RADARMEDIA
Что происходит с Пугачевой в Израиле, даже близкие в шоке
УЗНАТЬ БОЛЬШЕ
Модуль -VI. Эндокрин жүйесінің аурулары.
Тақырыбы:Тиреотоксикоз,эндемиялық зоб
1. Қалқанша безінің гиперсекрециясы, жүйелермен, мүшелердің қызметінің бұзылуы:
а) тиреотоксикоз
б) гипотиреоз
в) гликемия
г) феохромоцитом
е) микседема
2. Тиреотоксикоздың этиологиясы:
а) адинамия
б) ас тұзын көп қолдану
в) ұйқы безінің секрециясының өзгеруі
г) гипофиз безінің секрециясының өзгеруі
е) бүйрекүсті безінің секрециясының өзгеруі
3. Тиреотоксикозда анықталатын диагностикалық көз симптомы:
а) Кера
б) Ортнера
в) Грефе
г) Захарин-Геда
е) Пастернацкий
4. Тиреотоксикозда пальпация жүргізгенде анықталатын терідегі өзгерістер:
а) тері жұмсақ, нәзік, дымқыл
б) тері қатты, қабыршықтанған
в) тері суық, дымқыл
г) теріде геморрагиялық бөртпелер
е) күс- күс қабыршықтанған
5. Тиреотоксикоз ауруының асқынуы:
а) Квинке ісігі
б) анафилактикалық шок
в) гипергликемиялық кома
г) тиреотоксикалық криз
е) гипертониялық криз
6. Тиреотоксикоз ауруының жүктілікке әсері:
а) жүктілікке әсері жоқ
б) мезгілінен ерте босану
в) босанудан кейінгі қан кету
г) кеш босану
е) планцетаның ерте ажырауы
7. Тиреотоксикоз ауырған науқасты қарағанда анықталатын өзгерістер:
а) терінің түсінің сарғаюы, тырнақ іздері
б) қолының дірілдеуі, көз алмасының сыртқа шығуы
в) геморрагиялық бөртпелер, гематомалар
г) ұйқышылдық, ешнәрсеге қызықпаушылық
е) акроцианоз, герпестік бөртпелер
8. Тиреотоксикоз ауруынағы жалпы симптомдары:
а) дауысының қарлығуы, жөтелу
б) тұншығу, ентігу
в) ашушаңдық, тершеңдік
г) ұйқышылдық, сөйлеудің қиындауы
е) әлсіздік, ұйқылшылдық
9. Тиреотоксикозда жүргізілетін зертханалық диагностика:
а) зәрді қантқа тексеру
б) қандағы тиреотроптық гормонның деңгейін анықтау
в) қандағы билирубин деңгейін анықтау
г) лабораториялық тексеру жүргізілмейді
е) қандағы холестерин деңгейін анықтау
10. Эндемиялық зобтың дамуына ықпал ететін факторлар:
а) ас тұзын көп қолдану
б) жиі диетаны бұзу
в) организмдегі йодтың жетіспеушілігі
г) организмдегі темірдің тапшылығы
е) организмдегі фолий қышқылының тапшылығы
11. Эндемиялық зобпен ауырған науқастың терісі:
а) жылы, нәзік, жұмсақ
б) құрғақ, күс-күс, қатты
в) дымқыл, суық, жұмсақ
г) жылы, дымқыл, қатты
е) жұмсақ, дымқыл
12. Эндемиялық зобта қалқанша безінің өсу дәрежесін анықтайтын тексеру әдісі:
а) пальпация
б) перкуссия
в) анамнез жинау
г) лабораториялық тексеру
е) аускультация
13. Бүйрек үсті безінің секрециясының жетіспеушілігінен дамитын патологиялық процесс:
а) Қант диабетті
б) Аддисон-Бирмер ауруы
в) Иценко- Кушенга ауруы
г) Акромегалия
е) Гигантизм
14. Феохромоцитомалық гипертониялық криз кезінде енгізілетін дәрі:
а) фентоламин 5 мг
б) пропранолол 10 мг
в) индапамид 1,5 мг
г) верапамил 40 мг
е) нифедипин 5 мг
15. Науқастың бет пішіні толған айдай дөңгелек, бет ұшы қызарған, аяқ- қолдары арық жіңішке. Іш терісінде ал қызыл- пурпуралы немесе қою қызыл сызықтар (стрии) бар.
Бұл клиникалық көрініс эндокрин жүйесінің ауруларына тән:
а) Эндемиялық зобқа
б) Аддисон-Бирмер ауруына
в) Иценко- Кушенга ауруына
г) Акромегалия
е) Гипотиреозға
|
Достарыңызбен бөлісу: |