Тақырыбы: «Перифериялық қанайналым және микроциркуляция бұзылыстары» (1 когнитивті деңгей) Артериялық гиперемияның себептері


«Мысық қарашығы» симптомы, көз мөлдірқабығының құрғап кетуі мен бұлынғырлануы, өліктік дақтар, өлік сіреспесі тән



бет35/113
Дата18.09.2023
өлшемі5.84 Mb.
#477829
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113
все базы 3

«Мысық қарашығы» симптомы, көз мөлдірқабығының құрғап кетуі мен бұлынғырлануы, өліктік дақтар, өлік сіреспесі тән:
A. шоктың терминальді сатысына
B. биологиялық өлімге
C. клиникалық өлімге
D. преагонияға
E. агонияға
ANSWER: B
Дәнекер-тіндік тыртықтар, аяқ ампутациясынан кейінгі жағдайлар, буындар анкилозы, маймақтық, білектің аяғына дейін дамымауы – бұл Жалпы нозология категориясының мысалдары. Осы категорияға тән белгіні атаңыз:
A. дизергияның дамуы
B. ұзаққа созылмайтын, жылдам ағым
C. өршу және ремиссиялар кезеңдері
D. патогендік емес агенттердің әсерлерінен дамуы
E. қарқынды үдеуге бейімділіктің болмауы
ANSWER: E
Тақырыбы: «Патофизиология пәні және міндеттері. Жалпы нозология»
(3когнитивті деңгей)


Жарақаттың салдарынан тісті алып тастағанда жақтың альвеолалық өсіндісінің атрофиясы осының мысалы:
A. патологиялық жағдайдың
B. патологиялық процестің
C. патологиялық реакцияның
D. ауру асқынуының
E. аурудың
ANSWER: A
Науқас Р., 45 жаста, меланоциттерден дамыған қатерлі өспемен ауырады. Диагнозы: «Түйіндік меланома». Бұл өспе ұзақ және қарқынды түрде ультрафиолет сәулесін қабылдағаннан кейін пайда болған. Алғашында денесіндегі туа біткен қалдың түсі, пішіні өзгеріп, көлемі ұлғайған кейін беті жарықтанып қанайтын болған. Бұл жағдайдағы нозологиялық бірлікті атаңыз:
A. туа біткен қал
B. қанкетулер
C. меланома
D. өспе
E. жара
ANSWER: C
Науқаста 2 минут аралығында ұйқы артериясында пульс анықталмайды, қарашығы кеңейген, жарыққа реакциясы жоқ, тынысы анықталмайды, есі жоқ, артериялық қысым анықталмайды, жүрек тондары естілмейді. Бұл науқасқа жүрек-өкпелік реанимацияны жүргізгенде тыныс жолдарына ауаны үру және төстің компрессиясын жасау аралығындағы қатынас болуы тиіс:
A. 1:2
B. 1:5
C. 1:15
D. 2:10
E. 2:30
ANSWER: E
Жіті жіңішке ішектік түйнек жөнінде науқасқа операция жасалды. Операциядан кейінгі ерте кезеңде тамақтану тәртібін бұзғанынан, науқаста ішінінң қатты ауырсынуы, дене температурасының көтерілуі, нәжіспен тоқтаусыз құсу байқалды. Дәрігер перитонит дамығаны жөнінде қорытынды жасады. Берілген жағдайда аурудың асқунуы болып саналады:
A. құсу
B. қызба
C. ішектік түйнек
D. ауырсыну синдромы
E. перитонит
ANSWER:E


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   113




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет