Тақырыбы: Мәңгілік Ел» стратегиясы және «Рухани жаңғыру»: Абай философиясындағы «Толық адам» концепциясы


Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы



бет2/2
Дата31.01.2024
өлшемі29.1 Kb.
#490413
1   2
Òà?ûðûáû Ì??ã³ë³ê Åë» ñòðàòåãèÿñû æ?íå «Ðóõàíè æà??ûðó» Àáàé ô

Ортақ болашағы бар ұлттың қалыптасуы
«Мәнгілік ел» ұлттық идеясының мәні мен маңызы. «Мәңгілік ел»- ежелгі түркілер мұраты. «Мәңгілік ел» - бабалардан мұраға қалған тарихпен суарылған қазақ халқының арманы. «Мәңгілік ел» идеясының негіздері: тарихи сабақтастық; қазақ мәдениеті; еркіндік; бірлік; күшті мемлекет; жоғарғы мақсаттар; ұлы болашақ. «Мәңгілік елдің негізгі кезеңдері: ұлттық мемлекетті құру және халықты біріктіру идеясының пайда болуы; ұлттық мемлекетті қолдау үшін күрестер; халықты қорғаушылардың қасіреті. Елбасының мемлекеттіліктің жаңғыруы және халықтың бірігуіндегі орны. Мәңгілік елдің құндылықтары:

  1. Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана 

  1. Ұлттық бірлік, бейбітшілік және біздің қоғамдағы ынтымақтастық 

  1. Зайырлы қоғам және жоғары руханилық  

  1. Индустрияландыру және инновация негізінде экономикалық өрлеу 

  1. Жалпыға бірдей еңбек ету қоғамы 

  1. Тарихтың, мәдениеттің және тілдің ортақтығы 

  1. Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің жалпы дүниежүзілік және аймақтық мәселелерді шешуге жаһандық қатысуы.

  2. Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесінің «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» атты XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің тарихи маңызы. 

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру міндеттері». ХХI ғасырдағы ұлттық сананы жаңғырту мәселесі: бәсекеге қабылеттілікті арттыру. Прагматизм құндылықтары. Ұлттық бірегейлікті сақтау. Білім салтанатына қол жеткізу. Қазақстанның эволюциялық дамуы және сананың ашықтығы.
Таяу жылдағы міндеттер: латын әліпбиіне көшудің логикасы. «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының мәні. «Туған жер» бағдарламасын қолға алу. «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасын жүзеге асырудың маңыздылығы.


Абайдың толық адам ілімінің философиялық мәні
Ғылымның даму үдерісіндегі басты тұлға – адамның өзі. Адамның
қатысуынсыз ғылымның қалыптасуы, дамуы мүмкін емес. Адам өзін
түсінуге, өз мүмкіндіктерін айқындауға және келешегін болжауға ерте
заманнан талпынып келеді. Адам өзін дамыту арқылы рухани, мәдени
белестердің сатыларынан өтіп, жеке тұлға болып қалыптасады. Яғни,
адамның даму барысында білім, ғылым және мораль философиясы жатыр.
«Адам ғылыммен құрдан-құр айналыспайды. Адамның өмірі әртүрлі
проблемалар және күрделі мәселелермен тығыз байланысты. Оларды меңгеру үшін адамға білім керек, ал осы білімді қалыптастыру ғылыми қызметтің мақсаты». Адамзат баласы білім мен ғылымды игеруде ақиқатты ашып, өмірдің заңдылықтарының айқын бейнесін жасайды. Бірақ бұл табиғат пен қоғамға байланысты. Қоғамсыз адамды, адамсыз қоғамды елестетумүмкін емес. Осы тұрғыда қоғамның басты тірегі – адам мәселесі жайлыкөптеген ойлар туындайды.

Философияның аса қажеттті зерттеуді талап ететін нысандарының бірі


– адам мәселесі. Адам мәселесі – философияда әлі күнге дейін толық
шешімін таппаған маңызды тақырыптардың бірі. Ерте замандағы ғұлама
ойшылдардың адам туралы пікірлері, адамның дүниедегі орны мен
атқаратын қызметі жайында біраз тұжырымдар айтқан. Соның бірі грек
ойшылы Протагор: «Барлық заттың өлшемі – адам » деген. Неміс философы Фридрих Ницше «Мәңгілік қайталаным» еңбегінде: «Өзін қоғамнан, құқық және адамгершілік ұстанымдардан жоғары қоятын адам – асқан адам» деген идея негізінде терең философиялық ұғымды зерделеген. Қытайдың әбден. жетілген адам негізінде көне Қытай философы Лао Цзы: «Басқаларды білетін адам - ақылды, өзін танып білген адам – данышпан» деген пәлсапалық қанатты сөздер қалдырған. Ал, қазақтың ұлы ойшылы хакім Абай былай деген: «Атаңның баласы болма, адамның баласы бол». Данышпан ақын Абайдың нақты философиялық тұжырымдары жоқ, бірақ өз шығармаларында адам мәселесі, адамгершілік құндылықтары, мораль
философиясын көркем бейнелеген. Ақын өлеңдері мен қарасөздерінде
өмірдің бар болмысы мен шындығының көрініс табуын адамгершілік
ілімімен байланыстырған. Өйткені ақынның ұзақ іздеп, тереңнен толғап
тапқан танымы – «толық адам» ілімі. Діни-философиялық ойдың даму
тарихында «толық адам» ілімі ежелгі антика дәуірінің философтары –
Сократ, Платон, Аристотельдің танымынан іргесі қаланған. Сократ пен
Платон «адам» ұғымын нақтылап бір жүйеге келтіріп, тиянақты ойлар
білдірсе, ал Аристотель толық адам ілімінің басты нысанына адамгершілік
құндылықтар мен қайырымдылық, ізгілік мәселелерін қарастырған.
Аристотель пікірінше, терең мағыналы, ең биік игілік, адамның адамгершілік
құндылығы – қайырымдылық пен ізгілік негізінде түсіндірілген. Адамзат
баласы өзін қоршаған ортаға қайырымды болу арқылы адамдықтың биік
шыңына жетеді деп ойлаған. Қайырымдылық пен адамгершілікті егіз
тұрғыда қарастырып, бірінің бірінсіз бар болуы, болмысқа айналып кетуі
мүмкін емес деп түйінді тұжырымдар айтқан.
Адам дүние есігін ашқан сәттен бастап ең бірінші ауаны, одан кейін ас-
ауқатты, киімді, одан кейін жетіліп есі кіре бастағанда ақыл-ой, білім,
байлық, мансап, дүниені тағы да басқа өмір сүру қажеттілігіне қолданатын
игіліктерді іздеумен айналысады. Себебі, жаратушы Алла ғана ешнәрсеге
мұқтаж емес, ал адамзат баласы барлық рухани және материалдық
игіліктерге тәуелді. Осыған байланысты адамзат баласы хакім Абай айтқан жан қалауы мен тән қалауы әртүрлі игіліктерді қажет етіп, тұтыну, иелену, қолдану әрекетімен өмір үрдісін қалыптастырады. Осы негізде
Аристотельдің игіліктерінің жинағы Абай айтқан жан мен тән қалауы жайлы ойына іргелес ұғым болып тұр. Яғни, Аристотель жан мен тән қалауы игіліктерінің ішінен адамгершілік пен қайырымдылықты – ең абзал, қадірлі игілік деп көрсетеді. Ал ғұлама Абай адамгершіліктің қасиетті құндылығы қайырымдылықта болатының айқындап, оны түсіндіруді тақырыптық тұрғыда емес ілімдік бағытта зерделеу негізінде «толық адам» ілімін жасап, өрісі кең танымдық, пәлсапалық тұрғыда саралауды қарастырады.
Аристотельдің «Этика» еңбегінен іргетасы қаланып бастау алған
адамгершілік ілімі, шығыс ғұламаларының трактаттарында жалғасын тауып, Абайдың «толық адам» ілімімен ұштасып жатыр.
Абайдың толық адам ілімі – философиядағы адам мәселесі және шығыс
философтарының адам мәселесі ілімдерімен жүйелі сабақтастықта. Атап
айтсам, Әл-Фарабидің «парасатты адам ілімі», Жүсіп Баласағұнның «Құтадғу Білік» дастанында баяндалған «жауанмәрттілік ілімі», Ахмет Яссауидің
«камили инсани» яғни адами кісілік ілімі, Шәкәрімнің «ар ғылымы» ілімдері өз заманына, қоғамына сай сипатта қарастырылған. Асыл ақиқатты, адамгершілік құндылықтарды өз еңбектерінде ойшылдық, даналық сипатта көркем түрде жеткізген. Әлемдік рухани ой үдерісінде сараланған саңлақтардың асыл ақиқатын қазақ әдебиетінің мақтанышы, данышпаны – Абай хакім жалғастырған.
«Абайша сену үшін алдымен түсіну қажет. Бұл ойлары Пьер Абеляр,
Фарабиге жақын. Абай адам мәселесін оның қайшылыққа толы қоғамдық
болмысының контексінде қарастырады. Осыдан келіп адамның әлеуметтік
белсенділігі, шығармашылық мүмкіндігінің шексіздігі туралы идеяны
алғашқы алыс себепкері орны беріледі. Ал адам – өз тағдырының қожасы
және құраушысы. Адам тіршілігінің құндылығы әр адам жанының
қайталанбас сонылығы идеялары Абайдың адам концепциясының негізгі
идеялары. Өз шығармаларында ол адамға мейірбандық көрсету сұлулыққа
ұмтылу – жоғарғы имандылық қасиетінің белгісі, көрінісі деп айтудан
жалықпайды». Яғни, Абайдың рухани әлемі мен
шығармаларындағы ортақ философиялық мәселе – адам болмысы.

Адамның өз орнын табуы, өзіне жол сілтеп, бағыт-бағдар беруі – Абай этикасының негізгі ұстанымында мәні ашылып түсіндірілген. Себебі Абай, адамгершілік тәрбиеге негіз болатын мораль философиясына орала берген.


Қазақтардыңбүгіні мен болашағын, дәстүр-салтын, рухани мәдениетін дамыту, жетілдіру мақсатында адамгершілік тұрғыда тәрбие беру бағытын өмірінің соңына дейін үнемі тынымсыз ойлаумен өткен. Ойшыл хакім өзінің болмысын, поэзиясын, философиясын адам бойындағы құндылықтардан тапқан.

Сонымен, Абай өмірді, адами құндылықты жан-жақты, жүрегінің түбіне


терең бойлап зерделеген сыншыл ақын. Адамгершіліктің, әділеттіліктің
негізгі моральдық ұстанымдарын өз поэзиясында кең шеңберде көрсетіп
отырған. Ғылымға, білімге ұмтылған адамды жоғары бағалап, дүниенің
барлық сырын ұғынуда ақылды таразы етіп, ой елегінен өткізген. Осы кең
өрісті адами құндылықтарды толық адамның танымымен түсіндерген. Яғни,Абай үшін дүниенің басты құндылығы жәй адам емес, кемеліне келген адам.Абайдың арманындағы толық адам – біліммен, ғылыммен және дінменұштасып дамып, жетілген адам. Адамзат өркениетінде рухани тұрғыда игі қасиеттерді – иман, ғылым, білім, тәрбие, өнер, құқық, тапқырлық, қайраткерлік, жомарттылық, азаматтық, адамгершілік құндылықтарды бойыңа сіңіріп, жетілдірген адам – Абай зерделеп, ұсынған «толық адам»
ілімі.
Толық адам ілімі – қазақ халқының ұлттық санасын оятып, рухани
жаңғыртудағы қазақ халқының рухани жаршысы болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет