ANSWER:C
Тромбоздың жағымсыз нәтижесі:
тромбтың сепсистік емес ыдырауы
тромбтың тамыр қабырғасынан үзілуі
организация
васкуляризация
канализация
ANSWER:B
Магистралды қантамыр бойымен қанның ағыуы қиындағанда дамитын қантолымның түрі:
ангионевроздық
коллатералдық
анемиядан кейінгі дамыған қантолым
вакаттық
қабынулық
ANSWER:B
Майлы эмболияның себебі:
теріасты шелмайдың жарақаттан езілуі
бас миы жарақаты
семіру
липоматоз
липосклероз
ANSWER:A
Фокальді колликвациялық некроздың синонимі:
майлы дистрофия
апоптоз
гиалинді-тамшылы дистрофия
паранекроз
баллонды дистрофия
ANSWER:E
Казеозды некроз дамытатын ауру:
атеросклероз
туберкулез
мерез
гипертония ауруы
дифтерия
ANSWER:B
Қанның үлестірілуі нәтижесінде дамитын ишемияның түрі:
анемиядан кейінгі қантолым
ангиоспазмдық қаназдық
обтурациялық қаназдық
компрессиялыққаназдық
коллатеральдік қантолым
ANSWER:A
Венаның ісікпен басылғанында дамитын процесс:
обтурациялық қаназдық
компрессиялық қаназдық
веналық қантолым
вакатты қантолым
коллатеральдік қантолым
ANSWER:C
Көк бауырдағы некроз ошағының сипаты:
қызыл түсті, пішіні дұрыс емес
қызыл түсті, пішіні үшбұрышты
ақ түсті, пішіні дұрыс емес
ақ түсті, пішіні үшбұрышты
ақ түсті, консистенциясы жұмсақ
ANSWER:D
Жатырдан қанкетудің синонимі:
гематометра
метроррагия
эпистаксис
геморрагия
аменорея
ANSWER:B
Гематомезистің анықтамасы:
қан қақыру
қан құсу
шелмайға қантөгілу
мұрыннан қанкету
тік ішектен қанкету
ANSWER:B
Нәжістегі қанның баршылығын білдіретін латынша терминді атаңыз:
haemoptoe
haematomesis
metrorrhagia
epistaxis
maelena
ANSWER:E
Плевра қуысында ісіну сұйықтығының жиналуының аталуы:
асцит
гидроперитонеум
гидроторакс
шемен
гидроцеле
ANSWER:C
Құрылысына байланысты тромбтың түрі:
шар тәрізді
ақ
бітеуші
қабырғалық
дилатациялық
ANSWER:B
Тромбтың қалыптасуының жергілікті қолайлы жағдайы:
тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы
қан ұюына қарсы және қан ұютушы жүйенің тепе-теңдігінің бұзылуы
қанның сапасының өзгеруі
қанның мөлшерінің өзгеруі
ағзаға шамадан тыс қызметтік күш түсу
ANSWER:A
Гематоманың анықтамасы:
қанның тіндік элементтерді бұзып, тіндерге сіңуі
ұйыған қанға толған қуыс
ұсақ нүкте тәрізді қан төгілу ошақтары
жазықтықты қан төгілулер
шырышты қабықтардағы дақ тәрізді қан төгілулер
ANSWER:B
Кессон ауруның негізі:
ауа эмболиясы
майлы эмболия
газды эмболия
тіндік эмболия
микробты эмболия
ANSWER:C
Жалпы веналық қантолым себебі:
жүрек жеткіліксіздігі
қақпа венасының тромбозы
жоғарғы күре венасының тромбофлебиті
қолқа аневризмасы
қақпа венасының ісікпен басылуы
ANSWER:A
65 жастағы қайтыс болған науқастың жүрегінде қайталамалы инфаркттан кейін алдыңғы қабырғасы мен ұшының қапшық тәрізді томпайғандығы анықталды. Жүрек қабырғасы тығыздалған, жұқарған, сол қарыншаның қуысында эндокард жағынан қабырғасына жабысқан құрғақ, бұлыңғыр үгітілмелі қан ұйындылары бар. Анықталған ұйындылар, бұл:
Дилятациялық тромб
Марантикалық тромб
Шар тәрізді тромб
Өлгеннен кейінгі ұйынды
Тромбоэмбол
ANSWER:A
Өлген науқастың аутопсиясында суретте көрсетілгендей морфологиялық өзгерістер анықталған. Ащы ішекте дамыған некроздың клиникалық–морфологиялық түрін атаңыз:
Инфаркт
Гангрена
Секвестр
Коагуляциялық некроз
Жауыр
ANSWER: B
Миокард инфарктымен ауырған науқас жүрек-тамырдың созылмалы жеткіліксіздігінен қайтыс болды. Бауырда суретте көрсетілген өзгерістер дамыған. Бауырда қандай микроскопиялық өзгерістер дамиды:
Гепатоциттерде баллонды дистрофия,перипорталық жолдарда лимфоплазмоцитті инфильтрация
Бөлікшелер ортасына амилоид жиналған, гемосидероз дамыған, шеттегі гепатоциттерде ақуызды дистрофия
Бөлікшелер ортасына қанқұйылған, шеттегі гепатоциттерде майлы дистрофия
Жалған бөлікшелер бар, порталық жолдарда нейтрофильді лейкоциттерден тұратын инфильтрат бар, гепатоциттерде майлы дистрофия
Гепатоциттерде гидропиялық дистрофия, холестаз, Каунсильмен денешіктер
ANSWER: C
Қуық асты безі операция жолымен алынып тасталған ер адам 2 тәуліктен кейін қайтыс болған. Патологиялық-анатомиялық зерттеу кезінде өкпе бағанының қуысында бос жатқан құрғақ, үгітілмелі заттар анықталды. Науқастың өлімі неден болған:
Өкпе артериясы қолқа тармақтарының салдануы
Тәждік артериялардың салдануы, бронхоспазм
Ми мен өкпенің ісінуі
Тәждік артериялардың спазмы, бронхоспазм
Бронхиолалардың салдануы, өкпе инфаркты
ANSWER: D
Тобы бөлек қан құйылған науқас бүйректердің жедел жеткіліксіздігінен қайтыс болады. ҚШҰ синдромының негізгі морфологиялық белгісін көрсетіңіз:
Микротромбтар
Қанқұйылу
Стаздар
Аралық ісіну
Майлы эмболдар
ANSWER: A
Суретте қолқа мен мықын артериялары көрсетілген. Осы көрініске байланысты қандай ағзада өзгерістер дамуы мүмкін:
Өкпеде
Бауырда
Ішекте
Бүйректерде
Аяқтарда
ANSWER: E
Науқас көп жылдар бойы митралды қақпақшаның стенозымен ауырған. Өлім жүрек–өкпе жеткіліксіздігінен болған. Макроскопияда өкпелер үлкейген, консистенциясы тығыз, кескінде тінінде көптеген ұсақ қоңыр түсті дақтар көрінеді, бронхтар мен тамырлардың маңында диффузды тор түрінде дәнекер тіні өскен. Суретте өкпеде дамыған өзгерістер көрсетілген. Өкпенің образды аталуын атаңыз:
Қоңыр индурация
Үлкен шұбар өкпе
Мускатты өкпе
Цианоздық индурация
Мраморлы өкпе
ANSWER: A
Бауыр капсуласының астындағы ажырап жатқан қанқұйылуды атаңыз:
Менархе
Мензис
Эпистатис
Гематома
Мелена
ANSWER: D
Жас еркектің жол апатында ұзын түтікшелі сүйектері көп жерден сынып, тынысалу жеткіліксіздігінен қайтыс болған. Суретте өкпеде дамыған гистологиялық өзгерістер көрсетілген. Осы морфологиялық өзгерістер ненің белгісі:
Майлы эмболия
Тромбоэмболия
Бөгде заттар эмболиясы
Газды эмболия
Ауа эмболиясы
ANSWER: A
Суретте қанқұйылудың қай түрі берілген:
Haematomesis
Haemothorax
Haemoperitoneum
Нemopericardium
Haemoartrosis
ANSWER: D
Аутопсияда өлген науқастың өкпе артериясының бағанында суретте көрсетілген өзгерістер анықталған. Олардың көз-қайнары қандай:
Сол қарыншаның аневризмасының қуысындағы тромбтар
Митралды қақпақшаның жармаларындағы тромбтық заттар
Қолқадағы тромбтар
Шажырқай артерияларындағы тромбтар
Кіші мықын веналарындағы тромбтар
ANSWER: E
Ортоградты эмболияның мысалы:
Жүрекше аралықтағы ақау арқылы тромбоэмболдың өтіп кетуі
Сан сүйегінің көптеген сынықтары кезінде өкпеде дамитын майлы эмболия
Асқазан обырының аналық безіне метастазы
Асқазан обырының тік ішек айналасындағы лимфатүйіндеріне метастазы
Қарынша аралықтағы ақау арқылы тромбоэмболдың өтіп кетуі
ANSWER: B
Ретроградты эмболияның мысалы:
Жүрекше аралықтағы ақау арқылы тромбоэмболдың өтіп кетуі
Сан сүйегінің көптеген сынықтары кезінде өкпеде дамитын майлы эмболия
Вена синустарының тромбозы кезіндегі өкпе артериясының тромбоэмболиясы
Өкпе обырының миға метастазы
Асқазан обырының тік ішек айналасындағы лимфатүйіндеріне метастазы
ANSWER: E
72 жастағы өлген науқастың қолқасының құрсақ бөлігінде интима жағынан көптеген сары-ақшыл түсті табақшалар анықталды. Олардың кейбіреулері ойылған, бетінде сұр-қызыл түсті, үгітілмелі беткейі кедір-бұдыр бұлыңғыр, тамыр қуысын бітемеген заттар бар. Осы өзгерістер нәтижесінде қандай ағза зақымдануы мүмкін:
Жүрек
Өкпе
Көкбауыр
Бауыр
Бүйректер
ANSWER: E
Ішкі ағзаларда ақ инфаркттың дамуының себебі:
Тәждік артериялардың тромбозы
Өкпе артериясы тармағының эмболиясы
Көкбауыр артериясының тромбозы
Жоғарғы шажырқай артериясының эмболиясы
Қақпа венасының тромбозы
ANSWER: C
Өкпе артериясяның тромбоэмболиясының жиі көз-қайнары:
қақпа венасының тромбозы
мезентериальді артерияларының тромбозы
өкпеішілік веналардың тромбозы
ашішек веналарының тромбозы
аяқ веналарының тромбозы
ANSWER: E
Бауыр синусоидтарының васкуляризациясы дамитын процесс:
жедел жалпы веналық қантолым
созылмалы жалпы веналық қантолым
ағза қаназдығы
артериялық-веналық жыланкөз кезіндегі қантолым
ангионевроздық қантолым
ANSWER: B
Созылмалы веналық қантолымкезіндегі бауырдың аталуы:
саго тәрізді
майлы
порфир тәрізді
цианоздық
мускатты
ANSWER: E
42 жастағы әйел адамға созылмалы аппендицит себебімен апендэктомия операциясы жасалған. Аурудың екінші күнінде оған жүріп-тұруына рұқсат берілген. Төсектен тұруға ынталанғанда кенеттен ол көгеріп, қырылдап, есінен танып өліп кеткен. Науқастың өлімінің даму механизмін атаңыз:
тәждік артериялардың спазмы
өкпенің ісініуі
бас миының ишемиялық инсульті
миокард инфаркты
пульмонокоронарлы рефлекс
ANSWER: E
Сүңгуірдің терең өзен түбінен тез арада көтерілуі есесінен демікпе пен цианоз дамып, өлген. Қанайналым бұзылысының қандай түрі дамыған:
жалпы артериялық қантолым
жергілікті веналық қантолым
жалпы веналық қантолым
қанның тамырішінде диссеминацияланған ұюы синдромы
газды эмболия
ANSWER: E
65 жастағы ер адамда қайталанбалы миокард инфарктінен кейін жүректің созылмалы жеткіліксіздігінің белгілері өршіп, қайтыс болған. Ағзаларда дамыған макроскопиялық белгілерді атаңыз:
ағзалар көлемі кішірейген, жұмсарған
ағзалар көлемі үлкейген, тығыздалған
консистенциясы тығыздалған, беткейі май жаққандай жылтыр
консистенциясы жұмсарған, беткейі бұлыңғыр
аспид түсті сұрланған, тығыздалған
ANSWER: B
Миокард инфарктісі кезінде жүректе дамитын макроскопиялық өзгерістер:
миокардта ірі сұр түсті, пішіні дұрыс емес ошақ бар
миокардта шетінде қызыл түсті жиегі бар сары тсүті ошақ бар
миокардта сұрғылт түсті ұсақ тыртықтар бар
миокардта ұшбұрышты ал-қызыл ошақ бар
миокардтың беткейінен томпайып тұрған сүт түсті дақ бар
ANSWER: B
Сепсис ошақтарына тән өзгеріс:
гиалиноз
іріңді қабыну
өнімді абыну
фибринді қабыну
амилоидоз
ANSWER: B
Сепсис кезінде сарғаюдың қай түрі дамиды:
Бауырлық
Бауырүстілік
Бауырастылық
Достарыңызбен бөлісу: |