Тақырыбы: Жүргіншілер өтпелері


ІІІ - бөлім: «Үйренейік, білейік»



бет25/27
Дата15.02.2024
өлшемі1.93 Mb.
#491767
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
ІІІ - бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 - дана болу керек.

Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.

ІҮ - бөлім:.

Жұмбақтар шешу.

Әр топ бір - біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
ІҮ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)


Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады.


Ордабасы ауданы
«Темірлан» жалпы білім беретін
коммуналдық мемлекеттік мекемесі


Тақырыбы:
Автобуспен және троллейбуспен сапарға шығу



Бастауыш сынып мұғалімі: М.Саяхова
Тақырыбы: Автобуста және троллейбуста жүру


Мақсаты :

1. Оқушыларға автобуста және троллейбуста жүру ережесі туралы жалпы мағлұмат беру.


2. Жол ережесін бұзғанда болатын қауіп-қатер туралы ескерту.


3. Жолда жүргенде абайлап жүруге тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Сурет, жол белгілері, сөзжұмбақ.

Не білу керек?


* Жолаушының ережелерін, жол белгілерін ажырата білу.


Не істей білу?


* Жолда жүру ережелерін орындай білу.


Бағдаршамсыз жағдайда жолдан қалай өту керек?


Бағдаршамсыз жағдайда көшеден өтерде алдымен сол жағыңа, ал көшенің ортасына жеткенде оң жағыңа қара. Жүріп келе жатқан көлік көрсең, оны өткізіп жібергенің дұрыс. Жолдан өтерде ешқашан асықпа, жүгірме.


Үлкен даңғылдарда өтіп үлгермеген жағдайда,


қай жерде күту керек?


Аялдамада тұрған троллейбусты қай жағынан өтуге болады?


Аялдамада тұрған автобустың сырт жағынан айналып өт, сонда сен оның соңында келе жатқан машинаны көре аласың.


Көшеде әркімнің өз жолы бар:


Адам - жүргіншілер жолы
(ала жолақ), тротуармен.
Машиналар- даңғылмен.
Велосипед - жол жиегі.
Трамвай – рельспен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет