Егде жаста миокард инфаркты дамуының себептерінің бірі ТТЛП-ге бауыр рецепторларының құрылымының өзгеруі болып саналады. Бұндай жағдайда атерогендік коэффициент тең болады:
A. 1,5-2,0
B. 2,0-2,5
C. 2,5-3,0
D. 3,0-3,5
E. 3,5 асады
ANSWER: E
Тақырыбы: «Нәруыз алмасуының бұзылуы. Ашығу»
(1 когнитивті деңгей)
Нағыз (гипосинтетикалық) гипопротеинемия осы жағдайда дамиды:
A. физиологиялық ерітіндінің көп мөлшерін құйғанда
B. бауыр жетіспеушілігінде
C. бүйрек жетіспеушілігінде
D. ісінулердің таралуында
E. семіруде
ANSWER: B
Нәруыз түзілуі төмендейді:
A. гипоксияларда
B. жүктілікте
C. инсулин артық болғанда
D. анаболикалық стероидтарды қабылдағанда
E. оң азоттық баланс кезінде
ANSWER: A
Организмде оң азоттық баланс дамиды:
A. инсулин артығымен жиналғанда
B. кортизолдың артығымен жиналғанда
C. адреналин артығымен жиналғанда
D. инсулиннің тапшылығында
E. адреналиннің жетіспеушілігінде
ANSWER: A
Гиперазотемия – осының бұзылуының негізгі көрсеткіші болып табылады:
A. ағзадағы нәруыз синтезінің
B. ағзадағы нәруыз гидролизінің
C. нәруыз алмасуының аралық сатысының
D. нәруыз алмасуының бастапқы сатысының
E. нәруыз алмасуының соңғы сатысының
ANSWER: E
Қан плазмасында аномалиялық нәруыздардың пайда болуы осылай аталады:
A. гипопротеинемия
B. гиперпротеинемия
C. теріс азоттық баланс
D. парапротеинемия
E. диспротеинемия
ANSWER: D
Бүйрек зақымдануындағы (ретенционды формасы) гиперазотемия көбінесе осының жоғарылауымен шақырылады:
A. зәр қышқылының
B. электролиттердің
C. аминқышқылдары
D. мочевинаның
E. хлордың
ANSWER: D
Аммиак осы жасушаларға ең анық токсикалық әсер етеді:
A. бас миына
B. жүрекке
C. өкпеге
D. бауырға
E. бүйрекке
ANSWER: A
Достарыңызбен бөлісу: |