Тақырыбы: «Менің Қазақстаным менің болашағым» Мақсаты


Автор: Ата ұзақ ойланып, өткен тарихты әңгімелейді. Жүргізуші



бет3/4
Дата20.02.2024
өлшемі1.4 Mb.
#492571
1   2   3   4
Ашық сабақ Менің Қазақстаным менің Отаным

Автор: Ата ұзақ ойланып, өткен тарихты әңгімелейді.
Жүргізуші: Өмірімізді, өткенімізді көріп,
Әнімізді, жырымызды тыңдап,
Ерлігімізге, тірлігімізге қарап,
Тұқымымызды, ғұрпымызды көріп,
Өзімізді, сөзімізді тыңдап,
Оқушылар хормен: «Бұл - қазақ», - дейді.

Менің елім – Қазақстан. Бұл әрбір дала перзентінің (кәрісі бар, жасы бар) көкірегінде мақтанышпен айтатын сөзі. Бұл тақырып төңірегінде сан ойландым, көп толғандым. Елім жайлы, алтын бесігім туған жерім жайлы азаматтық жүрегіммен толғана сыр шерте алар ма екем?!


Құс ұясыз,
Жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды,
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға сол қайғы,
деп ақын ағамыз Мұқағали жырлағандай, Отаны жоқ адамдар нағыз бақытсыз жан екен. Ал біз қазақ халқы нағыз бақ қонған халықпыз деп шаттана айта аламыз. Өзіміздің мемлекетіміз, тарихымыз, тіліміз, тәуелсіз еліміз бар.

Нұрлан: Қазақстан туған өлкем.
Жер көп пе сендей көркем?
Көрсін деп күллі әлемге,
Жалауыңды желге желпем.
Дәметкен: Отан дейміз от жаққан жерімізді,
Отан дейміз өсірген елімізді.
Отан дейміз туған жер, атамекен-
Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.
Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ
Ол бірақ, өз үйіңнен басталады..


Берік:
Отан - сенің ата-анаң,
Отан - досың, бауырың.
Отан - өлкең, астанаң,
Отан - аудан, ауылың.


Әсел:
Туған жер-тірегім,
Сенде өстім түледім,
Бір сен деп үнемі
Соғады жүрегім.
Гаухар:
Күлеміз,ойнаймыз,
Демаламыз алаңсыз,
Ризамыз саған біз
Ұлы Отан – анамыз.


Мөлдір:
Асқарлы,қарлы шың,
Аялаған ән құсым,
Туған жер,армысың!
Саған мың алғысым.


Мұғалім: Қазақстан Республикасының өзін ерекшелендіретін рәміздері бар. Сол рәміздің бірі ту.





Сұрақ – жауап
Тудың түсі қандай?( көгілдір)
Ол ашық аспан түсі.
Тудың ортасында ненің суреті? Күн
Күн - бейбітшіліктің белгісі. Ал күн астында қыран құс - еркіндіктің, болашаққа самғайтын құс. Тудың шетінде ою
Ол - қазақ халқының өнері мәдениеті.
- Балалар қараңдаршы туда күн, қыран құс, ою алтын түспен салынған ол бақытпен байлықтың белгісі.
Ал енді тақтаға қараңдаршы осы туды салған суретші Шәкен Ниязбеков.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет