Тақырыбы: ««Реабилитация» туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы, әдістері.»



бет5/6
Дата12.04.2023
өлшемі25.62 Kb.
#472136
1   2   3   4   5   6
Лек 1

Реабилитацияның сатылану үрдісі.
Үш бөліктен тұратын реабилитация:
1) Арнаулы аурухана
2) Арнаулы реабилитация орталық немесе санаторий.
3) Емханадағы реабилитация бөлімшесі


Травматологияда қолданылатын төрт бөліктен тұратын реабилитация:
1) Жедел жәрдемнің арнаулы бригадасы
2) Травматология ауруханасы
3) Реабилитациялық орталықтық ауруханасы
4) Емхана реабилитация бөлімшесі.

Екінші бөліктегі қалпына келтіру жұмысы арнаулы жедел жәрдем дәрігерлерімен орындалады: қорыққан жағдайда (шок), қан тоқтату, тыныс алу органын ашу; Ең маңызды нәрсе – ауруды доғарту, көлікпен қамтамасыз ету. Травматологияда (жарақатталу) басты нәрсе ауруды анықтау, операциялық жолмен, консервативтік жолмен емдеу.




Реабилитация мынаған да байланысты:
1 кезең - қалпына келтіру терапиясы
2 кезең - реадапция
3 кезең - реабилитация (дәл мағынада)
1 кезеңнің мақсаты – науқасты болашақ қиын жағдайға психологиялық дайындау.
2 кезеңнің мақсаты - науқастың қоршаған ортаны қабылдауы.
3 кезеңнің мақсаты – тұрмыстық ортаға, қоғамға үйрену, (қарым-қатынас).


Реабилитацияның үзіліссіз жүргізілуі әр сатыдан өту кезеңінде де аса маңызды. Ағзаның функционалдық жағдайының жақсаруы, дене шынығуы өседі, үзіліс болған кезде бәрін басынан бастауға тура келеді. Реабилитацияның кезекпен ауысуы бір сатыдан екінші сатыға, бір емдеу орнынан екіншіге ауысқанда да үзілмеуі керек. Реабилитациялық картаға қандай ем алғаны, қанша уақытқа созылғаны анық жазылуы керек, науқас жағдайы толық сипатталуы жөн. Бұл жерде алмасу картасы маңызды: қандай жұмысқа төзімді, қандай ем шаралары жүзеге асырылды т.б.
Әлеуметтік бағыт. Жоғарыда айтылғандай реабилитацияның негізгі мақсаты – ауру мен мүгедектің тез арада жұмысқа, отбасына, қоғамға оралуы. Емдеудің соңы науқастың айығуына, жұмысқа жарамды болуына әкелуге тиіс.
Дегенмен, қолданылған шараларға қарамастан кейбір науқастар толық айыға алмай, тек өзін-өзі күтіп қалуға ғана шамасы келеді.
Мұндай жағдайлар медико-биологиялық, әлеуметтік мәселе туындатып, мүгедек болып қалғандар басқа жұмысқа бейімделеді. әлеуметтік еңбек мәселесімен әлеуметтік қамту органдары айналысады. Мұнда дәрігерлік еңбек эксперт комиссиясы ролі (ВТЭК) жоғары. Олар еңбек ету мүмкіндігінен айырылған мүгедектерді топқа бөліп ажыратады. ВТЭК осы жерде әлеуметтік орындар мен медицина қызметкерлерін жалғастыратын өткел болады. Еңбек реабилитациясы тек жұмыс берумен ғана шектелмейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет