- 1.Типті антипсихотикалық заттар
- 1.1.Фенотиазин туындысы
- Аминазин Трифтазин Фтор феназин
- 1.2.Тиоксантен туындысы
- Хлорпротиксен
- 1.3.Бутирофенон туындысы
- Галоперидол Дроперидол
- 2.Типті емес антипсихотикалық заттар
- 2.1.Бензоамидтер
- Сульпирид
- 2.2.Дибензодиазепин туындысы
- Клозапин
- 2.3.Индол туындысы
- Резерпин
Аминазин
Негізгі фармакологиялық әсерлері.
ОЖЖ әсері:
1.Антипсихотикалық әсер – психоздың продуктивті синдромдарын (галлюцинацияны, сандырақты, қозуды) басу.
2.Психоседативті әсер – тыныштандырғыш әсер – тынышсыздықты, агрессивтілікті, психикалық қозуды басады.
3.Ұйқтатқыш әсер.
4.Наркоздық, ұйықтатқыш, наркотикалық және наркотикалық емес анальгетиктердің әсерін күшейтеді.
5.Тырысуға қарсы
6.Гипаталамустық орталықты тежеп, ыстықты түсіреді.
7. Құсуға қарсы әсер
8.Бұлшық еттердің релаксациясын шақырады.
ШЖЖ әсері:
1.Альфа-адреноблокаторлық әсері (адреналиннің әсерін бұрмалайды).
2.М-холиноблокаторлық әсер көрсетеді.
3.Н1-гистаминдік рецепторларды тежейді, гистаминге қарсы әсер көрсетеді.
4.Қабынуға қарсы, миотропты спазмолитикалық, жергілікті жансыздандыратын әсер.
Эндокриндік жүйеге әсер етеді: пролактиннің бөлінуін жоғарлатады, галакторея байқалады, СТГ төмендейді, овуляция тежеледі.
Қолданылуы: - Қолданылуы:
- 1.Психоздарда (шизофрения)
- 2.Анестезиологияда – премедикация үшін
- 3.Құсуға қарсы зат ретінде
- 4.Қимылдық қозуды басу үшін
- 5.Неврологияда қаңқа бұлшық еттерінің тонусы жоғарылаумен жүретін ауруларда, эпилепсияда
- 6.Гипертониялық кризді басу үшін, феохромоцитомада
- 7.Тері ауруларында
- 8.Спирттік ішімдікке құмаршылдықты басу үшін
Достарыңызбен бөлісу: |