын болуы керек. Ол үшін негізгі бағанды білуі керек, яғни өзіне ыңғайлы жағдайды таңдау керек. Ол аяқты алшақ ұстап тізені бүгіп, кеудені сәл алға иіп, қолды алға қойып, көзді доптан айырмау керек. Бұл жағдайда кез-келген қозғалысты жасау ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет