1 Дәрістердің мәні мен олардың түрлері
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау; оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» делінген. Бұл міндеттерді шешу үшін әр педагогтың күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәрбиеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Сондықтан да, әр педагог өз әрекетінде қажетті өзгерістерді, әр түрлі тәжірибелер жөніндегі мағлұматтарды, жаңа әдіс тәсілдерді кезінде қабылдап, дұрыс пайдалана білуі керек.Қазіргі заманғы психологиялық білім мен оның тәжірибесіне деген қызығушылықтың өсуі жоғары мектептегі психологияны оқытудың әдістемесіне жаңа, әрі тиімді әдістерді енгізуді қажет етіп отыр.
Психологияны оқытудың тиімділігі негізінен педагогтың оқу процесін психология ғылымының теориясы мен тәжірибесінің мазмұнына сай ұйымдастыру іскерлігіне байланысты болады.Осыған байланысты психология пәнінің оқытушысы психологияның теориялық сұрақтарымен бірге, студенттерде жоғары мектепте оқу барысында пайда болатын психологиялық мәселелерге қатысты сұрақтарына да жауап бере білуі керек болатыны түсінікті. Себебі, психологияны оқыту әдістемесі студенттердің ерекшеліктерін ескеруі міндетті.Оқыту процесі студенттердің өздері қабылдап алған барлық білім, түсініктердің сана-сезімдеріне қандай әсер ететіндігін түсінуіне негізделген кезде ғана тиімді болады. Оқытушы шеберлігінің бірден бір көрінісі - өз пәнінің мақсаттарын адамның қоршаған ортамен және басқа адамдармен қатынастары тұрғысынан қарастыру, ғылыми пәнді социумның, өнердің, мәдениет пен тұрмыстың мазмұнына үйлестіре алу және студенттердің құндылық бағдарларын нақты оқу мақсаттарына айналдыра алуында екені анық
.Психологияны оқытудың мақсаты дәл осы мазмұнды қамтиды: өмірдің әр түрлі жағдайларында адамдардың өзара әрекеті мен қарым-қатынасын орнатудың теориясын және тәжірибелік білімдері мен әдістерін студенттерге меңгертуді көздейді.
Психологияны оқыту басқа адамдардың ойлау бейнелері мен әрекет бейнелерін анықтайтын жағдайларды өзгерту мен түсіну тәсілдерін меңгертуге ғана емес, сонымен бірге, адамның өз тіршілік әрекеті мен санасын да өзгертуге бағытталған.Студенттердің тұлғалық сапаларын қалыптастырудағы оқытушы мен студент арасындағы бірлескен іс-әрекеттің алатын орны мен оған психологиялық жағдай туғызуға қажетті шарттар жайлы С.М.Жақыпов, Е.И.Исаев, С.Д.Смирнов, В.И.Слободчиков өз еңбектерінде баян етеді.Қазіргі уақытта оқытудың тиімділігі мәселесі мемлекеттік деңгейдегі аса өзекті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселені шешу жолдарының бірі -студенттердің теориялық білімді практикада еркін қолдана алатындай деңгейде қабылдауына мән беру. Психология ғылымының жетістіктерін өмірдің барлық салаларында пайдаланып жатқанда, білім беру міндеттерін шешуге қолданудың қажеттілігі анық.Оқыту процесін ұйымдастыруда педагогикалық талаптар деңгейінен көрінумен бірге, психологиялық мәселелерін ескеру қажеттігі ертеден бері айтылып келе жатқанымен, дәл қазіргі уақытта оқытудың басты міндеттерінің біріне айналып отыр.
Психологиялық сипаттағы мәселелерді ескеру және оларды шешудің нәтижесінде оқытудың тиімділігінің артатыны, оқу іс-әрекетінің жетіле түсетіні, берілетін білімнің сапасы артатыны, білімді қабылдаушылардың тұлғалық дамуы қамтамасыз етілетіні және т.б. осы сипаттағы зерттеулер психолог ғалымдар Б.Г.Ананьев, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, Л.В.Занков, Л.Б.Ительсон, А.Н.Леонтьев, А.В.Петровский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, еліміздің ғалымдары Қ.Б.Жарықбаев, С.М.Жақыпов және басқа да зерттеушілердің еңбектерінде баяндалған.Оқытудың психологиялық мазмұнын қарастыратын теорияларда мән берілген басты мәселелерге оқу материалының мазмұнының оқушы психологиясына ықпалы, оқытудың әдіс-тәсілдерінің оқу материалының ерекшеліктері мен оқушы психологиясына сай болуы, оқытудың тиімділігі, оқытуды ұйымдастыру мен басқару мәселелері, оқытудың құрылымдық ұйымдасуының компоненттері арасындағы өзара байланыстарды қамтамасыз ету (оқу мотивациясы, оқу тапсырмалары, оқу міндеттері, бақылау және өзін-өзі бақылау, бағалау және өзін-өзі бағалау), оқыту арқылы оқушының тұлғалық және дара ерекшеліктерін дамыту, оқыту барысында бірлескен іс-әрекеттің қалыптасуы және тағы басқалар кіреді.Аталған мәселелерді талдау оқытудың құрылымының психологиялық мазмұнын анықтап берді: білім беру жағдайына қатысушылардың (мұғалім, оқушы) мәні мен мақсаттары, оқу пәнінің құрылымдық мазмұны, оқу пәнінің мазмұнын меңгеру процесін ұйымдастырушы әрекеттер, оқу іс-әрекетінің жалпы тәсілдерін меңгерудің бір деңгейінен келесісіне өту, тұлғаның дамуын оқыту процесінде әлеуметтік тұрғыдан реттеп отыру формасындағы мұгалім мен оқушылар арасындағы және оқушылардың өзара оқу әрекетінің жүйесі, және осы аталғандардың оқуды меңгеру барысындағы өзгерістері: білімнің пәндік мазмұнын меңгеру процесінің деңгейі мен фазаларының, жеке оқу әрекеттерінің өзара байланысын қалыптастыру.
Студенттің мамандығына қатысты білімді, дағдылар мен ептіліктерді игертудің психологиялык механизмдерін анықтап, оқу іс-әрекетінің тиімді психологиялық жағдайларын қарастыру білім беру әдістемесінің ғылыми негізін құрайды. Оқытудың психологиясын талдау психологияны жоғары мектепте оқытудың әдістемесін жетілдіруде пән оқытушысының кәсіби мүмкіндіктерінің атқаратын рөлін анықтауға мүмкіндік берді.Психология пәнінің әдіснамасын зерттеумен айналысушы ғалымдардың пікіріне қарағанда (Б.Ц.Бадмаев, В.К.Боярчук, В.Е.Гинецинский, С.М.Жақыпов, т.б.) психологияның пәндік және іс-әрекеттік мақсатына келесі мақсаттар кіреді:
Достарыңызбен бөлісу: |