Көмірқышқыл газы және оның тұздары H2CO3 – әлсіз қышқыл, тек ерітінді күйінде ғана кездеседі. Суға және көмірқышқыл газына ыдырайды.
Құрылысы. Көмір қышқылының Н2СО3 құрылымдық формуласы мен масштабтық моделі берілген.
Көмір қышқылының молекуласындағы барлық химиялық байланыстар – коваленттік полюсті.
Алынуы Көмір қышқылы көміртек (IV) оксиді суда ерігенде ішінара түзіледі. Ол – ерітіндіде ғана бола алатын әлсіз, тұрақсыз қышқыл:
Н2О + СО2 → Н2СО3
Газдалған суды алғанда да осындай реакция жүреді. Табиғатта кездесетін минералды сулар да (мысалы, нарзан) осындай реакция нәтижесінде түзілген, олардың құрамында СО2 және әртүрлі ерімтал тұздар болады.
Көмір қышқылының тұздары Көмір қышқылы Н2СО3 екінегізді қышқыл ретінде орта тұздар – карбонаттар, қышқыл тұздар гидрокарбонаттар түзеді.
Мысалы, Na2CO3 натрий карбонаты, NaHCO3 натрийдің гидрокарбонаты, СаСО3 кальций карбонаты, Са(НСО3)2 кальцийдің гидрокарбонаты.
Кейбір карбонаттар, мысалы, кальций карбонаты (әктас, бор, мәрмәрдің негізгі құрамбөлігі) табиғатта кең тараған. Басқа карбонаттар, мысалы, натрий мен калидің карбонаттары өндірісте және зертханада алынады. Зертханада карбонаттарды тұздарды алудың жалпы әдістері бойынша алуға болады. Көмір қышқылының тұрақсыздығынан, бұл мақсаттар үшін оның орнына көміртек (IV) оксиді қолданылады.
Көмір қышқылының тұздарының ішінде натрий карбонатының Na2CO3 (кальцийленген сода) практикалық маңызы бар. Ол – ақ түсті кристалды зат. Сабын, шыны өндіруде, тоқыма өндірісі мен қағаз алуда және тұрмыста жуғыш зат ретінде қолданылады.
Қолданылуы Карбонаттардың үлгілері: а - мәрмәр; ә - бор
1-тапсырма. Бекіту тапсырмасы Дескриптор: Білім алушы - Берілген қосылыстардағы көміртектің тотығу дәрежесін анықтайды ;
Келтірілген қосылыстардың құрамындағы көміртек атомының тотығу дәрежелерін анықтаңдар. CH4 ,CO,COCI2, HCOOH , CO2, C2H5OH, H2CO3