Жүйкелік түрлерінде менингит, менингоэнцефалит, ми абсцессі дамиды. Ерте жастағы балаларда кездеседі. Менингеалді симптомдары пайда болады.Кернинг, Брудзинский симптомдары байқалып, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі анықталады. Ликвор мөлдір, қысымы жоғары, белоктың құрамы жоғарлап, қанттың құрамы мен хлоридтер өзгермейді. Серозды менингит іріңді түріне ауысуы мүмкін. Менингоэнцефалит түрінде қосымша жүйкелік ошақты симптомдар байқалады - птоз, анизокория, стробизм, патологиялық рефлекстер. Перифериялық жүйке жүйесі зақымдалғанда парездер, салданулар қалыптасады. Кейбір жағдайларда полирадикулоневрит дамиды. - Жүйкелік түрлерінде менингит, менингоэнцефалит, ми абсцессі дамиды. Ерте жастағы балаларда кездеседі. Менингеалді симптомдары пайда болады.Кернинг, Брудзинский симптомдары байқалып, шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі анықталады. Ликвор мөлдір, қысымы жоғары, белоктың құрамы жоғарлап, қанттың құрамы мен хлоридтер өзгермейді. Серозды менингит іріңді түріне ауысуы мүмкін. Менингоэнцефалит түрінде қосымша жүйкелік ошақты симптомдар байқалады - птоз, анизокория, стробизм, патологиялық рефлекстер. Перифериялық жүйке жүйесі зақымдалғанда парездер, салданулар қалыптасады. Кейбір жағдайларда полирадикулоневрит дамиды.
- Терілік түрі сирек кездеседі . Қоздырғыштың зақымданған тері арқылы енген кезінде дамиды. Алдымен қышитын дақ, одан кейін папула, әріқарай везикула пайда болады. Везикуланың көлемі 2 см дейін үлкейіп жарылады. Листериозды жара қызарған жиегімен қоршалған, ауыру сезімі байқалады. Регионарлы лимфаденит қалыптасады. Орташа дәрежеде улану симптомдары байқалады.
- Сепсис тәрізді түрі өте ауыр түрде өтеді: жоғары қызбаға, айқын интоксикация белгілеріне, гепатолиеналді синдромға әр түрлі ағзалардың зақымдалуы қосылады - полисерозит, гепатит, перикардит және т. б.
Жүкті әйелдердің листериозы. Жүкті әйелдер листериоздаң кез келген түрімен ауыруы мүмкін. Кейде жүкті әйелдерде босанғанға дейін бірнеше апта бойы түсініксіз қызба байқалады. Кейбір жағдайда жүкті әйелдер жеңіл тұмау тәрізді аурумен ауырады. Сонымен, 137 жүкті әйелдерді көп дүркін (7рет) тексеру барысында, олардың 60ның (44%) нәжісінен листериялар бөлінген. Ал өзге тексерулерде листериялар олардың нәжісінің 12% табылған. - Жүкті әйелдердің листериозы. Жүкті әйелдер листериоздаң кез келген түрімен ауыруы мүмкін. Кейде жүкті әйелдерде босанғанға дейін бірнеше апта бойы түсініксіз қызба байқалады. Кейбір жағдайда жүкті әйелдер жеңіл тұмау тәрізді аурумен ауырады. Сонымен, 137 жүкті әйелдерді көп дүркін (7рет) тексеру барысында, олардың 60ның (44%) нәжісінен листериялар бөлінген. Ал өзге тексерулерде листериялар олардың нәжісінің 12% табылған.
- Жаңа туылғандардың листериозы. Туа біткен листериоз ауыр ағымымен және жиі нәрестенің өліміне әкелу мен сипатталады. Іштегі нәресте ауруды жұқтырғанда, ол өлі немесе шала туылады. Интранаталді листериоз 7 күннен бастап дамиды: жиі менингит, менингоэнцефалит түрінде өтеді. Сепсис қалыптасады. Өмірінің алғашқы 2 аптасында өлім жағдайына душар болады. Неонаталді листериоз өте ауыр түрде өтеді. 2-3 күннен кейін қызба, улану симптомдары, пневмония, ауыр дистресс синдром қалыптасады. Аурудың бұл түрі септикалық-гранулематозды деп аталған. Аурудың негізгі белгілері: қызба (38-39°C), демікпе, көгеру. Сыртқы тыныс алу жолдарымен қатар, өкпеде зақымға ұшырайды. Бауыр ұлғайып, сарғыштану пайда болады, көкбауырдың ұлғаюы сирек кездеседі. Экзантема да білінген. Экзантема кеудемен аяқ-қолда орналасады. Басында қоңыр- қызыл дақ пайда болып, одан әрі олар папулаға айналады. Жазылғаннан кейін 15-20% сауыққандарда орталық жүйке жүйеде резидуалді құбылыстар сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |