Тақырыбы: Ойлау мәдениетінің пайда болуы Жоспары


Философияның негізгі қарастыратын сұрағы дүние мен адамның, материя мен сананың арақатынасы. Философияның негізгі мәселесі Ф.Энгельсше айтқанда- ойлаудың болмысқа қатынасы



бет2/6
Дата06.02.2024
өлшемі0.64 Mb.
#490962
1   2   3   4   5   6
1филос

Философияның негізгі қарастыратын сұрағы дүние мен адамның, материя мен сананың арақатынасы. Философияның негізгі мәселесі Ф.Энгельсше айтқанда- ойлаудың болмысқа қатынасы .

Философия негізгі мазмұны : «Бірінші кезекте тұрған не: рух па, әлде табиғат па, сана ма, әлде материя ма?»деген балама құрайды. «Әлемді танып –білуге бола ма?»-бұл- философияның негізгі мәселесінің екінші жағы. Философтардың философиядағы негізгі мәселесінің бірінші қырына жауап беру түріне қарай олар материалистер және идеалистер болып бөлініп, әлемде бір-бірінен түбегейлі айырмашылықтары бар материализм және идеализм деген екі бағдар қалыптасады. Материализм санаға қарағанда материяның алғашқы шығу ұстынынан өзек алады. Бір де бірегей бастаманы мойындайтын материализм және идеализм де монизм-материя бастапқы,сана-екінші (грекше ”monos”-біреу) іліміне жатады. Екі бірдей бастама –Материя мен рухтың (субстанцияларды) мойындайтын ілімді дуализм деп атайды. Материя рухани негізге тәуелді.Идеализм- субьективті идеализм,обьективтік идеализм деп бөлінеді.

Ежелгі дүниеде даналық түсінігі асқақ, көтеріңкі мағынаға ие болды. Даналық дегеннің өзі өмір сүру өнері дегенмен пара-пар ұғым. Философия адамның өз тұрмысындағы басты сауалдарға (неғұрлым мәнді, түбегейлі, бәрін қамтитын) жауап іздеп, табу деген сөз. Философия - бұл іздену, еркіндік, талғампаздық, қажымас мазасыздық. Философия ақиқат пен даналыққа сүйіспеншілік ретінде туындаған теориялық ойдың синониміне айналды. Ол өзінің мазмұны жағынан синкреттікті, яғни біріккен, бөлінбейтін білім ұғымын танытып, өз бойына әлем мен адам туралы ілімнің барлық жиынтығын: математика, астрономия, механика, медицина, психология, тарих, этика, эстетика т. б. бастауларын сіңірді. Философия табиғаттың, қоғамның және танымның дамуының жалпы заңдарын ашады, зерттейді.Өйткені табиғат,қоғам,адамсыз дүниетаным қалыптаспайды.

Дүниеге көзқарастың тарихи түрлері:


Миф(аңыз)
Философия
Дін

  • Философияның басты ерекшелігі-әлемді, бүкіл дүниені тұтас қарастырады,оның ішкі байланысын,жалпы даму заңдылықтарын зерттейді.Яғни ол дүниетанымдық ғылыми жүйе болып табылады.Дүниетанымның тарихи типтері: мифология,дін, философия. Мифологиялық- дүниетанымның негізі-қиял ойдан шығару.Миф-алғашқы қауым адамына тән ойлаудың бірінші формасы. Миф – тарихи дүниетанымның ең көне түрі, қоғамның алғаш қалыптасуында рулық қауымнан бастап қалыптасқан. Мифтің құрылымында, яғни жырлардың, аңыздардың негізінде басты сұрақтарға, аспан әлемі мен табиғат жағдайларының, жануарлар мен адамның пайда болуы жайлы сұрақтарға жауап берілген. Діни – дүниетаным құдіретті күшке,яғни құдайға сеніп соған табынуға құрылған. Діни дүниетаным діннің үш түрлі әлемдік –буддизм (б.з.д.VI-Vғғ.), христиандық (І ғ.) және ислам (VIIғ.) түрлерінде қазіргі дейін жер жүзі елдерінде кең тараған. Діннің дүниетанымдық принципі негізінде адам мен дүниенің жаратылымы туралы наным. Дін – дүниетанымның екінші тарихи түрі, ол мифологиямен тығыз байланысты. Діни дүниетаным әрқашан мифологиядан тұрады, себебі онда түрлі мифтер, әулиелер мен Құдайлар өмірі жайлы баяндалатын аңыздар қатысады. Әр дін өзіне соқыр сенімдердің, ырымдардың әсері және ырыми мекемелердің жүйесін, ғаламның құрылымы– ғылымдардан тыс түсініктемелермен түсіндіріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет