Тақырыбы: Жіті және созылмалы бронхиттер 1


Тақырыбы: Бронхылық демікпе



бет2/42
Дата16.05.2023
өлшемі384.98 Kb.
#473766
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42
ішкі аурулар2

Тақырыбы: Бронхылық демікпе.
1. Бронхтардың әртүрлі тітіркендіргіштерге сезімталдығының күшеюімен жүретін, көрінісі бронхтардың жалпылама ұстамалы обструкциясымен білінетін, тыныс жолдарының созылмалы қабыну ауруы:
а) бронхит
б) өкпе эмфиземасы
вбронхылық демікпе
г) пневмосклероз
е) өкпе абсцесі
2. Бронхылық демікпесінің негізгі клиникалық белгілері: 
а) инспираторлы ентігу, құрғақ жөтелу 
б) тұншығу, жөтелу шыңында созылмалы мөлдір қақырық тастау 
в) жөтелмен бірге іріңді қақырық тастау
г) жөтелмен бірге тот басқандай қақырық тастау
е) тамақтың жыбырлауы, құрғақ жөтел
3. Бронхылық демікпесіндегі қақырық түрі:
а) қызыл, көбікті 
б) көкшіл, көбікті 
в) мөлдір, созылмалы
г) іріңді,иісті
е) тот басқандай
4. Бронхылық демікпесінің асқынуы:
а) жүрек жетіспеушілігі 
б) плеврит 
в) астмалық статус
г) өкпеден қан кету
е) гипертониялық криз
5. Бронхылық демікпесіндегі қақырықтың микроскопиялық зерттеуінде анықталады:
а) лейкоциттер
б) эритроциттер
в) Крушман спиралі, Шарко-Лейден кристалы
г) Кох таяқшасы
е) а-типтік жасушалар 
6. Бронхылық демікпесімен ауыратын науқастардың кеуде қуысы:
а) бөшкелі
б) етікші 
в) паралиттік 
г) рахиттік
е) ладия тәрізді 
7. Бронхылық демікпесінде аускультацияда естіледі:
а) ірі көпіршікті ылғалды сырылдар
б) амфорлы дыбыс 
в) әртүрлі ысқырықты құрғақ сырылдар
г) майда көпіршікті ылғалды сырылдар 
е) плевраның үйкеліс шуы
8. Бронхылық демікпесінің тұншығу ұстамасында қолданатын дәрі-дәрмек:
а) 2% - 2,0 мл лидокаин 
б) 2,4% - 10,0 мл эуфиллин
в) 50% - 2,0 мл анальгин 
г) 5000 бірлік гепарин 
е) ампициллин 1,0
9. Астмалық статуста аускультацияда өкпеден естіледі:
а) құрғақ сырылдар, қатаң бронхиалды дем 
б) крепитация, майда көпіршікті ылғалды сырылдар
в) әртүрлі ысқырықты сырылдар 
г) «үнсіз өкпе», ешнәрсе естілмейді
е) қатаң бронхиалды дем 
10. Бронхылық демікпесінің тұншығу ұстамасы қанша уақытқа созылғанда астмалық статус дамиды: 
а) 12 сағат 
б) 18 сағат
в) 24 сағат
г) 20 сағат
е) 15 сағат
11. Бронхылық демікпесіндегі қан талдаудағы өзгеріс:
а) эритроцитоз 
б) эозинофилез
в) лейкоцитоз 
г) тромбоцитоз
е) лейкопения
12. Бронхылық демікпесіндегі ентігудің сипаты:
а) инспираторлы 
б) экспираторлы 
в) аралас 
г) жиі, беткейлі дем алу
е) терең, шулы 
13. Қақырықтың құрамынан Куршман спиралi мен Шарко-Лейден кристалы анықталады:
а) бронхылық демікпесінде
б) туберкулезде 
в) плевритте 
г) өкпенің қатерлі ісігінде
е) өкпе абсцессінде
14. Бронхылық демікпесінде эуфиллин ерітіндісін енгізу мақсаты:
а) интоксикацияны жою 
б) бронх түтікшелерінің тарылуын кеңейту
в) қан қысымын төмендету 
г) қақырықты түсіру
е) қан қысымын көтеру
15. Бронхылық демікпесінің себебіне жатады:
аөсімдік шаң тозаңдары 
б) иммунитеттің төмендеуі
в) жиі майлы тағамдарды қолдану
г) ауыр физикалық жүктеме
е) спирт ішімдіктерін жиі қолдану
16. Кеуде қуысының бөшкеленуі қандай ауруға тән:
а) перикардитке
б) бронхылық демікпесіне
в) жүрек ақауына
г) плевритке
е) крупозды пневмонияға
17. Бронхылық демікпесінің тұншығу ұстамасында қолдатынлатын ингаляция түрінде қолдатын бронходилятатор:
а) интал
б) эуфиллин
в) эфедрин
г) беродуал
е) изодрин 

18. Науқаста тұншығу ұстамасы 24 сағаттан ұзаққа созылған. Жалпы қарағанда науқаста экспираторлы ентігу терісі жайылмалы цианоз, мойын күре тамыры білеуленген шығыңқы. Аускультацияда өкпеден ешнәрсе естілмейді «үнсіз өкпе» симптомы. Бұл көрініс қандай патологиялық өзгеріске тән белгі: 
а) коллапсқа
б) астмалық статусқа
в) жүрек астмасына
г) өкпе ісінуіне
е) анафилактикалық шокқа


19. Бронхылық астмаға тән клиникалық белгінің бірі: 
а) таңертеңгі сасық иісті қақырық тастау
б) түнгі тұншығу ұстамасы
в) герпестік бөртпелердің шығуы
г) ауырған кеуде қуысына қарай қисаюы
е) инспираторлы ентігу

20.Терапия бөліміне А. атты 27 жастағы пациент мынадай шағымдармен келді: жөтелмен қиын бөлінетін шырышты қақырық, ентігу, әр күні бірнеше рет тұншығу ұстамасы мазалайды. Қарағанда тыныс алу жиілігі минутына 32 рет, өкпеде әртүрлі құрғақ сырылдар естіледі. Пациентте анықталған өзгерістер қай ауруға тән?
а) бронхылық демікпесі
б) жедел бронхит
в) созылмалы бронхит
г) пневмония
е)бронхоэктаз ауруы
21.Бронхылық астма ұстамасына күдіктенсеңіз, егер науқаста анықталса:
а) стридор, тұншығу, қандай бөліністі шырышты қақырық шығу
б) ентігу, кеуде торындағы жедел ауыруы, жөтел, қан түкіру
в) тұншығу, ентігу, қиындаған дем алумен, бет гиперемиясы, қозу
г) ентігу, бет гиперемиясы, Куссмауль демі, құсу 
е) ентігу қиындаған дем алумен, дистанционды сырыл








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет