Тақырыбы: Көз рефракциясы және медицинадағы рефрактометрлік зерттеу әдістері. Көздің және сұйықтықтардың сыну көрсеткіштері. Интроскопия



бет2/5
Дата03.04.2024
өлшемі1.84 Mb.
#497549
1   2   3   4   5
12. Сұйықтың сыну көрсеткішін өлшеу.



Вакуумдағы жарықтың таралу с жылдамдығы ( ) берілген ортадағы жарықтың таралу жылдамдығына υ қатынасы, ортаның абсолюттік сыну көрсеткіші деп аталады.
(3)


Толық ішкі шағылу


қатынасынан көргеніміздей егер сәуле тығыздығы аз ортадан тығыздығы көп (яғни ) ортаға өткенде сыну бұрышы β түсу бұрышынан α аз болады (2-сур.). Егер орталардың сыну көрсеткіштері болса, онда түсу және сыну бұрыштары мынаған тең β . Осы жағдайда түсу бұрышы сынудың шекті бұрышында 900 тең. Осыған сәйкес түсу бұрышы толық ішкі шағылудың шекті бұрышы αшекті деп аталады. Жарық ααшекті түскенде сынған сәуле болмайды, жарық бірінші ортадан шықпайды және толық ішкі шағылу құбылысы орын алады.
2-сурет. Тығыздығы көп ортадан тығыздығы аз ортаға өткендегі толық ішкі шағылудың пайда болуы
Ішкі толық шағылу құбылысы талшықты оптикада қолданыс тапты. Сыну көрсеткіші аз затпен қоршалған мөлдір талшықтың ішіне жарық түседі де бірнеше рет шағылады және осы талшық бойымен таралады (3-сур.). Толық ішкі шағылуда шағылу коэффициенті салыстырмалы түрде жоғары болу (»0,9999) есебінен шығын көбінесе талшықтың ішіндегі заттың жарықтың жұтылуымен жүреді. Медицинада жарық түтігі: ішкі ағзаларды жарықпен жарықтандыру үшін жарық энергиясын беруде және кескінді алуда қолданылады. Талшықты оптиканың мысалы ретінде эндоскоптар (4-сур.) және гастроскоптарды алуға болады, олардың көмегімен асқазанды тек қана көріп қоймай, диагностика мақсатында қажетті суреттерді түсіруге мүмкіндік береді.



3-сурет 4-сурет

Шекті бұрыштың шамасы: , (онда ) (4)


Егер жарық сыну көрсеткіші бар заттан ауаға өтетін болса, онда


(5)
Екі ортаның шекарасындағы шекті бұрыштың шамасы тек осы орталардың сыну көрсеткішіне тәуелді. Сондықтан шекті бұрыштың шамасын орталардың біреуінің сыну көрсеткішін анықтау үшін егер басқа ортаның сыну көрсеткіші белгілі болған кезде ғана қолданады. Шекті бұрышты шағылған және өтетін жарық арқылы бақылауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет