Тақырыбы: javascript тілі туралы жалпы мәліметтер. Javascript тілінің негіздері



бет2/4
Дата08.09.2023
өлшемі24.92 Kb.
#476890
1   2   3   4
Дәріс 1

JavaScript –бұл қарапайым объектілі-бейімделген, браузерге түсінікті программалау тілі. Браузер бұл тілдегі командаларды орындай алады, яғни оның ішкі интерпретаторы бар. Ол Internet үшін клиенттік және серверлік қосымшаларды құру үшін арналған.
JavaScript программасы скрипт немесе сценарий деп аталады. JavaScript тілінде жазылған бағдарламалар HTML-құжаттарының құрамына кіреді және солармен бірге тарайды. Netscape Navigator және Ms Internet Explorer типті көру программалары (яғни, браузерлер) құжаттың мәтініне енгізілген кірістірілген программаларды (Script-кодтар) таниды және оларды орындайды.
JavaScript коды HTML тілін толықтырып, оны көрнекі етеді. JavaScript тілі арқылы гипермәтіндер жаңа мүмкіндіктерге ие болады.
JavaScript тілінде программаларды құру үшін JavaScript-ті тілін қолдайтын сәйкес версиялы браузер және HTML-құжаттарын құруға мүмкіндік беретін мәтіндік редактор қажет. JavaScript программасы HTML- құжатының мәтініне кірістірілген болғандықтан, сіз өз жұмыстарыңыздың нәтижесін, құжатты браузермен көрген уақытта көре аласыз және қажет жағдайда өзгертулер енгізе аласыз.
Скриптілік тілдер көбінесе мыналар үшін қолданылады:

  • браузердің статустық жолындағы сұхбаттық тақталарды және хабарламаларды бейнелеу үшін;

  • жүктелу уақытында беттің құрамын динамикалық түрде құру;

  • беттің құрамын өзгерту;

  • пайдаланушы көретін ақпаратты өзгерту;

  • басқа беттер бойынша навигация;

  • Web-бетке Java–апплет және Active X элементтері сияқты кірістірілген объектілерді басқару.

JavaScript көмегімен келесіні жасауға болады:

  • веб-беттердің мазмұнын динамикалық түрде өзгерту;

  • оқиғаларды өңдеушілерді элементтерге байланыстыру (кодты белгілі бір әрекеттер орындалғаннан кейін ғана атқаратын функциялар);

  • кодты белгілі бір уақыт аралығында орындау;

  • браузердің әрекетін басқару (жаңа терезелерді ашу, көрсетілген құжаттарды жүктеу және т.б.);

  • cookie файлдарын жасау және оқу;

  • пайдаланушы қай браузерді қолданатындығын анықтау (oж-ні, экранның кеңейтпесін, пайдаланушының қолданған беттерін және т.б. анықтау);

  • серверге жіберместен бұрын форманың деректерін және тағы басқаларын тексеру.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет