Тақырыбы: ««Реабилитация» туралы түсінік. Оның мақсаты, қағидасы, әдістері.»


Кабинетке берілген орын 1-ші қабаттан төмен болмауы керек



бет29/34
Дата12.04.2023
өлшемі198.68 Kb.
#472135
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
реабилитация

Кабинетке берілген орын 1-ші қабаттан төмен болмауы керек:
• құрғақ ( ылғалдылық 70%-дан аспауы керек)
• жылы ( қызу + 20ºС төмен емес)
• жарық
• кең ( кабинеи көлемі 6м ², 1 аппаратқа, бірақ 24м²-тан кем емес)
• жабық электр желісі
• 2м биіктік, қабырға майлы сырланады, еден линолеуммен жабылған болуы керек
Барлық жерге жіберілген металл нәрселер ағаш қаппен қапталуы қажет..Еденнен 1,6 м биіктікте рубильникті щит қондырылады.
Стационарлық аппараттың саны бойынша кабина жабдықтары:
• биіктігі 2м
• ені 2м
• ұзындығы 2м
Емдеуге арнайы (қосымша қызмешіге арналған жкек кабина бөлінеді)Қызмет кабинасынан бөлек мейірбикеге арналған үстел қойылады.Үстелде: аурулар каточкасы орналасқан картотека, емдеу электорндық сағаты тұрады.Мейірбике үстелінде сантиметрлік лента, секундомер, резинка қолғап, сақтық көзілдірік.
Аппаратура меңгеруші бекіткен жоспар бойынша орналасады.Барлық аппараттар жер арқылы жүргізілуі тиіс.Аппараттарды тексеру 7 күнде 1 рет жүргізіледі.Алдын ала тексеруді фиизотехник жүргізеді.Аппараттарды күту мейірбике қызметіне кіреді.
Құжаттар:

  1. Қауіпсіздік техникасы журналы

  2. Аппаратура (құралдар) алдын ала тексеру журналы

  3. Құралдарды есепке алу журналы

  4. Аурудың карточкасы

  5. Кабинеттің күнделікті жұмысының журналы

  6. Жылдық есеп журналы

ФЗТ процедурасың жүргізудің жалпы ережелері:

  1. Әрбір емдеу кабинетінің көрнекті жерде тұратын жұмыс кестесі болуы қажет, онда:

а) дәрігердің ауруды қабылдауы
ә) кабинетте емдеу жүргізу уақыты
б) палатадағы емдеу жүргізу уақыты
в) егер кабинет стационар, амбулаторлық ауруларды қабылдауға арналған болса, бұл аурулар тобын қабылдау уақыты көрсетілуі керек.
2. Әрбір ауруға емдеу жұмысын жүргізу үшін белгілі бір уақыт бөлінуі қажет.Емдеу кезегі, емдеу картасында белгіленген уақытпен анықталады.
3. Емдеуді тамақтан кейінбірден немесе ашқарынға жүргізуге болмайды.Емдеуге қолайлы кезең, жеңіл таңғы астан кейін 30-40мин.немесе түскі астан кейін 1,5-2 сағат өткеннен кейін.
4. Алғашқы ем қабылдаудың алдында мейірбике ауруды ем кезінде қажетті, өзін-өзі ұста уережелерімен, емдеу барысында болатын сезімдермен толық таныстырады.Әр ем қабылдау алдында қысқаша ережелерді қайталап отыру қажет.
5. Қажет болған жағдайда, емжасауда ауруды төсекке жатқызып, жүргізу керек.Ем аяқталғаннан кейін аурулар, әсіресе қарт адамдардың басы айналып, өзін жайсыз сезінуді болдырмас үшін жайлы жата тұруы қажет.
6. Қандай да бір ем қабылдау алдында ауру өзін ыңғайлы сезінетіндей орналасуы керек. Ауруларды емдеу алдында қол-вяғы ұю, дірілдеу, ауру сезіну болмас үшін белдің және тізе астына құм салынған қап қою керек.
7. Электрод орнығуы үшін әр ауруға арнап бинт дайындап, аурудың тегі жазылған ұяшыққа қою керек.
8. Инфекциялық ауруларға шалдыққандар арнайы көрсетілген уақытта ем қабылдауы қажет.
9. Ем қабылдау кезінде сымдарды (желілерді) ауру денесіне қондыруға болмайды.
10. Ауру ем қабылдап болғаннан кейін 20-30 мин.демалуы керек.


Әдебиеттер:

  1. Мейірбике ісі: іскерлік тәртіп. Оқу құралы Г.К.Котельников ред басылған. н\Д Ростов: Феникс, 2007-698 б.

  2. Физикалық реабилитация: ВУЗ студенттеріне кітап жалпы редакция Проф. С.Н. Попова. Ростов на Дону Феникс, 2006-608 б.

  3. Козлова Л.В. Козлов С.А., Семененко Л.А. Медицина колледждеріне арналған реабилитация негізі: оқу құралы – Ростов н\Д. Феникс,2007-475 б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет