Тақырыбы: «Листериоз» Дайындаған.Әділханқызы Жәудір


Клиникалық көріністері. Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуін А.М., Дмитровский (2002ж.) ұсынған



бет3/6
Дата28.11.2023
өлшемі0.8 Mb.
#484714
1   2   3   4   5   6
603283 (2)

Клиникалық көріністері.

Листериоздың клинико-патогенетикалық жіктелуін А.М., Дмитровский (2002ж.) ұсынған.

Листериоздың жасырын кезеңі 3-45 күнге дейін созылады. Листериоздың клиникалық ағымы полиморфизммен сипатталады. Аурудың барлық түрлері толық зерттелмеген. Клиникалық көріністер жұғу жолдарына, ошақтардың орналасқан жеріне, организмнің иммунды жауаптың күшіне байланысты.

Ағымы бойынша жедел, жеделдеу, созылмалы түрлері анықталған. Аурудың жедел түрі кенеттен басталып, науқаста қалтырау, дене қызуының көтерілуі, улануы (бас ауыруы, ұйқысыздық, бұлшық еттердің ауыруы) байқалып, тәбеті жоғалады. Жеделдеу түрі 1,5-3 айға созылады. Листериондың созылмалы түрінде қоздырғыштың организмде ұзақ уақыт болуының әсерінен ауру белгісіз өтіп, өршу кезеңінде қысқа қызбамен, катаральды симптомдарымен өтеді. Созылмалы пиелонефриттің ағымына ұқсайды. Жүкті әйелдерде аурудың осы түрі жиі кездеседі.Сондықтан, листериоздың клиникалық жіктелуі өте күрделі, әлі толық анықталмаған. Бұл мәселе листериоздың клиникалық көріністерінің полиморфты болуына байланысты.

Листериоздың клиникалық түрлері:

  • ангинозды-септикалық;
  • көз - бездік;
  • бездік- листериозды паротит кездесуі мүмкін;
  • жүйкелік түрлері (менингит, менингоэнцефалит, энцефалит, психоз);
  • сүзек тәрізді;
  • терілік (жаралық);
  • респираторлы (пневмония, бронхит);
  • абдоминалді;
  • гениталді (уретрит, простатит, сальпирнгоофорит);
  • жүкті әйелдердің листериозы;
  • жаңа туылғандардың листериозы.
  • Листерия-тасымалдаушылық түрі де кездеседі. Бұл жағдайда клиникалық көріністері байқалмайды.

Ең жиі кездесетін түрі - ангинозды-септикалық. Катаралді немесе фолликулярлы баспа дамиды. Қызба 38,5°С 5-6 күнге созылады. Шеткі қанда өзгерістер анықталмайды. Ауру айығумен аяқталады. Ойық жаралы-үлдірлі ангина тәрізді өтуі мүмкін. Қызба 39°C - 10-12 күнге созылады. Бауыр, көкбауыр ұлғаюы мүмкін. Шеткі қанда - лейкоцитоз, лимфоцитоз, моноцитоз.ЭТЖ жоғарлайды. Ауру сепсиске айналып кетуі мүмкін. Бұл жағдайларда ремиттерлеуші қызба, теріде полиморфты бөртпелер, бауыр, көкбауырдың ұлғаюы, қанда мононуклеарлардың саны өсуі байқалады. Инфекциялық эндокардит қалыптасып, өлімге әкеліп соғуы мүмкін.

  • Ең жиі кездесетін түрі - ангинозды-септикалық. Катаралді немесе фолликулярлы баспа дамиды. Қызба 38,5°С 5-6 күнге созылады. Шеткі қанда өзгерістер анықталмайды. Ауру айығумен аяқталады. Ойық жаралы-үлдірлі ангина тәрізді өтуі мүмкін. Қызба 39°C - 10-12 күнге созылады. Бауыр, көкбауыр ұлғаюы мүмкін. Шеткі қанда - лейкоцитоз, лимфоцитоз, моноцитоз.ЭТЖ жоғарлайды. Ауру сепсиске айналып кетуі мүмкін. Бұл жағдайларда ремиттерлеуші қызба, теріде полиморфты бөртпелер, бауыр, көкбауырдың ұлғаюы, қанда мононуклеарлардың саны өсуі байқалады. Инфекциялық эндокардит қалыптасып, өлімге әкеліп соғуы мүмкін.
  • Бездік түрлері қызбамен, улану симптомдарымен, лимфа түйіндерінің ұлғаюы мен және ауру сезімі мен сипатталады.
  • Көз-бездік түрі сирек кездеседі. Ауру жануарлар мен қатынысқан кезде дамиды. Конъюнктивит белгелері анықталады. Ерекшілігі конъюнктивада көлемі 3 мм шамасында сарғыш түсті гранулемалар (фоликуллалар) көрінеді.Ортасында листериялар орналасады. Роговица зақымданмайды. Көз көруі нашарлап, жергілікті лимфа түйіндері ұлғаяды. Шеткі қанда моноцитоз -10%, лимфоцитоз - 35-50%. Аурудың ұзақтылығы 1-3 айға дейін барады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет