ІІ. «Мен мамандық әлеміндемін»
Кеңес үкіметінің психологі Е. Климовтың ұсынған теориясында мамандықтар әлемін 5 типке бөлген.
«Адам-табиғат». Кәсіптер: тұқым өсіруші, зоотехник, агроном, кинолог, химиялық-бактериологиялық зертханашы, мал өсіруші шебер және т.б.
«Адам-техника». Кәсіптер: үңгуші, ағаш шебері, инженер-механик, сәулетші, электромонтаждаушы, құрылысшы, техник-металлург, радиомеханик, компьютер құраушы, телекоммуникациялар жөніндегі маман т.б.
«Адам-адам». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы адамдар болып табылады.
«Адам-белгілік жүйелер». Кәсіптер: аудармашы, сызушы, инженер, топограф, машинист-хатшы, бағдарламашы т.б.
«Адам-өнер». Бұл жерде негізгі, жетекші еңбек құралы – шығармашылық бейне, оны құру әдістері.
ІІІ. «Тізбекті үзбе» ойыны
Қатысушының бірі мамандықты айтады, келесі оқушы аталған сөздің соңғы әрпінен басталатын мамандықты атайды.
IV. «Қазіргі заманның әрі тапшы, әрі табысты мамандары»
ХХI - ғасыр адам өмірінің әртүрлі саласына жаңалықтар енгізіп қанай қоймай, жаңа мамандықтарды да ала келді. Адам баласы ХХ-ғасырда қажетсінбеген, тіпті естіп-білмеген түрлі мамандықтар пайда болуда.
Ол негізінен, ақпараттық технологиялардың ұшқыр дамуына, қызмет көрсету және саладағы еңбекті жіктеу ережесінің түрленуіне байланысты. Төменде келтірілген мамандық атаулары бірнеше жыл бұрын қолданыста болмаған, олардын атын естігенде қазіргі күннің өзінде "Сонда, ол маман немен шұғылданады?" деген сауал туындайды. Бірақ даму жолына түскен компаниялар бүгінде осындай мамандар үшін өз мекемесінде "орын әзірлеп" жүр. Сонымен, жаңа ғасырдың жаңа мамандықтарына тоқталайық:
бренд-менеджер - тауарды сатуды ғана емес, оның қалай өндірілетінін жақсы білетін маман;
логистик - бұл мамандық туралы естуіңіз бар шығар. Қысқаша айтқанда, бұл - жүк тасымалын қадағалайтын маман;
промоутер - компанияның өнімді сату, жарнамалау және өткізу жұмыстарымен шұғылданатын өкілі;
Достарыңызбен бөлісу: |