Тақырыбы: «Перифериялық қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары» (1 когнитивті деңгей) Артериялық гиперемияның себептері



бет113/113
Дата17.11.2023
өлшемі6.13 Mb.
#483540
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113
все базы 3

Паренхималық


  • Механикалық

    ANSWER: B


    Сепсистің клиникалық-морфологиялық түрі:

    1. стафилококкты

    2. стрептококкты

    3. хирургиялық

    4. терапиялық

    5. хрониосепсис

    ANSWER: E

    Сепсистік эндокардиттің морфологиялық сипаты:



    1. жедел сүйелді

    2. диффузды вальвулит

    3. полипті-ойықжаралы

    4. фибропластикалық

    5. қайталамалы-сүйелді

    ANSWER: C

    Ұзаққа созылған сепсистік эндокардитте жиі зақымданады:



    1. Митральді қақпақша

    2. Трикуспидальді қақпақша

    3. Аорталық қақпақша

    4. Өкпе артериясының қақпақшасы

    5. Веналық қақпақшалар

    ANSWER: C

    Лукин-Либман дақтары ненің көрінісі болып табылады:



    1. септикопиемияның

    2. септицемияның

    3. іріңді-резорбциялы қызбаның

    4. ұзаққа созылған сепсистік эндокардиттің

    5. хрониосепсистің

    ANSWER: D

    Септикопиемия кезінде көк бауырда дамитын макроскопиялық өзгеріс:



    1. үлкейген, жұмсарған, қырындысы мол

    2. кішірейген, тығыз

    3. цианоздық индурация

    4. кішірейген, жұмсарған, кесіндіде қоңыр түсті

    5. ишемиялық инфаркттар мен тыртықтар тән

    ANSWER: A

    Септикопиемия кезіндегі алғашқы іріңді метастаздардың орналасуы:



    1. лимфа түйіндері

    2. көк бауыр

    3. өкпе

    4. миокард

    5. бүйректер

    ANSWER: C

    Септицемия кезінде қан түзетін және лимфа тіндерінде қандай үрдіс дамиды:



    1. атрофия

    2. метаплазия

    3. гипоплазия

    4. гиперплазия

    5. дисплазия

    ANSWER: D

    Кіру қақпасы анықталмаған жағдайда сепсис қалай аталады:



    1. идиопатиялық

    2. біріншілік

    3. криптогенді

    4. себебі анықталмаған

    5. ациклді

    ANSWER: C

    Септикопиемияның клиника-морфологиялық ерекшелігі:



    1. бактериялық эмболия есесінен әр түрлі ағзаларда метастаздық іріңдіктердің дамуы

    2. казеозды лимфаденит пен лимфангит

    3. іріңді тромбофлебит, көк бауыр гипоплазиясы

    4. лимфа түйіндерінің, айырша бездің гиперплазиясы, өкпедегі милиарлы төмпешіктер

    5. гепатоспленомегалия, полипті-жаралы эндокардит

    ANSWER: A

    Сепсистік эндокардит кезінде қантамырларда дамитын өзгеріс:



    1. Қантамырлар аневризмасы

    2. Альтерациялы-өнімді васкулит

    3. Қантамырлар гиалинозы

    4. Қантамырлар фиброэластозы

    5. Аневризмалық кеңею

    ANSWER: B

    Хрониосепсис кезінде көкбауырда дамитын өзгеріс:



    1. Гемохроматоз

    2. Инфаркттар

    3. Дистрофия

    4. Гипоплазия

    5. Гиперплазия

    ANSWER: D

    Айқын токсикоздын дамуы мен іріңді ошақтардың болмауы сепсистің қай түріне тән:



    1. септикопиемия

    2. септицемия

    3. хрониосепсис

    4. сепсистік эндокардит

    5. криптогенді сепсис

    ANSWER: B

    Іріңді процестердің пайда болуы және бактериялы эмболияның дамуы сепсистің қай түріне тән:



    1. септикопиемия

    2. септицемия

    3. хрониосепсис

    4. сепсистік эндокардит

    5. криптогенді сепсис

    ANSWER: A

    Сепсис кезінде ағзаларда абсцесстердің даму механизмі:



    1. Қантамырлар эмболиясы

    2. Тіннің гистолизі

    3. Бактериялы эмболия

    4. Альтерациялы-өнімдіваскулиттер

    5. Тіндік эмболия

    ANSWER: C

    Сепсистің жедел түрінде теріде пайда болатын морфологиялық элементтер қалай аталады:



    1. Петехия

    2. Пустула

    3. Витилиго

    4. Лейкодерма

    5. Папула

    ANSWER: A

    Біріншілік сепсистік эндокардиттің синонимі:



    1. Склерозданған қақпақшалардың полипті-жаралы эндокардиті

    2. Интактті (өзгеріссіз) қақпақшалардың полипті-жаралы эндокардиті

    3. Қайталамалы-сүйелді эндокардит

    4. Жедел сүйелді эндокардит

    5. Талалаев диффуздывальвулиті

    ANSWER: B

    Септикопиемия кезінде біріншілік іріңді метастаздар қайда орналасады:



    1. Лимфа түйіндерінде

    2. Көкбауырда

    3. Өкпелерде

    4. Миокардта

    5. Бүйректерде

    ANSWER: C

    Сепсистік эндокардит кезіндегі сепсис ошағының жиі орналасуы:



    1. Митральді қақпақша

    2. Трикуспидальді қақпақша

    3. Аорталық қақпақша

    4. Өкпе артериясының қақпақшалары

    5. Сол жақ жүрекше құлақшасының эндокарды

    ANSWER: C

    Септицемия кезінде паренхималық ағзалардың стромасында дамитын


    өзгеріс:

    1. Паренхималық майлы дистрофия

    2. Казеозды некроз

    3. Аралық қабыну

    4. Ишемиялық инфаркт

    5. Коллаген талшықтарының гиперплазиясы

    ANSWER: C

    Криптогенді сепсис кезіндегі сепсис ошағының ерекшелігі:



    1. Сепсис ошағы кіру қақпа аймағында орналасқан

    2. Сепсис ошағы кіру қақпасынан алшақ орналасқан

    3. Сепсис ошағы анықталмаған

    4. Сепсис ошағы минимальді қабынулық өзгерістермен сипатталады

    5. Сепсис ошағы айқын дамыған

    ANSWER: C

    Жүректің ревматизмдік ақауы бар 40 жастағы науқастың дене қызуы көтеріліп, терісі сарғайып, геморрагиялық бөртпелер, демікпе және ісінулер пайда болған. Көз конъюктивасында, екі көзінің төменгі қабағының ішкі бұрышында – петехиялық бөртпелер анықталды. Сепсистің қандай клиникалық-морфологиялық түрі жайлы айтылған:



    1. Ағымы найзағайша сепсистік эндокардит

    2. Жедел сепсистік эндокардит

    3. Созылмалы сепсистік эндокардит

    4. Ағымы созылған сепсистік эндокардит

    5. Біріншілік сепсистік эндокардит

    ANSWER: D

    Сепсис ошағы аппендиксте орналасқан жағдайда біріншілік метастаздық ошақтар қайда пайда болады:



    1. Басмида

    2. Өкпеде

    3. Бауырда

    4. Бүйректе

    5. Жүректе

    ANSWER: C

    Сепсистік эндокардит кезінде көз конъюнктивасында пайда болатын қан құйылулар қалай аталады:



    1. Черногубов дақтары/

    2. Лукин-Либмандақтары

    3. Давыдовский дақтары

    4. Джейнуэй дақтары

    5. Филатов-Коплик дақтары

    ANSWER: B

    Бірнеше күн өмір сүріп қайтыс болған баланың мәйітін ашып қарағанда ішкі ағзалардың айқын дистрофиялық өзгерістері мен көптеген нүктелі қан құйылулар анықталған. Көкбауыр гиперплазияланған. Кіндік аймағының микроскопиясында – тромбоартериит пен тромбофлебит көріністері анықталған. Аурудың клиника- анатомиялық түрін анықтаңыз:



    1. септикопиемия

    2. септицемия

    3. хрониосепсис

    4. сепсистік эндокардит

    5. криптогенді сепсис

    ANSWER: B

    Ұзақ уақыт бойы созылмалы іріңді отитпен сырқаттанған науқаста аурудың өршуі кезінде дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, қалтырау мен әлсіздік дамыған. Үдемелі анемия дамып, терінің және көз қабығының сарғаюы, терісінде іріңді бөртпелер пайда болған. Антибиотиктермен емдеу нәтиже бермеген. Науқас қайтыс болған. Науқаста инфекцияның кіру қақпасына байланысты сепсистің қай түрі дамыған?



    1. параинфекциялық

    2. тонзиллогенді

    3. отогенді

    4. одонтогенді

    5. криптогенді сепсис

    ANSWER: C

    Науқас әйелде криминальді аборттан кейін дене қызуы 40 градусқа дейін көтеріліп, санасы тұнжырауып, терісінде көптеген қан құйылулар пайда болған. Екі тәуліктен кейін науқас қайтыс болған. Науқаста инфекцияның кіру қақпасына байланысты сепсистің қай түрі дамыған?



    1. параинфекциялық

    2. хирургиялық

    3. жатырлық

    4. одонтогенді

    5. криптогенді сепсис

    ANSWER: C

    Ұзақ уақыт бойы созылмалы іріңді отитпен сырқаттанған науқаста аурудың өршуі кезінде дене қызуы 39-40 градусқа дейін көтеріліп, қалтырау мен әлсіздік дамыған. Үдемелі анемия дамып, терінің және көз қабығының сарғаюы, терісінде іріңді бөртпелер пайда болған. Антибиотиктермен емдеу нәтиже бермеген. Науқас қайтыс болған. Науқаста сепсистің қай клиника-морфологиялық түрі дамыған?



    1. септикопиемия

    2. септицемия

    3. хрониосепсис

    4. сепсистік эндокардит

    5. криптогенді сепсис

    ANSWER: A

    Сепсистік эндокардит кезінде қол алақандарында пайда болатын түйінді төмпешіктер қалай аталады:



    1. Черногубов түйіндері

    2. Лукин-Либман түйіндері

    3. Давыдовский түйіндері

    4. Ослер түйіндері

    5. Гетчинсон түйіндері

    ANSWER: D

    Сепсистік эндокардит кезінде тері мен теріасты шел қабатында пайда болатын қан құйылулар қалай аталады:



    1. Черногубов дақтарыа

    2. Лукин-Либмандақтары

    3. Давыдовский дақтары

    4. Джейнуэй дақтары

    5. Филатов-Коплик дақтары

    ANSWER: D

    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   113




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет