Тақырыбы: «Республиканың сот жүйесі: ұйымдастырылу деңгейі және қызметі»


Аудандық сот құрамы мен өкілеттігі



бет3/6
Дата24.04.2023
өлшемі26.93 Kb.
#472650
1   2   3   4   5   6
Тақырыбы «Республиканың сот жүйесі ұйымдастырылу деңгейі және -melimde.com

Аудандық сот құрамы мен өкілеттігі

 Аудандық сот Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен тағайындалатын төрағадан және судьялардан тұрады. Егер аудандық сотта штат бойынша бiр судья (бiрқұрамды сот) көзделсе, ол осы соттың төрағасы өкiлеттiгiн атқарады. Аудандық сот бiрiншi инстанциядағы сот болып табылады. Аудандық сот:

1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды;

2) сот статистикасын жүргiзедi;

3) заңда көзделген басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады. Аудандық сотта төраға, судьялар болмаған жағдайда, олардың міндеттерін атқару Жоғарғы Соттың Төрағасымен келісу бойынша облыстық сот төрағасының өкімімен басқа соттың судьяларына жүктеледі.

Аудандық сот төрағасының өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған немесе өкілеттік мерзімі аяқталған жағдайда төрағаның міндетін уақытша атқару облыстық сот төрағасының өкімімен осы сот судьяларының біріне жүктеледі.

Облыстық соттың құрамы мен өкілеттігі

1. Облыстық және оларға теңестiрiлген соттарды (бұдан әрi – облыстық соттар) Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi құрады, қайта ұйымдастырады, қайта атайды және таратады. Облыстық соттар судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот Төрағасының Жоғары Сот Кеңесімен келісілген ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi. Әрбір облыстық сот үшiн судьялардың санын уәкiлеттi органның ұсынуы негізінде Жоғары Сот Кеңесімен келісім бойынша Жоғарғы Соттың Төрағасы белгiлейдi. Облыстық сот төрағадан және судьялардан тұрады.

2. Облыстық сотта сот алқалары құрылады және мамандандырылған құрамдар құрылуы мүмкін.

 Облыстық сот:

1) өзiнiң қарауына жатқызылған сот iстерiн және материалдарын қарайды; 2) сот тәжiрибесiн зерделейдi және оны жинақтаудың қорытындылары бойынша облыс соттарының сот төрелiгiн iске асыруы кезiндегi заңдылықтың сақталу мәселелерiн қарайды;

3) уәкілетті органның облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы және астанадағы аумақтық бөлімшелерінің қызметін бақылауды жүзеге асырады;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет