Сабақ кезеңдері
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының
іс-әрекеті
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Топқа бөлу
|
Күннен, жерден нәр алған
Біз - өмірдің гүліміз.
қыркүйек басталған
Сәтті болсын күніміз.
О қушылар өздеріне ұнаған түстерді ала отырып, сол түстер бойынша топтарға бөліну
|
Оқушылар іс-қимылдар арқылы қайталап айтады.
Оқушылар өздеріне ұнаған түстерін жұлдызшалар арқылы алады
|
Интерактивті тақта
жұлдызшалар
|
«Ой шақыру»
|
«Білім» деп аталатын күннің сәулелеріне ат ойлап табыңдар. Күннің түсі қандай? «Білім» атты күннің түсі неге осындай деп ойлайсыңдар? «Білімсіздік» атты күннің түсі неліктен қара деп ойлайсың? Оның сәулелерін қалай атар едің?
|
Әр топ өз ойларын ортаға салады.
|
Плакат, маркер
|
« Кім жылдам?»
|
|
Оқушылар ұшып бара жатқан шарларды ұстап қалып, берілген сөздерден мақал құрастырады.
|
Шардың суреттері.
|
Жаңа сабаққа даярлық кезеңі.
"Болжау" стратегиясы
|
Білім көзі- «Әліппеде». Осы пікірмен келісесің бе? Тұңғыш «Әліппені» жазған кім? Ол туралы не білесің?
|
Оқушылар төменгі сыныптарда оқығандарын естеріне түсіреді.
|
Сұрақтар
|
Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі
|
А.Байтұрсынұлы
Ақын, ағартушы, ғалым
1873-1938 жылдары өмір сүрген
Шығармалары: «Маса», «Қырық мысал»,
«Тіл тағылымы»
Ол «Қазақ» газетін шығарды. «Әліппе» оқулығын жазды.
|
Оқушыларға тақырыпты сатылай түсіндіру
|
Сатылай түсіндіру
|
Сергіту сәті.
|
Дөңгеленіп тұрамыз,
Керегені құрамыз.
Уық болып иіліп,
Шаңырақты құрамыз.
|
Оқушылар сергіту сәтін қимылдар арқылы көрсетеді
|
музыка
|
Топтық жұмыс.
«Сынып ішін аралау» тәсілі
|
Үйден дайындап апарған «Әліппенің атасы» деген мәтінді 4 абзацқа бөліп, алдын ала А4 қағазға жазып әкеліп, немесе топтарға қай абзацқа дейін оқу керектігін хабарлаймын. Әр топ өздеріне берілген абзацты оқып болғаннан кейін оларға 1-ден 4-ке дейін нөмір жазылған жетон таратамын. Сосын 1-ші нөмір алғандар бір топқа, 2-ші нөмір алғандар екінші топқа жиналады, т.с.с.Балалар оқыған мәтін бөлігін бір-біріне айтып береді. Сонда бір оқушы мәтінді толық оқымай-ақ оның мазмұнын түсініп шығатындай жағдай жасаймын.
|
Оқушылар берілген абзацты оқып, басқа әріптестеріне түсіндіріп шығады
|
А4 форматындағы ақ қағаз
|
«Мен сендерден сұрақ күтемін» тәсілі
|
Бұл тәсіл бойынша балалар мәтіннің мазмұнын бір-біріне түсіндіріп болған соң, осы мәтін бойынша сұрақ құрастырады. Топтағы оқушылар өзара келісіп, қағазға екі сұрақ жазып, келесі топқа береді.
|
Оқушылар сұрақ дайындайды.
|
Сұрақ жазылған бетше
|
Жариялау
|
Сұраққа жауап іздеп, дайындалуға, ақылдасуға 1-2 минут уақыт беріледі.
|
Сұрақтың жауабын топтың ішінде ақылдасып алған соң, бір оқушы жауап береді.
|
Оқушы
|
«Ойсергек» «Күн мен түн» ойыны
|
Екі бағанға қима қағазға жазылған сөздер жазылады. Көзін жұмған кезде сөздердің орнын ауыстырып қоямын. Оқушылар орны өзгертілген сөздерді тауып, сәйкестендіреді.
А .Байтұрсынұлының туған жері Торғай облысы
А.Байтұрсынұлының оқыған жері Орынборда
А.Байтұрсынұлының әкесі жер
аударылған. Сібірде
Мұғалім болып қызмет атқарады Қарқаралыда
|
Оқушылар сөздерді тауып сәйкестендіреді
|
Қима қағаздар
|
«Сөзжарыс» ойыны
|
А.Байтұрсынұлын қоғам қайраткері дейміз, себебі ол ......
А.Байтұрсынұлын барша қазақ құрметтейді, себебі ол .......
|
Бірінші топтан бір оқушы тезис айтады, екінші оқушы ойын жалғастырады.
|
Оқушы, оқулық
|
«Рефлексиялық – бағалау» кезеңі
|
Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?
|
Нені білгім келеді?
|
Мен Ахмет Байтұрсынұлының Торғай облысында туғанын, мұғалім болып қызмет еткенін білдім
|
Ахметтің балалары болған ба?
|
Мен Байтұрсынұлы «Әліппе», «Қырық мысал», «Маса» деген кітаптар жазғанын білдім.
|
Ол кішкентай кезінде қандай ойын ойнағанды жақсы көрген?
|
|
«Бүгінгі сабақта мен не үйрендім?» деген кесте бойынша оқушылардың пікірі тыңдалады.
|
Кесте
|
Рефлексия
|
Балаларға баспалдақ суреті салынған қағаз таратылып беріледі де, сол баспалдақтағы өзінің орнын белгілеу тапсырылады. Егер оқушы өзін сабақта жақсы сезініп, сабақты жақсы түсінсе, баспалдақтың ең биік жеріне күннің суретін салады.Ал егер сабақты дұрыс түсінбесе, сабақ ұнамаса, баспалдақтың төменгі жағына бұлттың суретін салады. Сабақта оқушының көңіл-күйі орташа болып, кейбір нәрселерді түсінбесе, онда баспалдақтың ортасына бір жағы ашық, бір жағы боялған бұлттың суретін салады. Осылайша оқушының өзін-өзі бағалауы мен мұғалімнің сабағы бағаланып, өзара кері байланыс жүзеге асырылады.
|
Оқушылар берілген баспалдаққа өздеріне ұнаған суретті салады.
|
Баспалдақ суреті.
|
Үйге тапсырма
|
Мәтінді оқып түсіну.
http://kk .Wikipedia. org/ wiki/
http://mukhanov. ucoz. kz/ publ/
|
Оқушылар берілген сайттар бойынша мәліметтерді іздеп табады.
|
Сайд бетшелері
|
Бағалау.
|
Формативті бағалау: Оқушыларды мадақтап, бағалау
|
|
|