Тақырыбы: Жекешелендіру кезеңдері



бет2/3
Дата22.10.2022
өлшемі26.26 Kb.
#463273
1   2   3
жекешелендіру кезеңдері

Бірінші кезеңде 1991-1992 жылдарға мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламасы жасалды.

Оны жүзеге асыру мыналарды көздейді: біріншіден, сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету және коммуналдық шаруашылық кәсіпорындары мен ұйымдарын, өнеркәсіп, құрылыс, автокөлік, ауыл шаруашылығы экономиканың басқа да салаларының шағын кәсіпорындарын, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорын мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру; екіншіден, алдымен пайдалылығы төмен және залалды кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру.



Шағын кәсіпорындарды сату үшін аукциондық және конкурстық әдістер қолданылды. Орта және ірі кәсіпорындарды мемлекет иелігінен алу кезінде оларды алдын ала акционерлік және басқа да шаруашылық серіктестіктер мен ұжымдық кәсіпорындарға түбегейлі өзгерту қарастырылды.

Тұрғын үйді жекешелендіру, мемлекет иелігінен алуға жататын ауыл шаруашылығы және басқа да мемлекеттік мүлікті сатып алу купондық әдіс негізінде жүзеге асырылды.


Бірінші кезеңде жекешелендіру бастама түрінде болды: мемлекеттік органдар кәсіпорын ұжымы жекешелендіруге өтініш бергеннен соң ғана жекешелендіру туралы шешім қабылдайтын болған. 991-1992 жылдар ішінде мемлекеттік меншіктің жалпы 6198 объектісі жекешелендірілді. 

Екінші кезеңде 1993-1995 жылдарға мемлекет иелігінен алу және жекешелендірудің ұлттық бағдарламасы әзірленді. Жекешелендірудің барлық объектілері топтар бойынша саралап жіктелді – шағын, орта және ірі кәсіпорындар. Осыған сәйкес мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру процестері үш бағыт бойынша өрістетілді. Біріншісі – ірі және бірегей мүліктік кешендерді дербес жобалар бойынша жекешелендіру (белгілі бір инвесторға алдын ала келісілген шарттар бойынша сату; мемлекеттік меншік объектілерін тендерлік сату; акцияларды ашық түрде сату; кейінгі жекешелендірумен басқаруға келісімдерді жасау). Екіншісі – орта кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру республика халқына жекешелендіретін инвестициялық купондарын (ЖИК) бөліп беру, сондай-ақ ЖИК иелері мен кәсіпорындар арасында делдал болып табылатын коммерциялық инвестициялық жекешелендіру қорлары жүйесін құру арқылы жүзеге асырылды. Үшіншісі – сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық және қызмет көрсету шағын кәсіпорындарының аукциондары мен конкурстары негізінде жүзеге асырылатын шағын жекешелендіру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет