Тақырыбы: Қыз еркем кестесімен көркем Мақсаты



бет2/5
Дата08.02.2024
өлшемі27.61 Kb.
#491391
1   2   3   4   5
сценарий-женге-дұрысы

Жүргізуші:
Еліміздің ертеңі мына ұрпақтың қолында. Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, бүгінгі қыз – ертеңгі ана. Сол себептен ұлтымыздың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіріп өсіру –басты мақсатымыз. Сондықтан осы байқауда қыздарымыз көп біліп, өз білімдерін көтереді деп ойлаймын.

Қазіргі заман қыз тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. Әрбір қыз бала
бойжетіп, ата – анасының жанында бұлғақтаған дәуренін қалдырып, басқа үйге келін болып түсуі – өмір заңдылығы. Әсіресе қызға анасы немесе жеңгелері үй шаруасына икемділік, ісмерлік, жүріс – тұрыс сыпайлығы, әсемдік, жинақтылық пен тазалық, өз бойын күту мен ашық қабақтылық туралы үйретуге күш салады.
Жүргізуші:
Ал,ендеше шалқытып ән салайық,
Өнерпаз аруларға тамсанайық.
Дәстүрін халқымыздың қастерлеген,
Аруларды жеңгесімен құрметтеп қарсы алайық, - деп жеңге мен қайынсіңілілерді сахна төріне шақырамыз. (Қыздар-қыздар әні ойнатылады)

Жүргізуші:
Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,
Тал бойына жарасқан күлкі әдемі.
Бір көргенде болмай-ақ сахнада,
Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі – дей келе алдымен біздің ару қыздарымызға қоятын талабымыз бар.
-Сахна мәдениеті,өзін-өзі ұстау;
-Сөйлеу мәдениеті ,ой ұшқырлығы;
-Киім киісі, жүріс-тұрысы;
-Берілген тапсырма мен сұрақтарға дұрыс жауап беруі;
Мінеки осының барлығы сынға алынып,әділ-қазылар алқасымен бағаланады.
Ендеше, өнері-білімін әділ бағалап, төрелігін айтатын қазылар алқасымен таныс болыңыздар.
1.
2.
3.
Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші.
Аруы деп мектептің жүрейікші
Әділқазы алқасына әділдікті,
Ал аруларға сәттілік тілейікші деп бүгінгі аруларға сәттілік тілей отырып, сайысымызды бастамас бұрын ән шашуға кезек берейік.
Жүргізуші:
Ана – жұмақ, мен – шуақ, саябағы,
Ана – шырақ, мен – мен сұрақ санадағы.
Ана – теңіз, мен – қайық тербетілген,
Ана – бұлақ, мен – құрақ жағадағы.

Құттықтау сөз мектебіміздің директоры беріледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет