Тақырыбы: Жарақаттар. Сынық. Сынық және жарақат кезінде алғашқы дәрігерлік көмек Жарақаттар. Жарақаттардың жіктелуі



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата21.04.2023
өлшемі264.33 Kb.
#472528
1   2   3
1 Тапсырма

2. Сынық. 
Барлық хирургиялық аурулардың арасында сынықтардың алар орны өте 
жоғары. Сондықтан да олар травматологиялық науқастардың 39-50% 
құрайды. Жарақаттың бұл түрінің алдын алу мен емдеу қазіргі заманғы 
травматологияның кезек күттірмес міндеттерінің бірі. Әрбір хирургтің 
травмотология негіздерін терең зеріттеп, игере білуін күнделікті тәжірибеде
көз жеткізуге болады. Теориялық және практикалық білімсіз хирург бұл 
салада түрлі жарақаттарды толық емдей алмайды, сонымен қатар әскери 
және бейбітшілік уақытындағы сынақтарды да анықтап, алғашқы көмек 
көрсету оңай емес. Сынық – дегеніміз патологиялық үрдістің (ісік, 
остеомиелит) немесе жылдам әсер етуші күштің ықпалынан болған сүйек 
тұтастығының бұзылуы мен жұмсақ тіндердің зақымдалуы жатады. 
Сынықтың белгілері: Қатты ауыру,аяқ-қол қозғалтпауы,зақымданған аяқ-
қолдың қозғалысы мен пішінінің өзгеруі,қоршаған жұмсақ тіндердің 
қанталауы және ісінуі. Егер адамның қабырғасы сынса, терең тыныс алғанда 
не жөтелгенде ауырады. 
Сынықтың бітуі – өте күрделі биологиялық процесс. Сүйектің тез бітуіне 
жарықшақтардың бір-бірімен дұрыс бірігуі мен сүйекті бір қалыпты ұстап 
тұрудың маңызы зор. Сонымен қатар Сынықтың бітуі қандай сүйектің 
сынғандығына да байланысты. Мысалы, саусақ сүйектері 2,5 аптада, ал ортан 
жіліктің басы 6 айдан астам уақытта бітеді. Сүйек жарықшақтарының арасы 
алшақ болып, бір-біріне дұрыс орналаспағанда немесе олардың арасында 
жұмсақ тіндер жаншылып қалса, бір қалыпта ұсталып тұрмаса сынықтың 
бітуі баяулайды немесе мүлдем бітпей қалуы, жалған буынның пайда болуы 



мүмкін. Сынық дұрыс бітпесе, қол-аяқтың қисаюына не қысқаруына әкеліп 
соқтырады. Ашық сынық кезінде жараға инфекция түсіп, іріңді инфекцияның 
дамуы мүмкін. 
Ашық сынық, - деп жарақаттанған сүйек бөлігінің аймағындағы тері мен 
кілегейлі қабаттың тұтастығының бұзылуын айтады. Бұл сынықтар өте 
қауіпті болып саналады, өйткені ол уақытта залалдану мен қабыну қаупі 
жоғары болады. Тері қабатының зақымдануы – сынық тудырушы күштің 
әсерінен немесе өткір сүйек сынықтарының теріні зақымдануынан және 
сырқатты тасымалдау әсерлерінен де болуы мүмкін. Ашық сынықтар жиі 
жұмсақ тіндердің жаншылып, жыртылуымен қабаттасады. 
Жабық сынықтар – инфекция үшін кедергі болып саналатын тері мен 
кілегей қабықшаларының жарақаттануымен қабаттаспайды. 
Орналасу жеріне байланысты сынықтар: эпифизарлы, метафизарлы, 
диафизарлы болып бөлінеді. 
Эпифизарлы сынықтар – сынықтардың ең ауыры және олардың бітісуіне 
қолайсызы болып саналады. Сынықтың бұл түрінде сұйектің буын жағы 
ұшының жылжуы мен шығуы (буынішілік сынықтар) бір мезетте қабаттасуы 
жиі кездеседі (шығумен асқынған сынық). 
Сынық сызығы жиі жағдайда буын іші арқылы өтеді және сұйек 
сынықтарының арасына ығысқан буын сұйығы (синовиальная) кіреді. Ол 
сынықтың жазылуына кедергілік туғызады (буын – ішілік сынықтар). Кейде
балаларда жиі кездесетін тек эпифиздің бөлініп, жұлынуы ғана байқалады 
(эпифизеолиз). Эпифизарлы шеміршектің сұйектенуінен соң эпифизиолиз өте 
сирек кездеседі. Сынықтың бұл түрінің даму себебі көбінесе жылдам 
қозғалыстың әсерінен сүйектің жалғасқан аймағында бұралуының 
салдарынан болады (кәрі, тоқпан, асықты жіліктің эпифизиолиздері). 
Метафизарлы сынықтар (буын маңайында) - сүйектің кемікті бөлігінің 
(метафиз) зақымдануы көбінесе сынықтың екі бөлігінің бір – бірімен 
байланысымен қабаттасады, сондықтан оларды тірескен немесе түйіскен 
сынықтар дейді. Өйткені, бұл жағдайда бір сүйек екіншісіне еніп кетеді. 
Сүйек қабы (периост) мұндай сынықтарда зақымданбайды, сықырлау 
болмайды және еш уақытта жылжымайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет