Тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстарының қасиеттері



бет1/5
Дата22.09.2023
өлшемі3.2 Mb.
#478277
  1   2   3   4   5
көміртек


Тақырыбы: Көміртек және оның қосылыстарының қасиеттері

Оқу мақсаты
Бағалау критерийлері

көміртек, кремний және олардың қосылыстарының физикалық, химиялық қасиеттерін сипаттай алады;
Көміртектің жалпы сипаттамасы
Табиғатта таралуы
Көміртек адамзатқа өте ертеден белгілі. Көміртекті 1787 жылы француз ғалымы А.Лавуазье ашқан. Элемент атауы латынның carbo - көмір деген сөзінен шыққан. Оған -4, +2, +4 тотығу дәрежелері тән.
Көміртек табиғатта кең таралған, ол табиғатта бос күйінде де, қосылыс түрінде де кездеседі. Көміртек бос күйінде алмаз, графит және карбин түрінде кездеседі. Алмаз сирек, ал графит оған қарағанда көбірек таралған. Таза графит Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында өндіріледі.
Көміртек кез келген тірі организмнің және таскөмірдің, мұнайдың, шымтезектің, табиғи газдың құрамында кездеседі. Сондай-ақ көміртек магнезит MgCO3, кальцит CaCO3, доломит CaCO3*MgCO3 сияқты минералдардың құрамына кіреді. Қара мәрмәрдің бай кен орындары Ащысайда табылған. Сонымен қатар Маңғыстаудың әктасы мен Жетіқараның асбест кен орындары да белгілі.
Ауа атмосферасында тыныс алу, шіру процестерінің өнімі – CO2 түрінде кездеседі.
магнезит
кальцит
доломит
Физикалық қасиеттері
Көміртектің аллотропиялық түр өзгерістері
Алмаз
Графит
Фуллерон
Карбин
Адсорбция
магний
1. Адсорбция басталғанда 2. Адсорбциядан кейін
Газ тәріздес немесе еріген заттардың қатты заттың бетінде сіңірілуі адсорбция, ал бөлінуі десорбция деп аталады.
Бетінде адсорбция жүретін заттар – адсорбенттер, ал сіңірілетін заттар адсорбаттар деп аталады.
Ағаш көмірі ауа қатыстырмай қыздырғаннан кейін де өзінің жұқа ұсақ шұрықтық құрылысын сақтайды әрі бетінің ауданы ұлғаяды. Соған байланысты оның ерекше қасиеті бар. Онымен төмендегі тәжірибе нәтижесінде танысуға болады. Егер бояудың не сияның ерітіндісін ағаш көмірінің ұнтағымен араластырып шайқаса, ерітінді түссізденеді. Бұндай көріністі көмірдің кішкене кесегін қоңыр түсті газға батырғанда да байқауға болады. Бұл тәжірибе ағаш көмірінң қалыпты жағдайда газдар мен еріген заттарды сіңіретінін көрсетеді. Қыздырғанда кері процесс жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет