Ескерту: Осы мағыналас жауаптардың кез-келген үшеуі қабылданады.
Сұрақ 2
Желдің пайда болуының себебі – ауа қысымының жер бетінде әркелкі таралуы.
«Бриз» және «Муссон» сөздерін пайдаланып, олардың пайда болу үдерістерін түсіндіріңіз. Екеуінің ұқсастығын табыңыз. Бриз желі адамға пайдалы ма?
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауап: Бриз – құрлық пен судың үстіндегі ауаның әр-түрлі жылынуына байланысты бағытын тәулік ішінде 2 рет өзгертетін жел.
Муссон — құрлық пен теңіз арасында тұрақты соғатын маусымдық жел.
Ұқсастығы екеуіде — құрлық пен су айдыны арасында соғатын жел. Бриз желі айналасындағы құрылықтағы күндізгі аптап ыстықты бәсеңдетеді. Бриз французша жеңіл жел,яғни теңізден соғатын жанға жайлы самал жел. Рекреациялық — емдік қасиеті бар, теңіз жағасында демалуға, денсаулығын нығайтуға, таза ауамен тыныстауға пайдаланады
Сұрақ 3
Желдің адамға тигізер пайдалы және пайдасыз жағын талдаңыз.
Желдің зиянды әрекеттерінен адам өмірін қорғаудың қандай жолдарын ұсынасыз?
______________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауап: Пайдалы жағы: ауаны алмастырып тазартуы, таза әрі арзан қуат көзі, жел диірмені, спорттық мақсатта пайдалануға болатындығы
Пайдасыз жағы: Апатты дауылдар-тайфун, боран, шаңды дауыл.
Қорғану жолдары: Ауа-райын алдын-ала болжай білу керек.
Алыс жолға табиғат аясына шығарда алдағы ауа-райы жайлы ақпараттармен танысу керек. (Теледидар. ғаламтор, газеттерден)
Апатты дауыл жақындағанда қауіпсіз жерге кетуге тырысу қажет, үлгермесе тығылатын пана жер тезірек табу керек.
Шаңды, құмды дауылға тап болғанда адам басын, бетін бүркеу керек.
Ескерту: Осы мағыналас жауаптар қабылданады.
ҒЫЛЫМИ БЛОК 12:ҚОРШАҒАН ОРТАНЫҢ ЛАСТАНУЫ
Сұрақ 1
ХХ-ғасырда адамның шаруашылық әрекетінің әсерінен атмосфера үлкен мөлшерде ластана бастады.Атмосфераның ластануымен күресу адамзаттың алдындағы аса маңызды мәселелерге айналып отыр.
Ауаны көлік түрлерінің ішінде ластаушы көздердің ең негізгісі қайсысы?
А. Автомобильдер
В. Темір жол көлігі
С.Ұшақтар
Жауап: А
Сұрақ 2
Лос-Анджелесте түрлі транспорттан ауаға шығаратын ластаушы заттардың көлемі 17 млн т жылына, соның 80 % автокөліктен шығады екен.
Автмобиль көлігінен шығатын қандай негізгі зат ауаны ластаушы зат болып табылады?
Әр жолдан «Иә» немесе «Жоқ» жауаптарының бірін айналдыра сызыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |