Тақырыбы: Отбасы және гендер әлеуметтануы Жоспары


Морган Льюис Генри (1818-1889)



бет2/4
Дата01.03.2024
өлшемі288.33 Kb.
#493827
1   2   3   4

Морган Льюис Генри (1818-1889)

Американдық антрополог, эволюционизм теориясының негізін қалаушылардың бірі.

Қоғам қайраткері, АҚШ-ғы үндістердің құқықтарын қорғаушы.

«Древнее общество» еңбегінде адамзат қоғамы мен мәдениетінің тарихи эволюциясын негіздеген.

Қоғам дамуының тағылық, варварлық және өркениет деген үш сатысын зерттей келе, алғашқы екі сатыны төменгі, орта және жоғарғы деп жіктейді.

Льюис Морган бойынша отбасының даму кезеңдері


Промискуитет – тағылықтың төменгі сатысы, қауым мүшелерінің арасындағы жыныстық қатынастарға ешқандай шек қойылмаған
Қандық-туыстық отбасы –топтық, эндогамиялық неке, жыныстық қатынастар бір ұрпақ ішінде болады
Пуналуалдық – әйел адамдар жағынан туыстар арасында жыныстық қатынастарға тиым салынады, неке әртүрлі рулар арасында
Синдиасмиялық - полигамия,ерлер бірнеше әйелмен некелесе алады, неке жиі бұзылады, балалар аналарымен қалады
Моногамдық отбасы - рулардың ыдырауы, жеке меншіктің шығуы себебінен неке тек ер адамның еркімен ғана бұзылатын болды.

Отбасының типтері


Отбасындағы ұрпақ санына байланысты:
Кеңейтілген (бірнеше ұрпақ өкілдерінің болуы),
Нуклеарлық (екі ұрпақ – ата-ана және балалары),
ата-аналарының санына қарай :
Толық (әкесі мен анасының болуы),
Толық емес (әкесі немесе шешесі ғана болады),
Балалар санына қарай:
Баласы жоқ отбасылар,
бір баласы бар отбасылар,
Көпбалалы отбасылар,
Үстемдік түріне қарай:
Патриархалдық (экономикалық билік ерінде),
Матриархалдық (шаруашылықты әйел басқарады),

Отбасының типтері


Құрамына қарай:
Толық, толық емес, кеңейтілген, нуклеарлық
Биліктің бөлінуіне қарай:
Матриархалдық,
Патриархалдық,
Эгалитарлық,
Ерлі-зайыптылықтың түріне қарай:
Полиандрия –бір әйелдің бірнеше ерлермен некесі,
Полигиния - бір ердің екі немесе бірнеше әйелмен некеде болуы,
Моногамия – бір әйелмен бір ердің арасындағы неке,
Экзогамия –түрлі әлеуметтік категорияларға жататын адамдар арасындағы неке,
Эндогамия – бір әлеуметтік категорияға жататын адамдар арасындағы неке.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет