Аудиторияның мотивациялық дайындық принципі. Аталған принциптің маңыздылығы әрбір сабақты өткізу оқу процесін құру барысында оқытушы аудиторияға осы сәтте маңызды жағдайларды ескеріп, соларға бағдарлануы тиіс. Бұл принциптің негізінде оқушылардың (студенттердің) ішкі түркі, қажеттілік және мақсат жүйелерін ашып, олардың осы пәнге деген қызығушылығы мен талаптану деңгейін қалыптастырады. 2.2 ПСИХОЛОГИЯ БОЙЫНША САБАҚТАРДЫ ӨТКІЗУ ӘДІСТЕМЕЛЕР 1. Сабақты өткізудің жалпы схемасы: дайындық фазасы, оқушылармен мұғалімнің өзара әрекет жолдарының белсенді оқыту фазасы, сабақтың нәтижесін бағалау фазасы. 2. Сабақтың психологиялық талдауы Сабақтың жалпы ұйымдастыруын құруға қатысты тенденциялар олардың құрылымдар түрінің өзгеруінен, оқытудың басқа да ұйымдастыру формаларымен сабақтастығынан; ауызша сұрау және үй тапсырмасын тексеруге кететін уақытты мейлінше қысқартудаң сабақтың бұл кезеңдерін дидактиканың негізгі міндеттерін оқушылардың өз бетінше жұмысымен біріктіру арқылы шешу үшін пайдалануда көрінеді. Сабақтың шығармашық бастамасын күшейту тенденцясы өзін-өз бетінше жұмысты ұйымдастыруға ерекше назар аударуда байқатады Сабаққа қойылатын қазіргі талаптар 1. Әрбір сабақта білім беру, даму және тәрбиелеу мақсаттарының бірлігі сақталуы керек. Әрбір сабақ оқыту процесінің басты заңдылықтарын жүзеге асыруға ықпал етуі керек.
Сабақта белгілі бір білімді баяндай отырып, оқушылардың пайымдауын дамыту, олардың ойлау қабілетінің дамуына ықпал ету және оларды қоршаған дүниеге лайықты қатынасын қалыптастыру, оларға осы қатынастар негізінде мінез-құлық дағдысын сіңіру қажет. Тұлғалық қасиет қалыптасуы үшін алған білімнің оқушылардың мінез-құлқын айқындауына, оларда қажетті түлғалық қасиеттің қалыптастыруына ұмтылу керек (жұмыс орнындағы мәдениеттілік тапсырманы орындау сапасын жауапкершілікпен қарау, оларды орындаудағы қиындықтарды жеңу). 2. Әрбір сабақ дидактиканың барлық принциптеріне және бәрінен бұрын оқыту мен өмірдің ғылымилығы мен байланысына жауап беруі керек.
Достарыңызбен бөлісу: |