«Адам - табиғат» Кәсіптер: тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, химиялық – бактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебер және т.б.
«Адам - техника» Кәсіптер: үнгуші, ағаш шебері, инженер- механик, сәулетші,
құрылысшы, компьютер құраушы, радиомеханик.
«Адам - адам» Кәсіптер: мұғалім, дәрігер, саудагер, психолог, т.б.
«Адам – шығармашылық бейне» Кәсіптер: әртіс, суретші, жазушы, ақын,әнші.
«Мамандықты тап» жаттығуы.
Бір оқушы шығып бір мамандық иесін қимыл арқылы бейнелейді,қалған оқушылар соны табу керек.
«Ең,ең» бөлімі.
Ең табысты мамандық иелері ( банк қызметкерлері, экономист)
Ең жасыл түсті мамандық иелері (бақташы, гүл өсіруші, эколог)
Ең тәтті мамандық иелері ( аспаз, кондитер)
Ең күлкілі мамандық иелері ( сайқымазақ)
Ең жауапты мамандық иелері ( сот, бухгалтер, дәрігер)
Ең салмақты мамандық иелері (мұғалім,заңгер)
Келесі бөлімге көшейік, пікірсайысымыздың келесі бөлімі «Жағдаяттық сұрақтар»
Сен өзіне ұнаған мамандықты таңдадың, алайда ол мамандық иесі болуына
ата- анаң қарсы. Сен сол кезде не істер едің?
Ата – анаң саған бір мамандықты таңдап берді, бірақ ол мамандық саған мүлдем ұнамады. Сен ата - анаңнаң шешіміне қарсы боласың ба?
Жаттығу «Жаңа мамандықтар»
Оқушылар сол бөлінген топтарында отыра береді. Жүргізуші жаңа мамандықтар атауы жазылған 2 карточканы таңдап алуды ұсынады. Ол карточкада ол мамандықтар туралы түсініктеме берілмеген. Оқушылардың негізгі мақсаты алған мамандық атауына өмірлік тәжірибелеріне және де сол манадықтың атауына мән бере отырып сипаттама беріп көру. Әр бір мамандықтың атауына оқушылар өз түсініктемелерін бергенен кейін, нақты жауабын жүргізіші слайд арқылы сол мамандық туралы толық түсініктеме, сипаттамасын береді.
Ассистент (англ. - assistant) – белгілі бір фирма басшысының барлық қызметтеріне жекелей көмегін көрсетіп, ұйымдастырып отыратын қызметкер.
Дистрибьютор (англ. – distribute - распределять) – белгілі бір фирманың өнімдерін тікелей сату мен оларды насихаттау жұмысымен айналысатын қызметкер. Сол фирманың келісім шарты бойынша жұмыс атқарады.
Координатор – белгілі бір жұмыс орынында басқада фирмалармен өз ара жұмыс барысын жүйелі жүргізіп отыруға тапсырыстардың орындалуын қадағалап отыратын маман. Және де кіріс шығысты есебін жасаушы.
Логистик – от “логистика” – кеден транспорттарының мендежері. Яғни жүк тасмалдау жұмыстарын ұйымдастырушы, жүк тасмалдаушылармен және жүк жіберуші арасындағы жүк қабылдауларды бақылайды.
Копирайтер – Белгілі бір фирманың тапсырмасы бойынша жарнама шығарушы адам. Ол жарнама аясында жарнамалық мәтіндер, пресс – релиздер т.б. жасайды. Бұндай қызметтегі адамдарға жоғары шығармашылық қабілет және ойлау мен тілдерді жетік меңгерулері қажет.
Мерчандайзер – жекелей тауарлардың сатылуына тікелей жауап беретін маман. Сол өнімдердің бағаларымен жарнамалануына сонымен қоса дүкендердің сөресінде тауарлардың орналастырылуын бақылаушы.
Супервайзер (англ.- supervisor – бақылаушы және қадағалаушы) – өнімдердің таралу бағыттарын беруші және де сол өнімдердің сатылуын бақылап, қадағалап отыратын маман.
Медиатор (сотқа дейінгі арақатынасты шешуші.) – белгілі бір мәселеге байланысты түсінбеушіліктер туындаған жағдайда сотқа дейін бұл келіспеушіліктің себеп салдарын анықтап беретін маман.
Қорытынды:
Мұғалім сөзі:
Біздің бүгінгі сабағымызды ұлы данышпан Әбу – Насыр әл – Фарабидің мынандай сөзімен қорытындылауды жөн санадым: «... адам кез келген жұмысқа жарамды бола бермейді... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса білгір және шебер болып шығады. Қандай әрекет істесек те содан рахат табу, соның рахатын көру біздің мақсатымыз болып табылады»
Бүгінгі біздің «Мамандық – өмір таңдауы» тақырыбында өткен ашық тәрбие сағатымыз осымен аяқталды. Әрқайсыңыз білікті әрі мықты маман иесі атанып,еліміздің дамуына өз үлесін қосатын азамат пен азаматша атанады деп сенім білдіреміз.
Достарыңызбен бөлісу: |