Тақырыбы: География сабағына арналған pisa тапсырмалары



бет4/7
Дата04.04.2023
өлшемі397.77 Kb.
#471667
1   2   3   4   5   6   7
Бударин МБК пиза тапсырмалары

2. 3

Жауап:
1-тәжірибеде –көреді. Стақаннан біртіндеп шыққан көпіршікті байқауға болады, ал көпіршіктің ішінде ауа бар.
2- тәжірибеде-естиді. Үрленген шарды біртідеп қысып тұрып ауасын шығарса ауаның даусы естіледі.
3-тәжірибеде-сезінеді. Үрленген шардың ауасын бетке тақап тұрып шығарса ауаның лебін тері арқылы сезінуге болады.
Тәжірибенің қорытындысы : Бізді әрдайым айналамызда ауа қоршап тұратындығын байқадық, және ауа газ тәріздес зат екен.

ҒЫЛЫМИ БЛОК 10: ЖАУЫН-ШАШЫН




Сұрақ 1
Жаңбыр,қар,бұршақ Бұлттан жер бетіне түсетін сұйық немесе қатты күйдегі ылғалды атмосфералық жауын-шашын дейді. Жауын-шашынның түрлері: жаңбыр,қар,бұршақ.
Сіз күз бен көктемде кай күндері серуендегенде жер бетін қырау шалғанын, күндері электр желілерін қылау басқанын, ал жазда ерте тұрғаныңда ағаш жапырақтарын, шалғынды шық басқанын байқаған шығарсың. Егер жаңбыр, қар, бұршақ бұлттан пайда болса жауын-шашынның басқа түрлері қырау, қылау, шық қалай пайда болады?

Қырау,қылау,шықтың пайда болуына келесі пайымдаулар дұрыс па?

Иә/Жоқ

Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.

Иә/Жоқ

Ылғалдың барлық түрі тек бұлттан бөлініп тарайды.

Иә/Жоқ

Жаз күндері күндіз булану күшті жүргендіктен пайда болады.

Иә/Жоқ

Жауап: Ылғал жерге тек бұлттан ғана жаумайды,сонымен бірге тікелей ауадан да бөлініп тарайды.

ҒЫЛЫМИ БЛОК 11: ЖЕЛ
Жер бетіндегі ауа үздіксіз қозғалыста болады. Жер бетіндегі ауаның горизанталь бағытта бір жерден екінші жерге ауысуын жел деп атайды. Адам желдің күшін өте ерте заманнан пайдаланып келеді.
Сұрақ1
Адамзаттың желді пайдалануына үш мысал келтіріңіз.
________________________________________________________
________________________________________________________
________________________________________________________
Жауап: 1.Қуат көзі ретінде (Энергетикалық мақсатта)

  1. Жер астынан су тарту үшін

  2. Спорттық мақсатта (желкенді қайықпен, парашютті спорт)

  3. Ұн,астық (бидай) тарту үшін

  4. Желкенді кемелермен саяхаттау үшін

  5. Егінді суғару үшін, егістікке су жіберу үшін



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет