Тақырыбы: «Менің Қазақстаным менің болашағым» Мақсаты


Меруерт: Көк аспандай көкпен-көк Қазақстан жалауы Көк емес ол тектен-тек Елдің ашық қабағы Елдос



бет4/4
Дата20.02.2024
өлшемі1.4 Mb.
#492571
1   2   3   4
Ашық сабақ Менің Қазақстаным менің Отаным

Меруерт:
Көк аспандай көкпен-көк
Қазақстан жалауы
Көк емес ол тектен-тек
Елдің ашық қабағы


Елдос:
Көк аспандай көкпеңбек,
Қазақстан жалауы,
Көк емес ол тектен-тек,
Елдің ашық қабағы.
Ақ ниеті-алтын күн,
Асқақ арман - қыраны,
Жалауы бұл халқымның,
Мәртебесі,Туы,Ары.
Бұлт баспасын күнімді,
Тарылмасын өрісім,
Биік ұстау Туымды
Қасиетті борышым.
Мұғалім:


Әр Республиканың өз ел таңбасы болады. Біздің республиканың өз ел таңбасы бар Қазақстан елтаңбасының көгілдір аясында шаңырақ бейнеленген, (киіз үйдің макетін қарастырады) ол киіз үйдің ең жоғарғысында орналасқан. Ол от басының бақытын сақтайды Ал мынау шаңырақты ұстап тұратын уықтар. Ол күн шуағы ретінде төгіліп тұр. Бұл шаңырақты ел таңбаның жүрегі деп атауға болады. Жоғарыда жұлдыз бейнеленген, ол достықты бейнелейді. Екі жағында ертегідегі қанаты бар тұлпардың суреті

Тақтадағы осы ел елтаңбаны салған суретшілер Жандарбек Мәлібеков, Шот- Аман Уалиханов. Суретін көрсету. Қанатты тұлпар өмірлік өмірдің арман белгісі, болашаққа самғау деген мағынаны білдіреді.


- Балалар ал сендерде арман бар ма? (балалар жауаптары)
- Өскенде кім болғыларың келеді? (Балалардың жауаптарын тыңдау)


Сергіту сәті:
Дөңгелене тұрамыз
Керегені құрамыз
Уық болып керіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйді құрамыз.
Мұғалім:
Қазақстан республикасының ән ұраны. Бұл ән жиналыс – жиындарда қойылады. Бұл әнді тұрып, оң қолымызды жүрекке қойып тыңдайды.
Бұл өлеңде Қазақстан Республикасының тарихы айтылған. Кең байтақ жері табиғаты айтылған. Ән ұранның авторларын бейне таспадан қарау Шәмші Қалдаяқов, Жұмакен Нәжімеденов, ел басшымыз
Нұрсұлтан Назарбаев.
Ән: Жаса Қазақстан. хор
Отан туралы мақал – мәтел айту

Өз елінде көртышқан да батыр.


Өз елінің иті де қадірлі.
Отан үшін күрес — ерге тиген үлес.
Орағың өткір болса, қарың талмайды, Отаның берік болса, жауың алмайды.
Елінен безген ер болмас, Көлінен безген қаз болмас.
Сағынған елін аңсайды, Сары ала қаз көлін аңсайды.
Жат жердің қаршығасынан, Өз еліңнің қарғасы артық.
Егілмеген жер жетім, Елінен айырылған ер жетім.
Ерінен айырылған көмгенше жылайды, Елінен айырылған өлгенше жылайды.
Отан — отбасынан басталады.
Опасызда oтан жоқ.
Отан оттан да ыстық.
Отансыз адам — ормансыз бұлбұл.


Ән: Менің Қазақстаным
Қорытынды:
«Ата – қоныс жер қымбат,
Туып - өскен ел қымбат», - демекші, балалар, бүгінгі тәрбие сабағында айтылғандарды өнеге етіп, елді, жерді сүюді, қадірлеуді өмірлік мақсат етейік.
Еліміздің келешек тағдыры, Қазақстан ертеңі өз қолдарыңызда. Туған елдеріңді өркениетті мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең ететін сендерсіңдер. Ол үшін терең әрі жан – жақты білімді болу – міндеттерің.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет