Тақырыбы: Менің болашақ мамандығым


супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман; веб-мастер



бет3/4
Дата18.04.2024
өлшемі31.59 Kb.
#499198
1   2   3   4
"Менің болашақ мамандығым" атты тәрбие сағаты

супервайзер - сауда өкілдіктерінің жұмысын қадағалайтын, жаңа бағыттарды айқындайтын маман;
веб-мастер - сайт жасаумен шұғылданатын маман;
копирайтер - сайт үшін контент құрушы;
коучер - қызметшілердің потенциалын өсіретін маман;
интервьюер - әлеуметтік зерттеулер үшін сауалнама, сұхбат жүргізетін маман;
девелопер - жылжымайтын мүлік саласында, оны жобалау және құрылысын жүзеге асырумен шұғылданатын маман;
сомелье - ресторандарда сусындардың тартылуына (дұрыс құйылып, қонаққа берілуіне) жауапты кәсіби маман;
джобер – оның жұмысы брокердің жұмысына ұқсайды, бірақ джобер акцияларды сатып алуға және сатуға өз ақшасын жұмсайды;
рецепшеонист – тұтынушылар қабылдау және келушілерді тіркеумен шұғылданатын қызметші;
Аниматор -суретке жан бітіруші. Мультипликатор – мультфильмдерге арналған суреттер салушы. 3 D аниматор – үш деңгейлі графиканы өңдеуші дизайнер.
Витражист – көрмедегі және дүкендердегі заттарды тартымды етіп орналастыра білетін мамандар.
Декоратор – түрлі мекемелерді, ғимараттардың ішін әсемдеуші.
Интерьер дизайнері – үйіміздегі немесе кеңсеміздегі жиһаздарымызды талғаммен орналастыра білетін мамандар.
Импрессарио немесе продюсер – түрлі мерекелік іс-шараларды ұйымдастырушы.
Көркемдік әрлеуші – көшелерде ілінген жарнамаларды, сауда орындарын, қоғамдық тамақтану залдарын әсемдеушілер.
Клипмейкер – бейне және дыбыс жазу маманы.

V. «Бұл кім?» кәсіби бағдар ойыны
Мұғалім бір мамандықты айтады, оқушылар өздерінің ішінен сол мамандыққа кім көбірек үйлесетінін, және не себепті сол оқушыны таңдағандарын айтуы керек.
VI. «Менен сұрақ, сенен жауап»

  1. Өзіңнің болашақ мамандығыңды таңдадың ба?

  2. Сен ол мамандық туралы не білесің?

  3. Мамандық таңдамауыңның себебі неде?

  4. Сенің мамандық таңдауыңа кім әсер етті?

  5. Қай жақта оқығанды ұнатасың?

  6. Сен оқуға түскеннен кейін оқудың қиындығына төзе аласың ба?

  7. Адамның мамандық таңдауына оның әлеуметтік жағдайы әсер ете ме?



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет