1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)
2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)
3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)
Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн
Көрнекіліктермен жұмыс.
А) жолда жүру ережесінің сақталуы
Ә) көлік түрлері
Б) жол белгілері
Қорытынды.
Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын,
Түсіріп ұнжырғасын.
Мақтарал ауданы білім бөлімінің
„№25 Г. Титов атындағы жалпы орта мектебі”
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Тақырыбы:
Жолдан тағы қай жерде өтуге болады
Бастауыш сынып мұғалімі: Б. Жакипова
Тақырыбы: Жолдан тағы қай жерде өтуге болады
Мақсаты: Жолда жүру ережесі жайлы әңгімелеу.
Барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Достарыңызбен бөлісу: |