JavaScript программалау тілін Netscape Communications-тегі Брендан Эйк ойлап тапқан. Бұл клиент тарапынан жұмыс істейтін сценарилерді жазуға арналған объектілі-бағдарланған тіл.
JavaScript тілі объектілерге негізделген. JavaScript объектісі – реттелмеген қасиеттер жиынтығы. Олардың әрқайсысының осы қасиеттің қалай пайдаланатындығын анықтайтын атрибуттары болады. JavaScript-тің бірге орнатылған ішкі Global, Object, Error, Function, Array, String, Boolean, Number, Math, Date, RegExp сияқты объектілері бар. Сонымен қатар JavaScript-тің ішкі амалдары болады, олардың функция не әдіс болулары міндетті емес. Оларға қоса оның программаның орындалу логикасын басқаратын ішкі операторлар жиынтығы бар.
JavaScript тілінің негізгі ұғымдарына тоқталайық:
Типі. Деректер мәндерінің жиынтығы.
Қарапайым мәні. Типтерінің бірі Undefined–тің элементі (анықталмаған), Null (нөлдік), Boolean (логикалық - true немесе false), Number (сандық) немесе String (жолдық). Қарапайым мәндер – бұл тікелей меншіктелетін және тілді ең төменгі деңгейде жүзеге асыратын деректер.
Объект. Object; әрқайсысы қарапайым мән, объект немесе функция
бола алатын реттелмеген қасиеттер жиынтығы типінің элементі болып табылады. Функция болып табылатын қасиет әдіс деп аталады.
Құрастырушы/Конструктор. Объектілерді құратын және оларды инициализациялаушы функция. Әр құрастырушының қасиеттерді мұраға қалдыруы және бөлектеуі үшін пайдаланатын сәйкес прототипі болады.
Прототип. JavaScript-те құрылымды, жағдайды және өзін-өзі ұстауды мұраға қалдыруды жүзеге асыруға арналған объект. Құрастырушы объект құрғанда осы объектінің қасиетіне сілтеме жасауға мүмкіндік беретін құрастырушы прототипіне көрінбейтін сілтеме құрады. Прототип қасиеттері соның негізінде жасалған барлық объектілерге бөлінеді.
Тіл объектісі. JavaScript тілін жүзеге асыруды қолдайтын, бірақ сценарилердің орындалу ортасы болып табылмайтын кезкелген объект. Тіл объектісінің бір бөлігі өзімен бірге орнатылады, басқалары сценарилерді орындау барысында жасалады.
Бірге орнатылатын объект. Қандай ортада орындалуына қарамастан javascript тілін жүзеге асыруды қолдайтын және сценаридің орындалуының бастапқы сәтінде бар кезкелген объект. Барлық бірге орнатылған объектілер тіл объектісі болып табылады.
Орта объектісі. Тіл объектісі болып табылмайтын, сценарилер орындалатын орта қолдайтын кезкелген объект.
Анықталмаған мән. Айнымалыға ешбір мән меншіктелмегенін білдіретін қарапайым мән.
Undefined типі. Бұл тип анықталмаған мән болып табылатын undefined-тің жалғыз мәнінен тұрады.
Нөлдік мән. Нөлдік, бос немесе жоқ сілтемені білдіретін қарапайым мән.
Null типі. Бұл тип нөлдік болып табылатын жалғыз null мәнінен тұрады.
Логикалық мән. Ақиқат немесе жалған екендігін білдіретін Boolean типті қарапайым мән.
Boolean типі. Мына: true (ақиқат) және false (жалған) мәндерінен тұратын тип.
Логикалық объект. Бірге орнатылған логикалық объект экзепляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, логикалық объект new Boolean(value) өрнегімен жасалады, мұнда value – логикалық мән. Нәтижелік объектінің Boolean типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.
Жолдық мән. String типті элемент. Символдар жолын, яғни нөлдерден тұратын реттелген жиым немесе Unicode (16-биттік таңбасыз бүтін сандар) символдарын құрайды.
String типі. Бұл тип бүкіл жолдық мәндерден тұрады.
Жолдық объект. Бірге орнатылған жолдық объект экземпляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, жолдық объект new String (value) өрнегімен жасалады, мұнда value – жолдық мән. Нәтижелік объектінің String типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.
Сандық мән. Number типті элемент. Санның тікелей бейнесі болып табылады.
Number типі. Бүкіл сандық мәндерден тұратын тип.
Сандық объект. Бірге орнатылған сандық объект экземпляры болып табылатын Object типті элемент. Басқаша айтқанда, сандық объект new Number (value) өрнегімен жасалады, мұнда value – жолдық мән. Нәтижелік объектінің Number типті көрінбейтін (аты жоқ) қасиеті болады.
Енді бұдан әрі осыларды қолдануды қарастырайық.
Объектілік модель. Енді біз теориядан нақты іске көшейік. Біздер оқиға, объект дегендердің не екенін білдік. JavaScript тілінің объектілік моделін қарастыруға кірісейік.
Сонымен объектілік модель мыналардан құралады:
объектілерден;
қасиеттерден;
әдістерден;
оқиғалардан;
коллекциялардан.
Достарыңызбен бөлісу: |