Тақырыбы: «Көк тудың желбірегені» Мақсаты



Дата17.02.2024
өлшемі13.99 Kb.
#492220
Кук тудинг жебирегени


Тақырыбы: «Көк тудың желбірегені»
Мақсаты: Өз елінің өткен тарихын біліп, ата - бабамыз аңсаған, ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен келген тәуелсіздіктің, гүлденген Тәуелсіз ел - Қазақстанның болашағы ұрпақ қолында екенін сезіне білуге тәрбиелеу. Балалардың бойына Отансүйгіштік қасиетін сіңіріп, елін, жерін қорғауға баулу.
Көрнекілігі: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, «Қазақ елі»слайд.
Шаттық шеңбері:
Көк аспанда күн күлсін
Бірге күлсін бүлдіршін
Ұл қолында ту жүрсін
Қыз қолында гүл жүрсін
Көк аспанда көк туым
Жарқырасын күн бүгін
Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

Балалар, бүгінгі оқу іс - әрекетіміздің тақырыбы: «Желбірейді көк туымыз».


- Балалар, біз аспаны ашық, сәулелі, кең байтақ елде тұрамыз.
Ол – ел?
Қазақстан Республикасы
- Балалар, біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан Республикасы
Қазақстан Республикасының бас қаласы қай қала?
Астана қаласы
Қазақстан Республикасының елбасы кім?
Қ Тоқаев№
- Балалар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздерін білеміз бе?
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері Ту, Елтаңба, Гимн.
- Балалар, орнымыздан тұрып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайық. Балалар, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнін орындайды.
Балалар, Қазақстан Республикасының Гимнінің сөзін жазған кімдер?
Балалар жауабы
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туының түсі қандай?
Көгілдір
Туымызда не бейнеленген? Тудың авторы кім?
Қазақстан Республикасының Елтаңбасында не бейнеленген?
Елтаңбаның авторы кім?
- Балалар, 1992 жылы 4 – ші маусымда Елбасымыз ту шашағын сүйіп тұрып, қасиетті ту желбіресін, күніміз мәңгі сөнбесін!- деген болатын. Осы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері туралы кімдер тақпақтар біледі?
Көк туымыз бетінде
Қыран бүркіт қанаты
Сол қырандай еркіндеп
Біз өсеміз талапты

Елтаңбасы елімнің


Неткен әйбат, әдемі
Тұнығындай көңілдің
Ортада аспан әлемі
Гимні елімнің
Шақырады бірлікке
Егеменді халқымның
Болашағы бірлікте.
Иә, балалар әр елдің, мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздері бар. Мыңдаған жылдардың тарихы бар еліміз өз тәуелсіздігін алды. Азаттық, Теңдік, Тәуелсіздік,
Осы үш ұғымның салтанат құруы жолында қаншама қиындықтарды бастан кештік. Иә, Тәуелсіздік шежіресіне бір сәт көз жүгіртіп, көрейікші. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері ел мен жер үшін қаншама адам тер төкті. 1986 жылы Алматы қаласында өткен желтоқсан көтерілісінде де өрімдей жастар азаттық үшін жандарын пида етті.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет