«Менен сұрақ, сенен жауап»
«Тізбекті үзбе» ойыны.
«Мен мамандық әлеміндемін»
«Ең, ең» ойыны.
«Ситуациялық сұрақтар».
Кезең: «Менен сұрақ, сенен жауап» деп аталады. Оқушылар сұрақтарға жауап береді.
Өзіңннің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?
Сен ол мамандық туралы не білесің?
Мамандық таңдамауыңның себебеі неде?
Сенің мамандық таңдауына кім әсер етті?
Қай жақта оқығанды ұнатасың?
Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?
Адамның мамандық таңдауы оның әлеуметтік жағдайына әсер ете ме?
Келесі кезең «Тізбекті үзбе» ойыны.
Қатысушының бірі мамандықты айтады,келесі оқушы сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандық түрін айту керек. Мысалы: мұғалім - медбике
Балалар, сендердің ойларынша кәсіптік мамандық таңдағанда не маңызды болып табылады?
Біз сендермен кәсіптік мамандық таңдағанда ең маңызды болып табылатын шарттарды таңдап көрейік.
1. Ақша: мамандық материалдық жағынан жақсы болу керек.
2. Өзін таңдаған мамандықты жақсы көру.
3. Абырой: аула тазалаушы болғаннан гөрі хирург болған жақсы.
4. Диплом: алдымен диплом алсам болды, профессия артынан табылады.
Осы көз қарастарды ұстанған оқушылар, таңдаған көзқарастары бойынша топтарға бөлініп отырып, өз таңдауларын қорғау қажет.
«Мен мамандық әлеміндемін»
Психологтар әр мамандыққа қай құрал жақын екендігін анықтады, мамандықты сипаттайтын құрал түрі үшеу болуы мүмкін. Мұндай әртүрлі бағалау берілген мамандық үшін қандай еңбек құралы екінші болып саналатындығына байлансты,бізге бір топ ішіндегі мамандықтарда дп айыруға мүмкііндік береді. Бұл бөлімде атааулар мен мамандық арасындағы байланысты тауып, атауларға қатысты мамандық түрлерін табу керек.
Достарыңызбен бөлісу: |