Медициналық реабилитация мақсаты.
Реабилитация мақсаты – ағзаның мүмкіндігі жоғалған, сезіну қабілеті жойылған жерін қалпына келтіру, бұл мүмкін болмаған жағдайда ауруды бәсеңдету, кейбір жерді біртіндеп емдеу. Мұның ішінде негізгі рольді дене шынықтыру жаттығуы, табиғи факторлар, әртүрлі уқалау, тренажерда жаттығу, ортопедиялық құралдарын пайдалану, еңбек терапиясы, психотерапия және аутотренинг (Аутотренинг – қиындыққа мойымау, науқастың өзін-өзі тәрбиелеуі).
Медициналық және физикалық реабилитациясының қағидалары.
Негізгі қағидалар мыналар:
қалпына келтіруде ерте бастау,
қалпына келтіру шарасын ауқымды қолдану,
реабилитация программасын (жоспарын) жекеше жүргізу,
реабилитацияны сатылау,
реабилитацияның өң бойында үздіксіз емдеу,
реабилитацияны әлеуметтік бағытта шешу,
реабилитация салмағын дер кезінде бақылау.
Реабилитация жұмысын дер кезінде жүргізу ағзадағы кері өзгерістерді (неврологиялық ауруда) болдырмау үшін маңызды. Реабилитацияны ерте бастау көп жағдайда мүгедектікке ұрынбау үшін аса маңызды. Реабилитациялық процесті қашан қай кезде бастау керек? Ол - әр аурудың жеке диагнозына байланысты.
Дегенмен, мед реабилитацияны өте ауыр жағдайдағы науқасқа қолдануға болмайды: қызу жоғары, қатты ағза улануы, жүрек-тамырмен өкпе қабынуында; Бірақ операциядан кейін өкпеге ірің мен су толмас үшін ауруға шар үрлеуге тура келеді, сол үшін реабилитация мәселесіне біржақты қарауға болмайды.
Комплексті емдеу. Мед реабилитация мәселесі өте күрделі, оған терапевтер, хирургтар, травматолог пен физиотерапевтар, ЛФК метолистері, массажистер, психолог пен психиаторлар ат салысады. Науқас түріне қарап емдеуші дәрігерлер де бөлінеді.
Реабилитацияның жеке-дара бағдарламасы. Науқастың жасына, ауру түріне, жынысына, қимыл қозғалысына, дене құрылымына қарап әрбіріне жеке ем қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |