Тақырыбы: Жіті және созылмалы бронхиттер 1


RADARMEDIA Что происходит с Пугачевой в Израиле, даже близкие в шоке



бет15/42
Дата16.05.2023
өлшемі384.98 Kb.
#473766
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42
ішкі аурулар2

RADARMEDIA
Что происходит с Пугачевой в Израиле, даже близкие в шоке
УЗНАТЬ БОЛЬШЕ
Тақырыбы: И. Ж. А. Миокард инфаркты. Миокард инфарктының асқынулары
1. Жіті коронар қанағымының бұзылуынан жүрек бұлшық етінің ишемиялық некроздануы:
а) жүрек ақауы
б) миокард инфаркты
в) коронар артериясының атеросклерозы
г) экссудатты перикардит
е) кардиомиопатия
2. Миокард инфарктының дамуына ықпал ететін қауіпті факторлардың бірі:
а) коронар артериясының тромбоэмболиямен бітелуі
б) диетаны жиі бұзу
в) көп сұйықтық ішу
г) инфекциялық ошақтар
е) иммундық жүйенің қызметінің төмендеуі
3. Миокард инфарктының негізгі клиникалық симптомы:
а) дем алысының жиілеуі
б) асқазан тұсының ауырсынуы
в) оң қабырға тұсының аурсынуы
г) жүрек тұсының ауырсынуы
е) сол қабырға тұсының ауырсынуы
4. Жүрек тұсы күйдіріп, ұйып, шаншып ауырады, ауырсыну сол қолға, сол иыққа беріледі ауырсыну бірнеше секундтан бірнеше сағатқа созылады. Бұл клиникалық көрініс қандай патологияға тән белгілер:
а) стенокардияға
б) миокардитке
в) артериалды гипертензияға
г) миокард инфарктына
е) жүрек ақауына
5. Миокард инфарктының диагностикалық тексеру әдісі:
а) сканерлеу
б) электрокардиография
в) фиброгастродуоденоскопия
г) рентгеноскопия
е) спирометрия
6. Миокард инфарктында электрокардиограммадағы өзгеріс:
а) Р- тісі екі өркештенеді
б) Р- тісі тегістеледі
в) ST- аралығы ұзарады
г) ST- аралығы изосызықтан жоғарлайды, Т-тісі теріс
е) RR- аралығы ұзарады
7. Миокард инфарктында қолданылатын дәрі:
а) гепарин 5000 әсерлі бірлік
б) 2,4 %- 10,0 мл эуфиллин
в) клофелин 0,000075 мг
г) индометацин 0,025г
е) ампициллин 0,5
8. Миокард инфарктының асқынуы:
а) кома
б) кардиогенді шок
в) анафилактикалық шок
г) коллапс
е) талма
9. Миокард инфарктындағы «ауырсыну» симптомының ұзақтығы:
а) бір- бірнеше секунд
б) бірнеше секундтан-10 минутқа дейін
в) бірнеше секундтан- 20 минутқа дейін
г) 20 минуттан бірнеше сағатқа дейін
е) 20- 30 минутқа дейін
10. Миокард инфарктының ұстамасында жедел жәрдем көрсету тактикасы:
а) тіл астына нитроглицерин беру, наркотикалық анальгетиктерді енгізу
б) қолдан дем беру
в) таңғыш салу, жүрекке сырттай массаж жүргізу
г) мұзды мұйық қою
е) науқасты тыныштандыру, тіл астына нифедипин беру
11. Миокард инфарктымен стенокардияның айырмашылығы:
а) ауырсыну ұзақтығы, нитроглицериннің әсері, қан қысымының төмендеуі, электрокардиограммадағы өзгерістер
б) дене қызуының өзгеруі
в) жүрек ұшы соққысының күшінің өзгеруі
г) тыныс алуының өзгеруі
е) зәр бөлінуінің өзгеруі
12. Миокард инфарктының клиникалық түрлері:
а) ангинозды, абдоминальді, астмалық
б) біріншілік, екіншілік, қайталамалы
в) адгезивті, фибринозды, экссудатты
г) тұрақты, тұрақсыз, тыныштықта
е) дилятациялық, гипертрофиялық, рестрикциялық
13. Эпигастрий аймағының ауырсынуы миокард инфарктының қандай клиникалық түріне жатады:
а) трансмуральді
б) астмалық
в) абдоминальді
г) симптомсыз түріне
е) интрамуральді
14. Миокард инфарктында қан қысымының өзгеруі:
а) қалыпты, өзгермейді
б) веноздық қысымның жоғарлауы
в) күрт төмендейді
г) систолдық көрсеткіші жоғарлайды
е) диастолдық көрсеткіші төмендейді
15. Миокард инфарктының «ауырсыну» симптомын басу үшін қолданылады:
а)1% -1,0 мл морфий ертіндісі
б) гепарин 5000 әсерлі бірлік
в) ацетилсалицил қышқылы 0,5г
г) 2,4 % -10,0 мл эуфиллин ертіндісі
е) кардиомагнил 75 мг
16. Миокард инфарктында қан ұю процессін реттейтін дәрі:
а) гепарин 5000 әсерлі бірлік
б) гипотиозид 25мг
в) эуфиллин 2,4 % - 10 мл
г) строфантин 0,05% - 1мл
е) коргликон 0,06% - 1мл
17. Жүрек қанайналымының бұзылуынан жүрек бұлшық етінің некроздануы:
а) миокард инфаркты
б) стенокардия
в) жүрек ақауы
г) ревматизм
е) кардиомиопатиялар
18. Миокард инфарктына ықпал ететін фактордың бірі:
а) коронарлық артерияларының тромбоэмболиясы
б) салауатты өмір салтын ұстану
в) организмге инфекцияның түсуі
г) ас тұзын жиі, көп қолдану
е) сұйықтықты көп мөлшерде қолдану
19. Миокард инфарктының астмалық түрін дифференциалды диагностика жүргізу қажет:
а) бронх демікпесінің тұншығу ұстамасымен
б) тыныштықтағы стенокардиямен
в) гипертониялық кризбен
г) анафилактикалық шокпен
е) Квинке ісігімен
20. Электрокардиограммадағы ST- сегменті изосызықтан өте жоғары, Т- тісі теріс көрінісі тән:
а) миокард инфарктына
б) стенокардияға
в) жүрек ақауына
г) ревматизмге
е) перикардитке
21. Миокард инфарктысымен ауырған науқастардың денсаулығын қайта қалпына келтіру:
а) реабилитация
б) реабсорбция
в) регенерация
г) гемабсорбция
е) секреция
22. Жедел коронарлық синдромға жатпайды:
а) миокард инфаркты патологиялық Q- тісшесімен
б) миокард инфаркты патологиялық Q- тісшесіз
в) тұрақсыз стенокардия
г) тұрақты стенокардия
е) тыңыштықтағы стенокардия
23. Жүрек бұлшық етінің некроздануының электрокардиограммадағы негізгі белгісі:
а) ST - сегментінің төмендеуі
б) ST - сегментінің жоғарлауы, Т-тісшесі теріс
в) R - тісінің вольтажының төмендеуі
г) Q - тісінің кеңеюі
е) RR –аралығы ұзарады
24. Жедел миокард инфарктымен ауырған науқастарға физикалық реабилитация жүргізу:
а) күнделікті физикалық күштеме түсіру
б) физикалық күштемені оптимальді деңгейде түсіру және ұстау
в) физикалық күштемені шектеу
г) күнделікті физикалық күшті нитрат тобындағы дәрілерді қабылдаумен бірге жүргізу
е) физикалық күштемені үш күнде бір түсіру
25. Жедел миокард инфарктындағы шынайы кардиогенді шоктың себебі:
а) инфарктан кейінгі перикардит
б) трансмуралды миокард инфаркты
в) жүрек ритмінің өзгеруі
г) кардиомиопатия
е) аорта аневризмасы
26. Миокард инфарктысының астмалық түрiне тән:
а) инспираторлық ентiгу,қан қысымының төмендеуi
б) төс артының ауырсынуының 30 минуттан асуы
в) қан қысымының көтерiлуi
г) эпигастрий аймағында ауырсыну сезiмiнiң болуы
е) экспираторлы ентігу, әлсіздік
27. Кардиогенді шокта қан қысымы төмендегенде енгізілетін дәрі: 
а) дроперидол
б) допамин
в) диклофенак
г) димедрол
е) де-нол
28. Науқастың асқазан тұсының ауырсынуы, құсуы, қара терге түсті. Терісі бозарған .Қан қысымы 70/40 мм.с.б. Миокарт инфарктының қандай түрі? 
а) Миокарт инфарктының абдоминальді түрі
б) Миокарт инфарктының ангинозды түрі
в) Миокарт инфарктының церебральды түрі
г) Миокарт инфарктының кардитді түрі
е) Миокарт инфарктының астмалық түрі








Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   42




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет