Тақырыбы: «Операция, операцияға дейiнгi және операциядан кейінгі кезеңдер» Мақсаты: студенттерді хирургиялық операциялардың анықтамасымен, түрлерімен, жіктелуімен, олардың ерекшеліктерімен, қойылатын талаптармен


Операцияға дейінгі және одан кейінгі



бет2/3
Дата23.12.2023
өлшемі39.88 Kb.
#487728
1   2   3
хирургия операция (копия)

Операцияға дейінгі және одан кейінгі кезеңдер біртұтас жұмыстың бір-біріне әсер ететін бөлек-бөлек кезеңдері болып саналады. Хирург операцияға дейін, операция кезінде, операциядан кейін мынандай шарттарды орындауы керек:

  • Науқастың шыдамдылығын, оған операция жасауға болар - болмасын анықтау.

  • Науқастың шыдамдылығын арттыру.

  • Жансыздандырудың неғұрлым зиянсыз тәсілін таңдап алу.

  • Асқынудың алдын-алуға бағытталған шараларды орындай отырып, операцияны дұрыс жасау.

  • Операциядан кейінгі кезеңде негізгі аурудың, операциялық жарақаттың асқынуларының алдын алу.

Шыдамдылық пен төзімділік негізгі жүйелер қызыметінің бұзылу деңгейіне байланысты қалыптасады. Ол әр түрлі шартты жүйелердің (тестовые методы) көмегімен анықталады.
Функционалдық анықтама (диагностика) үшін зақымданған мүшенің атқаратын қызыметін, олардың әр түрлі күштерге жауап беру қабылетін анықтау керек. Олар: физикалық күштердің – жүрек - қантамыр және тыныс алу жүйелеріне әсері, қоректік (ішкен аспен қалыптасқан) күштердің ас қорыту жүйесіне әсері, бүйрекке байланысты сұйық шығару әсері, дене қызуына жылу көздерінің әсері, т.б. зеріттелуі қажет.
Кез - келген жүйенің атқаратын қызыметініњ жетімсіздігі үш деңгейде болады. Бірінші деңгейі – денедегі бұзылыс тыныштық жағдайында байқалмай, үйреншікті күнделікті түсетін салмақтан көрінеді. Екіншісі – денедегі бұзылу кез-келген ауыртпалық түскенде көрінеді. Үшіншісі – денедегі бұзылу тыныштық жағдайында да байқалады.
Кез-келген маңызды жүйенің үшінші дәрежелік деңгейдегі жетімсіздігі тек жедел (неотложная) операциядан басқа ештеңе жасауға мүмкіндік бермейді.
Жүрек – қан тамырлар жүйесі. Жүрек пен қан тамырлары қан тасымалдау қызыметін атқарады. Жарақат, қанның ағуы, жергілікті тоңазу, психикалық әсерлер, наркотикалық заттарды қолдану, т.б. бәрі бұл жүйеге қосымша салмақ түсіреді.
Сондықтан, хирург бәрінен бұрын жүрек пен қан тамырларының жағдайына көңіл аударуы керек. Сырқатнама жинағанда стенокардия ұстамалары болған ба, жүргенде ентікпей ме, басы айналмай ма, түңгі кіші дәреті қандай, т.б. біліп алған пайдалы.
Жүрек-қан тамырлар жүйесінің жағдайын дәл анықтайтын тәсіл болып қан айналысының минуттық көлемі (ҚАМК) болып табылады. Өлшеу Старр формуласы бойынша жүргізіледі:

  • СК=100+0,5 х ПҚ-0,6 х ДҚ-0,6 х Ж

  • ҚАМК=СК х ПЖ

  • СК - систолиялық көлем (милилитрде)

  • ПҚ - пульстық қысым

  • ДҚ - диастолалық қысым

  • Ж - жасы (жылмен есептеледі)

  • ПЖ – пульс жиілігі

Егер СК белгілі болса, оны ПЖ - не көбейтеді де ҚАМК - ін табады. Науқастың ҚАМК -ін анықтайды да, оны қалыпты жағдайдағы ҚАМК-мен салыстырып, ауытқу пайыздығын табады. Сау адамдарда ҚАМК салмақ түсірілгеннен кейін 30%-ға көтеріліп, қалпына келеді. Жүрегі ауыратын адамдардың ҚАМК- нің жоғарылауы 30%-дан төмен болады.
Ортостатикалық сынақ – пульс пен қан қысымын алдымен науқасты жатқызып, соңынан тұрғызып есептейді. Жатқан адамдар І минут бойы тізелерін бүгіп қимылдайды. Жүре алатындар 10 рет отырып, тұрады. Сау адамдардың пульсі тұрғанда 5 соққыға жиілейді, қан қысымы 10-15 мм.сын. бағ. артады. Егер ауытқулар бұдан жоғары болса, операциядан кейін талма (коллапс) болуы мүмкін, сондықтан науқас тосын, оқыс қимылдар жасамауы керек.
Тыныс алуға салмақ түсіріп, тексерілетін әдістер (пробы с дыхательной нагрузкой).
Штанге әдісі – үш рет дем алғаннан кейін тыныс алуды дем алудың (вдох) соңында тоқтату керек. Қалыпты жағдайда адам 45-60 сек тыныс алмай тұра алады. Дені сау қарияларда бұл уақыт 50%-ға қысқарады.
Сообразе әдісі – үш рет терең дем алып, дем шығарғаннан кейін тыныс алуды дем алудың соңында тоқтатады. Қалыпты жағдайда – 32сек.
ЭКГ-сы өзгерген адамдардың 10% операциядан кейін қайтыс болады, ЭКГ-сы қалыпты жағдайдағы адамдардың тек 0,7% қайтыс болады. Тахиқардияның, жаңа инфарктың, атриовентрикулярлы жетіспеушіліктің (блокада), жастарда оттегі тапшылығының болуы операция ағымына үлкен әсер етеді. Сондықтан, жүрек-қан тамырлар жүйесінің қызыметін толығынан зеріттеуде фонокардиография, эхокардиоскопия, салыстырмалы ЭКГ-ның, кардиолог мамандардың жүйелі зеріттеулері өте қажет.
Тыныс алу жүйесі. Жүйенің қызмет жағдайы тыныс алу жиілігіне, пульске, түсірілген салмақтан кейінгі ентікпеге қарап анықталады.
І-нші дәрежелі жетімсіздік: Түсірілген физикалық салмақтан кейін тыныс алу жиілігі минутына 24-ке дейін жиілейді, тамырдың соғуы (пульс) өзгермейді. Қалыпты жағдайға 3-5 мин кейін келеді.
II-нші дәрежелі жетімсіздік: тыныс алу жиілігі минутына 28-ге дейін, тамыр соғуды да жиілейді. Жеңіл көкшілдену (цианоз) қалыптасады, қалыпты жағдайға келуі баяулау жүреді.
ІІІ-нші дәрежелі жетімсіздік: жүрек пен өкпеден басқа мүшелердің барлығына операция жасауға болмайды. Жүрек пен өкпеге жасалған операциялар бұл мүшелердің қызметін жақсартуы мүмкін.
Тыныс алу жүйесінің атқаратын қызметін нақты анықтау спирографтың көмегімен жүзеге асырылады. Науқастың негізгі зат алмасуын (НЗА - основной обмен) анықтайды. Содан кейін НЗА-дың көрсеткіштерінің көмегіне сүйене отырып Ю.Я.Агаповтың кестесі бойынша керекті көрсеткіштерді анықтаймыз:

  • Тыныс алудың минуттық көлемі (ТАМК- МОД)

  • Минуттық альвеолярлық (вентиляция) газ алмасу (МАГА)

  • Оттегініњ сіңірілуі (ОС)

  • Өкпенің жоғарғы деңгейдегі тыныс алуы (максимальная вентиляция) (ӨЖДТА)

  • Тыныс алудың қосалқы мүмкіншіліктері (ТАҚМ – Резервное дыхание – РД)

  • Өкпенің тіршілік сыймдылығы (ӨТС)

  • Қосымша қосалқы ауа (ҚҚА)

  • Тыныс алуға қатысатын ауа (ТАҚА).

Науқастың осы көрсеткіштерін анықтап, оны 100 %-ға деп алып, ауытқуларды пайыз бойынша есептейді. Тыныс алудың сапасы 02-ніњ сіңірілуге және МАГА-ға байланысты болады. Қалыпты жағдайда 02 сіңіру - 35-40 мл/литрге тең.
МАГА-ды газ алмасу көлемінен «зиянды кеңістікті» алып тастап оны тыныс алу жиілігіне көбейту арқылы табады. «Зиянды кеңістік» ер кісілерде-150 мл, әйел адамдарда –100 мл. Өкпенің қай айналысын Старр кестесі бойынша қанның минуттық көлемінің көмегімен анықтайды. Қанның минуттық көлемінің (ҚМК) ұлғаюы толықтыру (компенсация) мүмкіншілігінің барлығын, ал төмендеуі қан айналысының бұзылғандығын көрсетеді.
Тыныштық жағдайында ҚМК/МАГА=1.
Зәр шығару жүйесі – зәрдің жалпы құрамдық көрсеткіштерін, Зимницкий тәсілін, құрғақ тамақ және көп сұйықтық ішу арқылы жасалатын, рентген, ұсақдыбыстық, радиоизотоптық, урологиялық тексеру әдістері жүргізіледі.
Асқорыту жүйесі – бауырдың, ұйқы безінің қызыметін биохимиялық және ұсақдыбыстық зеріттеулермен анықтау қажет.
Қанның жалпы құрамдық, қан ұйыту мен фибринолиз (фибрин еріткіш – фибринолиз) жүйелерінің көрсеткіштерін, дененің негізгі биохимиялық құрылымдарын, қан тобын, резус фактор, адамдағы иммундық тапшылық вирусын (АИТВ), Вассерман сынағын, т.б. анықтауларға зеріттеулер жүргізу керек.
Хирургиялық операцияға дайындау.
Операцияға дейінгі кезеңде ағза жүйелері қызыметінің бұзылуын анықтап, оны жөндеп қана қоймай, сонымен бірге операциялық жараның инфекциямен ыластануының алдын алу да керек. Операцияға дейінгі кезеңнің ұзақтығы науқасты операцияға алу жылдамдығына, науқастың жалпы жағдайына және жасалатын операцияның көлеміне байланысты болады. Мысалы: ішектің жедел түйілуінде, жедел аппендицитте, жатырдан тыс жүктілікте операцияға дейінгі кезең ұзақ болмайды, өйткені бұл сырқаттар тез дамиды да, науқастың өміріне қауіп тудырады. Ал өкпе, өңеш, асқазан ісігі бар науқастарды операцияға дайындау 3-5-10 күнге дейін созылады.
Операцияға дейінгі кезеңнің негізгі басты міндеті - операция кезіндегі және кейінгі күндердегі қауыптілігін азайту. Сондықтан да, операцияға дейінгі мен кейінгі кезеңдердегі асқынулардың алдын алуға бағытталған іс - әрекеттер жүйелі операция алдындағы дайындық, - деп аталады. Хирург кез-келген операцияның қауыптілігін естен шығармай, әр науқасты операцияға ұқыпты, дербес (индивидуально) дайындауы қажет. Операцияға дайындықта тек науқасты дайындау ғана емес, сонымен бірге хирургтің өзі мен операциялық бөлменің дайындығы да қажет болады.
Операцияның негізгі қауыпті көріністері:

  • Операция кезінде қан ағу, жедел қан аздылықтың дамуы.

  • Жүйке жүйесін шамадан тыс қоздырудан болатын операциялық шок.

  • Кез-келген қуыста операциялық жараның инфекциямен ластануы.

  • Операция кезінде маңызды мүшелерді кездейсоқ жарақаттау мүмкіншіліктері.

  • Жансыздандыруға байланысты қауыпті кездейсоқ жағдайлар.

Операция кезінде қан құйып, қанның құрамын, қан қорыту мүшелерінің жұмысын жақсартып, жүрек-қан-тамыр жүйесінің қызыметін барынша көтеруге тырысу керек. Жүйке жүйесін шамадан тыс қоздырудың әсерінен болатын операциялық шок операцияны қиындата түседі. Операциялық шоктың туу қауыптілігі мен ішкі уландыруды (эндотоксикоз) төмендетуге, ағзаның жүйелері мен мүшелерінің жұмысын жақсартуға тек жүйке жүйесінің қозғыштығын төмендетумен және созылмалы қаназдылықты бәсендету арқылы қол жеткізуге болады.
Операциялық жараға инфекция түсірмеу үшін инфекцияның ішкі (эндогенный) және сыртқы (экзогенный) екі көзі бар екендігін естен шығармау қажет.
Сыртқы инфекцияның қалыптасу жағдайларын азайту үшін асептика ережелерін тыянақты орындау керек. Ішкі инфекцияның қауіптілігін төмендету үшін, ауыз қуысының, мұрын, жұтқыншақ қуыстарының (аденоидтар), созылмалы баспа (ангина), терінің іріңді бөртпелері (пиодермия), сыздауық, шиқан, т.б. созылмалы іріңді қабынуларын емдеу керек. Емдеуге тіс, құлақ-көмекей-мұрын, тері аурулары, гинеколог, уролог, т.б. мамандарды қатыстыру қажет.
Науқастың терісінде жақында ғана жазылған жаралар болса, олар операцияны 2-4 күнге кейінге қалдыруды қажет етеді. Бұл кезде операцияның қауыптілігі азаяды. Мұндай жаралардан төмендегідей қауыптілік қалыптасуы мүмкін: жаралар жазылғаннан кейінгі бірер аптада лимфа түйіндерінде қоздырғыштар көп кездеседі. Олар әр түрлі ісінді асқынулармен қоса тіпті сепсистің дамуына әкеліп соғуы мүмкін. Операцияға дайындағанда ескі тыртықтарды, жабысқан жерлердегі (спайки) «тыныш жатқан» (дремлющая) инфекцияны да жою керек. Өйткені, операция кезінде осы жерлер жарақаттанатын болса операциялық жара қоздырғыштармен зақымдалады. Сондықтан да мұндай асқынулардың алдын алу үшін кез-келген операция алдында және операциядан кейін бактериологиялық сынақтар нәтижелеріне сай антисептиктер, антибиотиктер, жетілдірілген қарқындағы емдеу тәсілдерін жүргізу керек.
Жарада қабыну өзгерістерінің дамуы операциядан кейінгі науқаста инфекцияның барлығының дәлелі болып табылады.
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет